Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 8 сынып) Аудандық олимпиада 2014 – 2015 оқу жылы



Дата21.06.2016
өлшемі61 Kb.
#151636
Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 8 сынып)

Аудандық олимпиада

2014 – 2015 оқу жылы


  1. Келесі ұғымдарға түсініктеме беріңіз: табиғи меже (урочище), кальдера, куэст, псаммофиттер. (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан. Барлығы 10 ұпай)




  1. Жер бетіндегі өсімдіктер қауымдастықтарының географиялық таралуын, олардың зоналық түрлері мен әр құрлыққа тән ерекшеліктерін сипаттаңыз. Оларға мысалдар келтіріңіз. (10 ұпай)




  1. Тест тапсырмалары (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан. Барлығы 30 ұпай.)


Тест тапсырмалары

  1. Еуропада ауданының көп бөлігін мұз басқан тау жүйесі

А) Альпі

В) Пиреней

С) Орал

D) Скандинавия



Е) Кавказ


  1. Оңтүстік Америкада Экваторлық Андыдағы 4000 м биіктікте орналасқан биік таулы шалғындар қалай аталады?

А) Жайлау

В) Пуна


С) Тераи

D) Пампа


Е) Парамос


  1. Баобабтар Оңтүстік Американың қандай ландшафттарына тән.

А) Гилеи

В) Ылғалды саванналар

С) Шөлденген саванналар

D) Пампа


Е) Ешқайсысына


  1. Сауыр үстіртінің биіктігі қанша метр?

А) 3134

В) 4506


С) 6995

D) 5556


Е) 3816


  1. Қандай материктің шеткі нүктелері барлық төрт жарты шарда да орналасқан?

А) Африка

В) Оңтүстік Америка

С) Солтүстік Америка

D) Еуразия

Е) Аустралия


  1. Қазақстанның ауданы Франциядан неше есе үлкен?

А) 2

В) 3


С) 4

D) 5


Е) 6


  1. Оңтүстік полюсті алғаш бағындырушы?

А) Д.Росс

В) Р.Пири

С) Р.Амундсен

D) Р.Скотт

Е) Д.Кук


  1. Аустралиядағы заманауи вулканизм ауданы

А) Көгілдір таулар

В) Маунт – Лофти жотасы

С) Олар жоқ

D) Үлкен су айрық жотасы

Е) Тасмания аралы


  1. Шыңдардың биіктіктеріндегі қатені табыңыз?

А) Белуха - 4506

В) Талғар - 4973

С) Ұлытау - 2133

D) Хан – Тәңірі - 6995

Е) Мұзтау – 3816


  1. Қарағай ормандары қандай өзен бойында тізіліп орналасқан?

А) Орал

В) Іле


С) Шу

D) Ертіс


Е) Күрті


  1. Ылғалдану коэффициенті 0,20 – 0,35 – ге тең ландшафттық зонаны атап көрсетіңіз.

А) Орманды дала

В) Дала


С) Қуаң дала

D) Шөлейт

Е) Шөл


  1. Қазақстанның қай аумағында мангр ормандары өседі?

А) Каспий маңында

В) Арал маңында

С) Балқаш маңында

D) Қорғалжын көлі

Е) Ешқайда


  1. Қазақстан мен Қытай шекарасы қандай өзен арқылы өтеді?

А) Қорғас

В) Текес


С) Күнгес

D) Емел


Е) Үржар


  1. Жылдың қай мезгілінде Қазақстан аумағында азиялық антициклон жүреді?

А) Қыс

В) Көктем

С) Жаз

D) Күз


Е) Ешқандай


  1. Орманды дала зонасындағы орман телімдерінде қандай ағаш түрлері кездеседі?

А) Қайың, көктерек

В) Балқарағай, қарағай

С) Шырша, майқарағай

D) Терек, шегіршін

Е) Үйеңкі, шаған


  1. Шу өзені Ыстықкөл көлінен ағып шықпайтындығын анықтаған кім?

А) А. Шренк

В) B. С. Карелин

С) Ш. Уәлиханов

D) П. Семенов

Е) С. Берг


  1. Жаз мезгілінде таулардағы биіктік температуралық ауытқу өлшемі, С/км

A) 1-2

B) 3-4


C) 4-5

D) 6-7


E) 8-9


  1. Келесі келтірілген климат сипаты бойынша қаланың қай жерде орналасқанын анықтаңыз: қаңтар айының орташа t° + 24С, шілде айының орташа t° + 22С, орташа жылдық жауын – шашын мөлшері – 1500 – 2000мм, қарашадан наурызға қарай жауын – шашынның көп мөлшері түседі.

A) Бразилия таулы үстіртінде

B) Ла-Плата ойпатында

C) Амазонка ойпатында

D) Отты Жер аралында

E) Орталық жазықтарда


  1. Дала зонасының ең ірі құсы (16 кг)

A) Тырна

B) Шіл


C) Дуадақ

D) Безгелдек

E) Құр


  1. Әлемдегі ең суық астана – Ұлан-Батор, ал Астана қаласы осы көрсеткіштер бойынша нешінші орында?

A) 2

B) 4


C) 6

D) 8


E) 10


  1. Климат түрі мен табиғат зонасының атауы арасындағы сәйкессіздікті табыңыз

A) Экваторлық – ылғалды экваторлық ормандар

B) Субтропикалық муссонды – қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар

C) Субэкваторлы – саванналар және сирек ормандар

D) Континенттік қоңыржай белдеу - тайга

E) Тропикалық - шөлді


  1. Жерорта теңізіне құятын өзен

A. Евфрат

B. Эбро


C. Герируд

D. Чорох


E. Атрек


  1. Климат құраушы негізгі факторлар:
  1. Географиялық енділік, атмосфералық айналым, жер бедерінің сипаты

  2. Ауа массалары, жауын – шашын тәртібі, географиялық орны

  3. Күн радиациясы, температуралық тәртібі, жел розасы

  4. Мұхиттардың әсері, жер сілкінісі мен жанартаулар, мұз жамылғысы

  5. Атмосфералық айналым, бедер, көпжылдық тоң




  1. Қызыл және сары топырақтар қандай ормандарда қалыптасады?

A. Қоңыржай белдеудегі қылқан жапырақты ормандар

B. Субтропиктік ылғалды жалпақ жапырақты ормандар

C. Субтропикті қатты жапырақты ормандар

D. Қоңыржай белдеудегі муссонда ормандар

E. Субэкваторлы мәңгі жасыл ормандар


  1. Муссонды климат Еуропаның қандай аудандарына тән:

A. Ютландия

B. Бретань

C. Корсика және Сардиния

D. Падан жазығы

E. Ешқандай


  1. Жоғарғы, Мичиган, Гурон, Эри, Онтарио- Ұлы көлдер тізімінде төмендегі тізім бойынша қандай көл «ұмытылған»:

A. Сент-Клэр

B. Лесное

C. Виннипег

D. Оленье

E. Атабаска


  1. Атакама шөлінің жоғарғы құрғақтылығы қалай түсіндіріледі?

A. Аз бұлттылық

B. Жер бедері

C. Суық ағыстар

D. Ауа ағынының төмендеуі

E. Ауа температурасының жоғарғылығы


  1. Оңтүстік Америка жағалауына 7 – 14 жылда бір рет келетін ағыс?

A. Перуан

B. Эль-Ниньо

C. Росби

D. Бразиль

E. Фолкленд


  1. Қандай көл жыл ішінде өзінің пішінін өзгертеді?

A. Виктория

B. Ньяса


C. Чад

D. Танганьика

E. Тана


  1. Егер теңіз деңгейіндегі температура +24С болса, 3 км биіктікте температура қанша болады?

А. +2

В. +4


С. + 10

D. +8


Е. +6°С

БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет