Жергілікті жерде теодолиттік жүрістерді жүргізу
Теодолиттік жүрістер деп тұйықталған не тұйыкталмаған сынық сызықтар жүйесінен тұратын полигондарды айтады. Теодолиттік жүрістердің бірнеше түрлері бар:
Тұйықталмаған жүрістің басы мен аяғы геодезиялық пункттерге жанасады (7.1, а-сурет).
Тұйық жүріс (полигон) геодезиялық негізгі пунктке байланыстырылған тұйыкталған көпбұрыш (7.1, ә-сурет).
Бір жағы байланыстырылған аспалы жцрісте (7.1, б-сурет) сынық сызықтардың бір жағы тірек пунктіне жанасып, екінші жағы бос болып келеді. Теодолиттік жүріс түрлері түсірілетін жер бетінің өзгешелігіне байланысты. Қажет болған жағдайда полигонның ішіне диагональдық жүрістер де жүргізіледі. (7.1, а-сурет).
а)
7.1-сурет. Теодолиттік жүрістер:
а –тұйықталмаган жүріс; f-тұйықталган
жүріс; б— аспалы жүріс
Теодолиттік жүрістерде горизонталь бұрыштар Т15, ТЗО, 2Т80, т.б. теодолиттер тәсілімен, толық есеп алу тәсілімен (КП және КЛ) өлшенеді.
Теодолиттік жүрістегі арақашықтықтар 20 м-лік өлшеуіш таспа немесе рулеткамен тура және кері бағытта өлшенеді; өлшеудің екі нетижесін және олардың орта мәнін арнайы дайындалған журналға жазады. Әрбір қабырғаның екі рет өлшенген ұзындығының арасындағы айырмашылығы 1-разрядты жүрістерде 1:2000-нан, ал 2-разрядты жүрістерде 1:1000-нан аспауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |