сш
|
ош
|
ОБ
|
СБ
|
Δх
|
+
|
-
|
-
|
+
|
ΔУ
|
+
|
+
|
-
|
-
|
Егерде А нүктесінің Хл , УА координаталары және А мен В нүктелері арасындағы ΔХ пен ΔУ координата өсімшелері белгілі болса, онда В нүктесінің координаталары мынаған тең болады:
Хв. = ХА+ ΔХ; Ув = УА+ ΔУ ,. (1.2)
Координаталардың бұл жазықтықтағы тік бұрышты жүйесі горизонталь түсірістер жүргізіп және олардың нәтижелері бойынша жердің пландарын жасаған кездерде қолданылады.
Жазықтықтағы зоналық тік бұрышты координаталар жүйесі.
Жер бетінің едәуір территориясын планға, картаға түсіру үшін жер бетіндегі нүктелерді эллипсоид бетіпен жазык,тыққа кескіндеу қажет болады. Міне, осындай кескіндеу кезінде мына төменгі шарттар сақталуы керек:
1) жер бетіндегі арақашықтык, өзгерістерінің ауытқу мөлшерінің шамалы болуы;
2) жер бетіндегі бұрыштың проекцияға ешқандай өзгеріссіз түсірілуі;
3) географиялық координаталардан тік бұрышты координаталар жүйесіне көшу мүмкіндігі.
Осы жоғарыда айтылған шарттарға неміс ғалымы Гаусс ұсынған «көлденең цилиндрлік» деп аталатын Проекция тәсілі сәйкес келеді. Бұл проекцияда Жер эллипсоидының беті зоналарға бөлінген. Ол зоналар (1.4, сурет) шығысы мен батысында меридиандармен шектелiп, оңтүстік полюстен солтүстік полюске қарай созылым жатады
I. 4-сурет. Зоналық координаталар жүйесі
Зоналардың бойлықтағы ені б°-тық болып келеді, нөмірлері Гринвич меридианынан шығысқа қарай белгіленеді,
Қазакстанның кең-байтақ территориясы б°-тық зоналар бойынша есептегенде, 8-ден 15-ші зонаға дейінгі аралықты алып жатыр. Гаусс проекциясында зоналардың орталық (осьтік) меридианы жазықтыққа ешқаңдай өзгеріссіз проекцияланады, ал осьтік меридианы алыстаған сайын, кашықтықтар аздаған өзгеріске ұшырайды.
Кейде үлкен дәлдікті қажет ететің жұмыстарда жер шарының бетін жазықтыққа 3°-тық зоналар арқылы проекциялайды. Зоналардың осьтік меридианы (х осі) мен (у) жазықтықта өзара перпендикуляр түзу сызықтармен кескінделеді, олардың қиысу нүктесі координаталар басы болады (1.4, ә-сурет). Қазақстан Солтүстік жарты шарда жатқандықтан, барлық нүктелердің абсциссалары (X) оң болып, ал ординаталары У әр зонаның осьтік меридианының шығыс жағынан - оң, ал батысында теріс болып келеді. Кейде теріс ординаталармен жұмыс істеудің қолайсыздығынан У осінің басын батысқа қарай 500 км-ге шегеру келісілген, демек зоналардың ординаталары қайталанып отырады. Сондықтан нүктенің қай зонада орналасқанын білу үшін У мағынасының алдына сол зонаның нөмірі жазылады, Мысалы, 1,4, ә-суретте А және В нүктелері І2-зонада орналасқан делік, ал олардың шың координаталары Уд=12625км, Ув=12385км-ге тең. Бұл мысалдан мынаны көруге болады: егер нүктенің ординатасы 500 км-ден артық болса, онда ол нүкте В зонаның батыс жағында болғаны.
Әр зона осьтік меридиан мен экваторға параллель етіп жүргізілген кереге көз сызықтарға бөлініп, олар тік бұрышты координаталар торы не километрлік тор деп аталынады.
Сөйтіп, әрбір зонаның ортадағы меридианы осьтік меридиан деп аталады. Шығыс жарты шарындағы кез келген зонаның осьтік мериданының бойлығы мына формула бойынша анықталады
A = 6°N-3
мұндағы, N - 6° -тык, зонаның нөмірі.
Координаталық осътер мен тік бұрышты координаталар басының әрбір зонада толық анықталған географиялык, орны болатындықтан тік бұрышты және географиялық жүйелері өзара байланыста болады. Ендеше, нүктенің тік бүрышты координаталарынан геодезиялық координаталарға көшуге немесе керісінше жасауға толық мүмкіндік бар.
Достарыңызбен бөлісу: |