Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар


Тахеометриялық түсірісте қолданылатын аспаптар



бет44/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Тахеометриялық түсірісте қолданылатын аспаптар

Қазіргі кезде шығарылып жүрген тахеометрлер төрт түрге бөлінеді:



1. Электрондық тахеометрлер (ӘТ). Оларға Та5 (Ресейлік), геодиметр 710 (Швеция), ЭОТ-2000 (Германия), т.б.жатады. Электрондың тахеометр араңашьщтықтарды,горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге арналған. Сонымен қатар, өлшеу нәтижелерін автоматты түрде тіркейтін электроптикалық аспан қолданылады.

2. Авторедукциялық тахеометр (ТД) қос бейнелі қашықтық өлшегішпен жабдықталған. Оған Германияның «Карл Цейс Иена» фирмасы жасап шығарған Redta-002тахеометрі жатады. Бұл тахеометр 2-разрядты полигонометриялық жүріспен ең жоғарғы дәлдікті тахеомет­риялық түсірісті жүргізуге арналған. Авторедукциялық, яғни өлшенген көлбеу кашықтықтың автоматы түрде горизонталь проекциясы (d) аныңталатын Redta-002 тахеометрі қашықтықты 1/5000-ге жуың салыстырмалы қателікпен өлшеуге мүмкіндік береді. Мұнда гори­зонталь рейка қолданылады. Тахеометр микроскобынан горизонталь, вертикаль мен көлбеу бұрыш тангенсінің мәндері алынады.

3. Ішкі базалы тахеометр (ТВ). Бүл тахеометр қос бейнелі базасы бар қашықтық өлшеуішпен жабдықталған. База каретканы жылжыту арқылы өлшенеді. Осы аспаппен дүрбіні арнайы рейкаға немесе жергілікті затқа кне­лей нысаналағанда, горизонталь ұзындық пен салыстырмалы биіктікті анықтауға болады. Оның өзіне 60 м-ге дейінгі қашықтықтарды рейкамен өлшеуге болады.

Бұдан басқа, қазіргі кезде «Карл Цейс Иена» (ГДР) кәсіпорны жасап шығаратын номограммалы тахеометр де кең қолданып келеді. Бұл аспап редукцияланған арақашықтықты, салыстырмалы биіктікті, горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге мүмкіндік береді.

4. Номограммалы тахеометр (ТН). Оның көмегімен горизонталь жене вертикаль бұрыштарды, арақашық-тықтың горизонталь ұзындығы мен салыстырмалы биіктігін өлшеуге болады. Вертикаль дөңгелектің көрінетін бөлігіне, дөңгелек сол жақ бөлігінде (КЛ) болған кезде, номограмма салынған. Ол негізгі дөңгелектен қашықтықтың кһ коэффициентіне һ = ±10, ±20, ±30) тең са­лыстырмалы биіктіктің қисық сызықтарынан тұрады.

Тахеометрлер болмағанда, тахеометриялық түсірісті теодолит пен рейканың көмегімен жүргізеді.Мұндай жағдайда әрбір пикеттік нүктеге дейінгі көлбеу арақашықтық. - Д қыл жіпті өлшеуіш коэффициентінен ка = 100, ұзындықтың қисық сызығы мен кашыктық өлшеуішпен, ал биіктік өсімшесін тригонометриялық нивелирлеумен аныктайды.

Бақылау сұрақтары

1.Тахеометрлік түсірістің мәні?

2.Тахеометрлік түсірісті қандай аспаппен жүргізеді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет