Географиялыќ есептер



бет5/8
Дата12.11.2022
өлшемі245 Kb.
#464674
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
ЕСЕПТЕР

1 м3 ауада түрлі температурада болатын
су буының мөлшері



Температура (С)

Су буы (грамм)

– 300

0,5

– 200

1

– 100

2

00

5

+100

9

+200

17

+300

30

22 е с е п
10 0 С температурада 1м3 – тағы су буының мөлшері 5г тең. Салыстырмалы ылғалдылықты анықтаңдар.

Б ерілгені: Шешуі:


T = +10 0 C 9г/м3 - 100 %
Ылғ = 5г/м3 5г/м3 - х
Ылғабс = 9г/м3
х = 5г/м3 * 100 % = 56 % Т/к Ылғ с - ? 9г/м3
Жел дегеніміз – жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы.
Желдің жылдамдығы мен бағытын ауа райын бақылайтын станцияларды желбағар ( флюгер ) деп аталатын құралмен анықтайды. Желдің жылдамдығы мен бағытын бақылау нәтижелерінің орташа айлық және орташа жылдық мөлшерін қорыту нәтижесінде карта және жел өрнегі сызылады. Жел өрнегі картаға түсіріледі немесе жеке сызылады. Ол желдің көкжиек тұстары бойынша қайталануын және басым бағытын көрнекі түрде көрсетеді.
Жел өрнегін алу үшін белгілі бір жердегі желдің белгілі бір уақыт ішінде (ай, маусым, жыл) түрлі бағыт бойынша қайталану кестесі алынады. Кестеде желдің әр бағыттан соққан күн саны немесе қайталану пайызы көрсетіледі.
23 е с е п
Төменде берілген кестені пайдалана отырып, ақпан айының жел өрнегін сызу керек. Масштаб, 1күн – 0,5 см.
Ол үшін қағазға көкжиектің негізгі және аралық тұстары сызылады. Осы сызықтың әрқайсысының бойына таңдап алынған масштаб бойынша күн саны белгіленеді. Алынған нүктелердің басы қосылады.



Желдің бағыттары

С

СШ

Ш

ОШ

О

ОБ

Б

СБ

4

9

6

3

2

1

2

4






1-сурет.

24 е с е п


Берілген кестені пайдалана отырып, жел өрнегін салған кезде бұл айда жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттарда көбірек соққанын байқауымызға болады.



Желдің бағыттары

С

СШ

Ш

ОШ

О

ОБ

Б

СБ

2

3

6

9

4

4

2

1


2 - сурет
Белгілі бір аумақта өмір сүріп жатқан адамдар сол жердің халқын құрайды. Географтар үшін ол табиғат пен шаруашылық сияқты негізгі зерттеу нысандарының бірі болып табылады.
Елді, аймақты, елді-мекендерді зерттеу үшін халықтың санын, оның жыл сайынғы өзгерісі мен жынысқа, жасқа байланысты таралуын, қала мен ауылда қанша халық тұратынын, олардың ішінде еңбекке жарамды адамдар санын, олардың шаруашылықтың қай саласымен айналысатынын, ұлттық және діни құрамын білудің маңызы зор. Ал бұларды анықтау үшін көп жағдайда географиялық есептерді пайдаланымыз.
25 е с е п
2007 жылғы көрсеткіш бойынша 1000 адамға шаққанда Қарағанды облысында 12,8 адам туып, 12,4 адам қаза тапқан. Табиғи өсімді анықтауымыз керек.

Б ерілгені Шешуі:


К туу = 12,8 К т.ө. = К туу - К өлім
К өлім = 12,4
К т.ө. = 12,8 – 12,4 = 0,4 адам
Т/к К т.ө. - ?

26 е с е п


Қарағанды облысындағы қала және ауыл халқының үлес салмағын анықтау керек.

Берілгені: Шешуі:


Х = 14820,9 мың адам Х ауыл = Х - Х қала
Х қала =8320 мың адам Х ауыл = 14820,9 – 8320 =
6500,9 мың адам
Т/к Х ауыл = ?
14820,9 = 100 %
8320 = х
Х = 8320 * 100 % = 56,0 %
14820,9
14820,9 = 100 %
6500,9 = х
Х = 6500,9 * 100 % = 44,0 %
14820,9
27 е с е п
Бізге Қарағанды облысының жер көлемі (428,0 мың км2 ) мен халық саны (1332,0 мың адам) белгілі . Халықтың тығыздығын анықтау керек.
Б ерілгені: Шешуі:
S = 428,0 мың км2 Р = X
Х = 1332,0 мың адам S
Р = 1332,0 мың адам
Т/к Р - ? 428,0 мың км2
3,1адам / км2
28 е с е п
Бізге Батыс Қазақстан облысының жер көлемі (151 мың км 2 ) мен халықының тығыздығы
(4 адам/км 2 ) белгілі. Халық санын анықтау керек.

Б ерілгені: Шешуі:


S = 151 мың км2 Х = S * Р
Р = 4.01 адам/км 2 Х=151 мың км2 * 4.01адам/км 2
= 606 мың адам
Т/к Х - ?
29 е с е п
Бізге Оңтүстік Қазақстан облысының халық саны (2150,2 мың адам) мен халық тығыздығы (18,4адам км2) белгілі. Облыстың жер көлемін анықтауымыз керек.

Б ерілгені: Шешуі:


Х = 2150,2 мың адам S = Х / Р
Р = 18,4 адам/км 2 S = 2150,2 мың адам =
18,4 адам/км 2
Т/к S - ? 117, 3 мың км2
30 е с е п
Белгілі - бір жыл ішіндегі Қазақстан халқының орташа жастық құрамын анықтауға болады. Мысалы:
2004 жылдағы халықтың жастық құрамын анықтау керек.
Берілгені:



Жас
тобы

Оның
жас шегі

Халақтың ішіндегі топтың үлесі, %-бен

балалар мен жасөспірімдер

0 – 14

25

ересек адамдар

15 – 59

64,2

қарт адамдар

60 - 100

10,8

Шешуі:
1) Әр топтың орташа жасын анықтаймыз.


(1 + 14) / 2 = 7,5 жас
(15 + 59) / 2 = 37 жас
(60 + 100) / 2 = 80 жас
2) Әр топтағы халық үлесін анықтаймыз.
7,5 * 25 = 187,5
37 * 64,2 = 2375
80 * 10,8 = 848
3) Үш жастық топтың көбейтінділерін қосып, 100% - ға көбейтеміз де орташа жасты анықтаймыз.
(187,5 + 2375 + 848) / 100% = 34,11 жас

31 е с е п


2001 жылы имигранттар саны 49344 адам, ал эмигранттар саны 143593 адам болса, Қазақстандағы сыртқы көші – қонның сальдосын есептеп табу керек.

Б ерілгені: Шешуі:


И = 49344 адам С = И - Э
Э = 143593 адам С = 49344 адам – 143593 адам =
= - 94249 адам
Т/к С - ?

Отынның әр түрінің жылу шығару қасиеті бірдей емес. Оларды салыстыру үшін шартты отын деген арнаулы түсінік енгізілген. 1кг шартты отынның жану жылуы 7000 килокалорияға (кКал) немесе 29 мегаджоулге (мДж) тең. Есептеу арқылы 1т ш.о. орташа алғанда , 2000 кВт сағ. электр энергиясына тең.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет