Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар


Дәріс №20 Трассаның профилін сызу



бет51/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Дәріс №20

Трассаның профилін сызу

Жоспар.

  1. Трассаның профилін сызу

  2. Профильды салу жүйелері.

Жол салуда, әр түрлі кұрылыс ісінде, жердің рельефі мен геологиялық құрылысын көрсетуде профиль сызу үшін екі түрлі масштаб қолданылады: горизонталь және вертикаль масштабтар. Вертикаль масштаб горизонталь масштабтан ондаған есе үлкейтіліп сызылады. Мысалы, горизонталь масштаб 1:100 болса, оның вертикаль мас­штабы 1:10 болып келеді.

Профиль салу мына жүйемен жүргізіледі:


  1. Шартты горизонтты анықтау. Шартты горизонт ШГ сызығы деп биіктігі ең төменгі нүкте 5-6 см-ге жоғары орналасуын ескеріп, 10 м-лік санға дейін ықшамдалған горизонт сызығын айтады. Мысалы, биіктігі ең төменгі нүкте ПК1 + 68, яғни Н = 846,933. Демек, осы нүктеге лайықты горизонт сызығы ІПГ = 340,00 м (8.7-сурет).

  2. Профильдің торын сызу. Шартты горизонттың төменгі жанына 8.7-суретте көрсетілген өлшемдер арқылы профильдің торы құрылады. Бүл торга профильдегі нүктелердің дәл және жоба (Н') биіктіктері, т.б. мәліметтері жазылады.

  3. Профильді сызу. Шартты горизонт сызығына го­ризонталь масштабта пикеттер мен плюстік нүктелер салынып, олардан перпендикуляр тұрғызылады. Сол перпендикулярларға вертикаль масштабта нүкте биіктіктері кесінді ретінде салынып, кесінді ұштары сызықтармен қосылады да, трассаның профилі салынады.

4.Жоба сызығын жүргізу. Жоба сызығы, жүргізілетін қазу жұмыстарының көлемінің аз болуын, аз шығыңды және де жоба көлбеулігін ескере отыра жүргізіледі. 8.7-суретінде жоба сызығы пунктирмен керсетілген. Жоба көлбеулігі былайша анықталады.



20.1-сурет. Трассаның профилі
Мұнда, Н'сол және Н'бас - жоба сызығының соңғы және бастапқы нүктелерінің профильден алынатын биіктіктері.

Трассаның басқа нүктелерінің жоба биіктіктері мына формула арқылы есептеледі:

Нh= Нb + idn

Мүнда, dn - бастапқы нүктеден трассаның п —нүктесіне дейінгі қашықтық; і - жоба сызығының көлбеулігі.



5) Жұмыстық биіктіктерді есептеу. Нүктенің жобалық және нақты биіктіктерінің айырмашылығын жұмыстық биіктік деп атайды. Оң таңбалы жұмыс биіктіктері жоба сызығының үстіне (үйінді), ал кері таңбалысы астына (ойып алғандың) жазылады.

6) Жұмысқа қатыспайтын (көлдік) нүктелерді анықтау. Жоба сызығы (қызыл ызық) мен профиль сызығының (қара сызық) қиылысқан нүктелерін нөлдік не жұмысқа қатыспайтын нүктелер деп атайды.

Яғни, ол жерлерде жер қыртысын сызу не баска жақтан топырақ өкілігі төгу жұмыстары жүргізілмейді, жер сол бастапқы қалпында қалады. Ол нүктелердің трасса бойында орналасқан жерлерін 0,1 м дәлдікпен өлшеп табады, өйткені жер қазу жұмыстары солардан басталады. Бүл нүктелер профильде көк тушьпен белгіленеді.



Бақылау сұрақтары

1.Трассалау дегеніміз не?

2.Трассалаудың негізгі элементтерін ата?

3.Трассалаудың түрлері?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет