Физикалық нивелирлеу жергілікті жердегі нүкте биіктігі мен атмосфералық қысымға негізделген барометрлік және бір-бірімен жалғасқан екі ыдыстағы сұйық зат деңгейінің тең биіктігіне негізделген гидростатикалық нивелирлеу деген екі түрге бөлінеді.
Механикалық нивелирлеу велосипедке, автокөлікке орнатылған арнайы аспаптар көмегімен жүргізіледі. Мұндай аспап жылжығанда, автоматты түрде жүрген жол мен нүктелердің биіктіктері бейнеленген профиль сызылады.
Стереофотограмметриялық нивелирлеу биіктік өсімшесін бір жердің екі қос фотосуреті арқылы анықтауға негізделген.
Нивелир және оның құрылысы
Нивелир - жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелир өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге бөлінеді.
1) Н-05 дәлдігі өте жоғары нивелир, 1 км-лік қос жүрістегі өсімшемен анықтаудың орташа дәлдігі 0,5 мм-ге тең.
2) Н-3 дәл нивелир. Орташа квадраттық дәлдігі – 3 мм.
3) Н-10 техникалық нивелир. Өсімше анықтау дәлдігі 10 мм-ден аспайтын нивелир түрі.
Енді геодезиялық жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген нивелирлер Н-3 пен Н-10-ның құрылыстарына тоқталамыз.
Н-3 нивелирі 3, 4-кластық және техникалық нивелирлеу үшін қолданылады. Оның негізгі бөлшектеріне: цилиндрлік деңгей (6) қондырылған дүрбі (8), көтергіш бұрамалар (3) бар қондырғы (2), штатив бекіту үшін жасалған бұрама оймасы бар серіппелі пластинка (1) жатады (8.3, а-сурет).
Цилиндрлік деңгеймен бір қорапта орналасқан призмалы құрылғы деңгей үлбіреуігінің бейнесін көз алдына келтіреді.
Нивелирге қойылатын басты талап – нысаналау сәулесінің горизонталь орналасуы. Оны горизонталь жағдайға дәл келтіру элевациондық бұранда (3) арқылы жүргізіледі, яғни деңгей үлбіреуігінің ең шетін ұштастыру арқылы (8.3, ә-сурет).
А) ә) б)
8.3-сурет. Нивелирлердің түрлері
Цилиндрлік деңгейдің сыртқы жабың төрт түзетпе бұрандалары бар. Нивелирдің вертикаль осін алдын ала тік бағытқа келтіру үшін дөңгелек деңгей (12) орнатылран және оның үш түзетпе бұрамасы бар.
Ең алдымен дүрбінің көздегіші (7) мен бекітпе (10) арқылы бағыттап, одан кейін жетекші бұрама (11) көмегімен дәл көзделеді. Дүрбідегі жіптер торының анық көруін қамтамасыз ететін кремальера (3) бар.
Элевациондық бұрандамен деңгей үлбіреуігінің екі шеті ұштастырылғаннан кейін, жіптер торының ортаңғысы арқылы рейкадан есеп алынады (8.3, ө-сурет). Есеп қашанда төрт таңбалы сан болып келеді, көрсетілген мысалда есеп 1145 мм-ге тең.
Бақылау сұрақтары
1.Нивелирлеу дегеніміз не?
2.Нивелирлеу кезінде қолданылатын аспап?
3.Нивелирлеудің классификациясы?
4.Нивелирлеудің құрылысы?
Достарыңызбен бөлісу: |