Аналитикалық әдісте аудан учаскесі жергілікті жерде арақашықтықтарды және олардың арасындағы бұрыштарды тікелей өлшеп, одан кейін учаске нүктелерінің координаталарын есептеу арқылы анықталады. Бұл әдіс ең дұрыс нәтиже береді, себебі аудан анықтаудың дәлдігіне тек далалық өлшеу нәтижелері ғана әсер етеді. Ауданды анықтаудың дәлдігі 1/1000-1/2000 қателікпен сипатталады. Әдістің тағы бір ерекшелігі - оны планды сызғанға дейін анықталатындығы.
19.1-сурет.Аналитикалық әдіс.
Графиктік әдісте планда бейнеленген учаскені қарапайым геометриялық фигураларға бөліп, олардың аудандарын геометриялық формулалар арқылы есептеп шығарады. Анықталатын учаске ауданы сол фигураның аудандарының қосындысына тең болады. Бұл әдістің аналитикалыққа қарағанда дәлдігі төмендеу, себебі аудан анықтауға далада және планда өлшенген нәтижелер және планды сызудың қателігі, сонымен қатар қағаздың деформациялануы әсер етеді. Графиктік тәсілде палетка да қолданылады. Бұл әдістің салыстырмалы қателігі 1/500-1/1000-ден аспайды.Графикалық тәсілде планда кескінделген учаскені қарапайым фигураларға бөліп (үшбұрыш, трапеция), олардың аудандарын геометрияның заңдары арқылы есептеп шығарады.
Палетка тәсілі. Аудандарды палетка арқылы анықтауға да болады.
Палетка дегеніміз - бетіне квадраттар немесе параллель сызықтар сызылған мөлдір қағаз (калька). Палетка торының көлемін карта масштабына сай етіп алып, анықталатын учаскенің үстіне салады да, контур ішіндегі палетка торларының санын есептейді
Бұл тәсілдің кемшілігі - шеткі квадраттар көлемінің көзбен анықталуында.
19.2-сурет. Палетка тәсілі.
Механикалық әдісте пландағы аудан арнайы планиметр деп аталатын аспаппен аныкталады, Аудан анық-таудың дөлдігі шамамен 1/200-1/400-ге тең.Инженерлік практикада үлкен аудандарды анықтағанда, өсіресе пайдалы қазба қорларын есептегенде, ең жиі қолданылатын механикалық тәсіл - планиметр аспабын пайдалану. Полярлық планиметр мен жазық фигураның ауданын полюсті осы фигура контурының сыртында немесе ішінде орнатып анықтауға болады.
Бақылау сұрақтары
1.Қандай әістермен ауданды анықтайды?
2.Палетка дегеніміз не?
3.Механикалық әдісте қандай аспапты қолданады?
Достарыңызбен бөлісу: |