География және туризм кафедрасы геология 5В060900 «География» мамандығы студенттеріне арналған зертханалық практикум Павлодар Кереку 2012


) химикаттардың тысталған оруына, жақсы және бір мағынада оқилатын этикеткаларына назар аудару, шыны бұйымдары мен ыдыспен істегенде абай болу тиісті



бет3/7
Дата09.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#124636
1   2   3   4   5   6   7

4) химикаттардың тысталған оруына, жақсы және бір мағынада оқилатын этикеткаларына назар аудару, шыны бұйымдары мен ыдыспен істегенде абай болу тиісті.


Магмалық тау жыныстары атқылаған тау жыныстары деп те аталады. Олар магманың суып, қатаюы нәтижесінде қалыптасады. «Атқылаған» тау жыныстары деп аталуы тау жыныстарының Жердің ішкі қабықтарынан жер бетіне қарай көтерілетін магманың атқылауынан түзілуімен байланысты. Осы жағдайда магма жер қыртысына еніп қатаю мүмкін, кейбір жағдайларда жер қыртысына жетпей, жер қойнауында кристалдану мүмкін. Осы жағдайда интрузиялық (тереңдік) магмалық тау жыныстары пайда болады. Егер магма жер бетіне төгіліп лава түрінде ағып қатайса, эффузиялық (төгілген) тау жыныстары түзіледі.

Құрылымы - өлшемдерімен, пішінімен және құрам бөліктерінің (минералдардың) өзара қатынасымен анықталатын тау жынысы құрылымының ерекшеліктері.

Тау жынысының бітімі деп тау жынысының нақышын айтады. Бітімі тау жынысының біртектілік дәрежесін, кеңістіктің құрам бөліктермен толтырылу жолын сипаттайды және ірі көлемді тау жынысының сыртқы бейнесінің ерекшеліктерін: кеуектілігін, тақтатастылығын т.б. көрсетеді.

Интрузиялық тау жыныстары толық кристалдық құрылымымен (тау жынысын құрайтын минералдардың барлығы кристалдық болып келеді) және массивті бітімімен сипатталады, өйткені тау жынысының кристалдануы балқымадан бөлінген кристалдардың тығыз орналасуына әкелген жоғарғы қысым жағдайларында қалыптасқан.

Эффузиялық тау жыныстарының құрылымы толық кристалды емес немесе шыныша, және бітімі кеуекті, ұяшықты немесе массивті-кеуекті келген.

Магмалық тау жыныстары түсіне қарай лейкократты – ашық түсті минералдары (кварц, дала шпаты, нефелин, мусковит және т.б.) басым болатын ашық түсті, меланократты – күңгірт түсті минералдары (оливин, пироксендер, амфиболдар, биотит және т.б.) басым болатын топтарға бөлінеді. Магмалық тау жыныстарының келесі құрылым түрлерін ажыратады:

А Кристалдану дәрежесіне қарай:

1 Толық кристалды – тереңдік тау жыныстарына, мысалы, гранитке тән.

2 Толық кристалды емес – төгілген тау жыныстарына, мысалы, обсидианға тән.

Ә Түйіршіктерінің салыстармалы өлшемдері мен өзара қатынасына қарай:

1 Біртекті түйірлі – құрам бөліктері түйірлерінің өлшемдері дерлік бірдей.

2 Түйірлі біртекті емес тау жынысын құрайтын минералдардағы түйірлердің өлшемдері әр түрлі.

3 Гипабиссальді тау жыныстары үшін порфир тәрізді сипаты – біртекті түйірлі кристалдармен бірге ірі кірікпелер кездеседі.

4 Магма балқымасының жер бетінде немесе жер бетіне жақын тереңдікте қатайғанда байқалатын порфирлі сипаты.

5 Пегматитті сипаты пегматиттерге – магмалық ошақтардың жоғарғы бөліктерінде магма балқымасының қалдығынан қалыптасатын тау жыныстарына тән. Олар сына жазуға ұқсас өзгеше бітімі байқалатын слюдалардың қоспалары мен кварцтан, дала шпатынан тұрады.

Б Түйіршіктердің абсолютті өлшемдері бойынша:

1 Ірі түйірлі құрылымы – дәндердің өлшемі 5 мм-ден аса.

2 Орташа түйірлі – 1 - 5 мм аралығында.

3 Ұсақ түйірлі 1 мм-ден кем.

Магмалық тау жыныстары құрамындағы кремний қостығының (кейде кремний қышқылдары деп айтады) мөлшеріне қарай қышқыл (кремний қостығының мөлшері 65 %-дан аса), орташа құрамды (5565%), негізді (4555 %) және ультранегізді (45 %-дан кем) болып бөлінеді.

Сонымен бірге сілтілі тау жыныстары да бөлінеді. Төменде магмалық тау жыныстарының жіктемесі келтіріледі (4.1кесте).
Жұмыстың барысы
1 Магмалық тау жыныстары жинағымен жұмыс жасау: гранит, пегматит, липарит, сиенит, трахит, диорит, андезит, габбро, базальт, перидотит.

2 Берілген тау жыныстарын екі топқа бөлу: құрылымы толық кристалдық болып келетін интрузиялық (гранит, пегматит, сиенит, диорит, габбро, перидотит), және құрылымы толық кристалды емес эффузиялық (липарит, трахит, андезит, базальт) тау жыныстарына топтастыру

3 Тау жыныстарды түсіне қарай топтастыру: қышқыл тау жыныстарының реңдері ашық түсті болады гранит, пегматит, липарит; орташа құрамды (сұр түсті) сиенит, трахит, диорит, андезит; негізді (күңгірт-сұр немесе күңгірт-жасыл) габбро, базальт және ультранегізді (әдетте күңгірт түсті немесе қара) перидотит.
4.1-кесте – Магмалық тау жыныстарының жіктемесі (Д. С. Белянкин және В. П. Петров бойынша)


Тау жынысының құрамы

Интрузиялық тау жынысы

Эффузиялық тау жынысы

Өзгертілген (палеотипті )

Өзгертілмеген

(кайнотипті)



Қышқыл тау жыныстары, SiO2>65 %

Тек кварц пен дала шпаттары

Аляскит

-

-

Кварц, калийлі дала шпаттары, қышқыл плагиоклаз, слюда (сирек жағдайда ғана күңгірт түсті минералдар)

Гранит

Кварцты порфир

Липарит

Орташа құрамды тау жыныстар, SiO2 55–65 %

Сілтілі дала шпаты, қышқыл плагиоклаз, күңгірт түсті минералдардың бірқатары

Сиенит

Ортоклазды порфир

Трахит

Орташа құрамды плагиоклаз және күңгірт түсті минерал

Диорит

Порфирит

Андезит

Негізді тау жыныстары, SiO2 45–55 %

Негізді плагиоклаз және күңгірт түсті минерал (кейде оливин)

Габбро

Диабаз, авгитті порфирит

Базальт

Ультранегізді тау жыныстары, SiO2<45 %

Пироксен, оливин, кенді минералдар

Перидотит

-

-

Оливин және кенді минералдар

Дунит

-

-

Сілтілі тау жыныстары, SiO2 = 55 %

Дала шпаттары, нефелин, күңгірт түсті минералдар

Нефели­нді сиенит

-

Фонолит Лейцитофир

4 Кестеде көрсетілген топшаларға тау жыныстарын жіктеу (4.1–кесте)

5 Тау жыныстарына төмендегі сұлба бойынша сипаттама беру:

а) тау жынысының атауы мен сыныбы;

ә) құрылымы мен бітімі;

б) түсі;


в) минералдық құрамы;

г) түрлері (мысалы, граниттің түрлері: жазбалы гранит, немесе пегматит, сілтілі гранит және т.б.);

ғ) шығу тегі;

д) орналасу пішіндері (мысалы, батолит, лакколит, шток т.б.);

е) таралуы;

ж) маңыздылығы (халық шаруашылығында қолданылуы).


Құралдар мен материалдар
1 Магмалық тау жыныстарының жинағы: гранит, пегматит, сиенит, трахит, диорит, андезит, габбро, базальт, перидотит.

2 Лупалардың жинағы (2 де 7) екі студентке.

3 Магмалық тау жыныстары жіктемесінің кестесі.
Бақылау сұрақтары
1. Қышқыл, ультрақышқыл, негізді, ультранегізді магмалық тау жыныстарының құрамындағы кремний қостотығының мөлшері қанша?

2. Палеотипті және кайнотипті тау жыныстарының айырмашылықтары неде?

3. Базальттің құрамында кварц кездеседі ма?

4. Порфир порфириттен немен ерекшеленеді?

5. Гранит гранодиориттен немен ерекшеленеді?

6. Тау жыныстарының лейкократты және меланократты құрам бөліктері деген ұғым нені білдіреді?

7. Магмалық тау жыныстары топтарының түсті минералдарын атаңыз.

5 Зертханалық жұмыс. Метаморфтық тау жыныстары
Мақсаты

Студенттерді метаморфтық тау жыныстарын анықтап, сипаттама беруге үйрету



ҚТ ережелері – зертханада жұмыс істегенде төмендегілерге тыйым салынады:

1) химикаттар мен ерітінділердің кілегей қабықшаларына, теріге, киімге түсуге;

2) ас қабылдауға (су ішуге);

3) ауа мен иісі қатты немесе ұсақ кристалдық күйде (шаң түрінде) болатын химикаттарды ішке тартуға;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет