Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар



бет11/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Бақылау сұрақтары

  1. Геодезиядағы координаталар жүйесі?

  2. Ендік және бойлық дегеніміз не?

  3. Жазықтықтағы тік бұрышты және зоналық координаталар жүйесінің айырмашылығы?

  4. Тік бұрышты координаталар торы?


Дәріс №4

Сызықтарды негізгі және магниттік меридиандар бойынша бағдарлау

Жоспар.

  1. Сызықтарды бағдарлау.

  2. Сызықтарды негізгі және магниттік меридиандар бойынша бағдарлау

  3. Сызықтарды осьтік меридиан бойынша бағдарлау

Жер бетінде орналасқан заттарды, сызықтарды бағдарлау (1-сурет) дегеніміз - олардың меридианнан бастап есептелген бағытын анықтау. Бағдарлау кезінде негізгі тұрақты бағыт ретінде географиялық, магниттік меридиан, сондай-ақ осьтік меридиан (X осі) немесе оған параллель сызықтар да алынады. Жергілікті жердегі заттарды компас не буссоль аркылы бағдарлауға болады. Компастың (буссольдың) шеңбері 360°-ка бөлінеді. Ме­ридианның солтүстік басынан бір затқа қарай сағат тілінің бағытымен есептелген жергілікті немесе карта-




.1-сурет. Сызықтарды бағдарлау
дағы горизонталь бұрышты азимут деп атайды, ал ази­мут арабшадан («ас-сумут») аударғанда «бағыт» мағынасын береді. Мысалы, егер бір зат (тригонометриялық белгі) біздің солтүстік шығыс (СШ) жағымызда тұрса, онда азимут 60°-ка, оңтүстік шығысымызда (ОШ) болса, 150°-қа тең деп айтуға болады.

Берілген бір нүктеде меридианды астрономия тәсілімен тапсак., оңда меридиан негізгі (географиялық), ал магнит тілі арқылы тапсақ, магниттік меридиан болып аталады.

Осыған сәйкес, өлшенетін азимут та негізгі Ан және магниттік Ам азимут болып бөлінеді. Әр нүктеңің маг­нитттік меридианы оның географиялық негізгі меридианына сәйкес келмейді (2-сурет), олардың арасындағы бұрыш магнит тілінің бұрылу бұрышы (δ) деп аталады. Егер тілдің солтүстік ұшы негізгі меридианнан шығысқа қарай бұрылса, бұрылу бұрышы батыстық болады, шығыстық бұрылу оң (+), ал батыстық бұрылу теріс (-) болып келеді. Егер магнит тілінің бұрылу бұрышы δ-ның мәні белгілі болса, магниттік азимуттан негізгі азимутқа мына төмендегі формуланы пайдаланып, көшуге болады:

АН М + δ Ш; AH=AM - δб (1)

мүндағы, δ т, δб - магнит тілінің шығыс және батыс бұрылулары.

Егер жоғарыда айтылғандай, шығыс бұрылуды оң (+), ал батыс бұрылуды теріс (-) деп қабылдасаң, онда екі жағдайда да мына формуланы аламыз:
A = Aм+ δ (2)

Магнит тілінің бұрылуы жер бетінің әр жерінде әр түрлі болып келеді. ТМД елдерінде δ -ның шамасы 0°-тан 20°-ңа жуық шамаға екі жаққа ауыткиды. Демек, сы­зықтарды магниттік меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетінің шағын учаскелерінің пландарын жасағанда ғана қолданылады.



2-сурет. Магнит тілінің бұрылу бұрышы

Кез келген жердің өзіне тән магниттік бұрылуын жақын жердегі метеорологиялы стансадан немесе сол жердің топографиялық картасынан алуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет