Географиялық карталардың лабораториялық дайындау үрдісі және әдістің құрастыру мен зерттеуі



бет2/7
Дата12.12.2022
өлшемі56.25 Kb.
#467054
1   2   3   4   5   6   7
Карталармен атластарды ұйымдастыру

1.1. Картаның бағдарламасын құрастыру
Кез келген жобалаудың мақсаты – жоба бағдарламасын құрастыру, яғни жаңа машина, аспап жəне тағы басқаларды құрастыру үшін қажетті құжаттар жиынтығы. Негізгі түпкі құжат ретінде жобалауға берілген тапсырма қолданылады. Онда объект номенклатурасы, оған қойылатын талаптар, құрастыру шарты жəне тағы басқа мəліметтер көрсетіледі. Жобалаудың алғашқы сатысы тапсырманы техникалық дұрыс жəне үнемді
шешуді қамтамасыз ететін əртүрлі мəліметтерді жинаудан тұрады. Жаңа күрделі нысандарды жобалау негізінен ғылыми зерттеулер мен жүйелі жұмыстар жүргізуді талап етеді. Бұл жалпы шарттарға сай географиялық карталарды жобалау мүмкін, яғни жаңа карталарды немесе ескі карталарды жаңарту жобасын құрастыруға болады. Карта құрастырудың түп негізі болып оған қойылатын тапсырма саналады. Карта тапсырмасына карта атауы (карта тақырыбы мен картографияланатын территориясы көрсетіледі), масштабы мен карта мақсаты жатады. Мысалы, орта мектептегі жоғарғы сынып оқушыларына арналған 1 : 500 000 масштабтағы Қазақстанның саяси-əкімшілік картасы. Карта жобалаудағы тапсырмада оның мазмұнына əсер ететін карта мақсатын нақты көрсету маңызды. Бізде басылып шығатын 1 : 500 000 масштабтағы Қазақстанның саяси-əкімшілік картасы бастауыш мектепке, орта мектептің жоғарғы сыныптарына жəне жеке анықтамалық қолданысқа арналған. Бұлардың əрқайсысында берілген ақпарат көлемі мен карта безендіруі де өзгеше. Мысалы, оқу картасы бүкіл сыныпқа көрсетуге
арналса, анықтамалық карта – тек жақын аралықтан көруге арналған. Карта мақсатының көрсетілуі оның маңыздылығын, болашақ тұтынушылардың категорияларын белгілеп көрсетеді.
Əр картаның тапсырмасы əр басқа. Мысалы, əскери-топографиялық карталардан жергілікті жердің ориентирінің ыңғайлығы, жердің тактикалық қасиеттерін сырттай оқып бағалауға жəне əскери операциялар мен дайындық кезінде қажетті өлшеулер жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттар болуы талап етіледі. Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ететін теңіз-навигациялық каталары кеме жолының бағытын жəне оның кез келген уақыт мезетінде қайда екендігін анықтау үшін қолданылады. Колхоз-совхоздардың топырақ
карталары бұл қауымдастықтардың территорияларын анықтау жəне агротехникалық, мелиоративтік жұмыстар жүргізу үшін қажет.
Карта тапсырмасын түсініп, дұрыс шешу нəтижесінде оған қойылатын талаптар мен картаның математикалық негізі, оның мазмұны мен безендіруі анықталады. Тақырыптық карта жобасын құруда картограф картаның мазмұны қолданылатын білім саласы жөнінде көп білуге, сондай-ақ оның қолданылу еркшелігін білуге міндетті. Алайда соңғы шарт кез келген карта жобасын құру үшін қажет.
Расында да, кез еклген карта құрастырудың негізгі мəні мен оның мақсаты жөнінен қарастырғанда аймақтық ерекшеліктерін дұрыс ескеру. Мысалы, Алматының туристік картасында мəдени-тарихи ескерткіштерге, демалыс орындарына көп көңіл бөлінеді, дəл сондай Алтайдың картасында оның табиғи ерекшеліктері көрсетіледі.
Картаның ақпарат көздерімен жақсы қамтамасыз етілуі (картографияланатын құбылыстың зерттелуінің көрсеткіші) қойылған талапқа сай толық мəнді карта құрастыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандай карта бағдарламасын құрастырғанда картографияланатын құбылыстың аймақтық ерекшеліктері мен карта құрастырудың қажетті көздері белгілі болуы керек. Басқаша айтқанда, картографияланатын нысандардың географиялық зерттелуі мен көздерді жинастыру карта бағдарламасын құрастырудан бұрын жүруі керек.
Карта мақсатын талдау, оның көздері мен аймақтық географиялық ерекшеліктерімен танысу картаның алдын-ала жуық бағдарламасын құрастыруға мүмкіндік береді. Осыған сай кейіннен картографияланатын құбылыстың аймақтық ерекшеліктерін зерттеуде негізгі мəлімет болып келетін көздер жиынтығын құрастырып, оларды жүйелеп бағалайды.
Бағдарламаның кіріспе жəне негізгі бөлімі карта құрастыруға тапсырма береді. Мұндай тапсырмада карта тақырыбы мен нақты мақсаты, тұтынушылар тобы, онымен қолдану шарттары қамтылуы қажет.
Бағдарламаның кіріспе бөлімімен қатар көздерді жинау жəне картографияланатын нысанды географиялық зерттеу жұмыстарының нəтижесінде карта мазмұны мен оның математикалық элементтерін құрастыратын база қаланады. Бағдарламаның ең маңызды келесі бөлімі карта мазмұнына арналған. Мұнда мазмұны элементтерінің тізімі, олардың жіктелуі, бейнелеу тəсілі мен графикалық таңбалар жүйесі, бажайлау (генерализация) принципі, дəлдік нормасы анықталады. Картаның жалпы мақсаты мен мазмұны, формасы жəне т.б. көрсетілген бұл тараулар жобаланатын карта қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.
Ең алдымен бұрынғы жинақталған көздерді жүйелеу, бағалау жұмыстарының қорытынды нəтижесін шығару керек. Көздерді бағалау жəне сипаттау нəтижесінде, құрастыруға арналған көздердің тізімі беріліп, оларды қолданудың тəсілі мен дəрежесі жəне тəртібі белгіленеді. Одан əрі карта мақсатын ескере отырып, бейнеленетін аймақтың ерекшеліктерін анықтап жəне аудандастыру үшін картграфияланатын құбылыстың географиялық зертеулерінің нəтижесін жалпылау қажет.
Бағдарламаны картаның түп нұсқасын дайындау мен оны баспаға шығару технологиясының тəртібін анықтайтын технологиялық бөлім аяқтайды. Сөйтіп бағдарлама схемасы 6 бөлімнен тұрады: 1 – карта атауы, оның мақсаты жəне оған қойылатын талаптар; 2 – картаның математикалық негізі; 3 – карта мазмұны; 4 – картографиялық көздер жəне оларды қолданудағы нұсқаулар; 5 – географиялық сипаттамалар жəне бажайлау бойынша нұсқаулар; 6 – карта дайындаудың технологиясы;
Бағдарламаның міндетті жəне маңызды компонентін графиктік қосымшалар құрайды: негізінен екінші бөлім бойынша карта компоновкасының макеті жəне көп бетті картаның бөлу схемасы; үшіншісі – карта легендасы, қарапайым жерлерді безендіру жəне құрастыру үлгілері т.б.; төртіншісі – картаның көздермен қамтамасыз етілуінің схемасы; бесіншісі – аудандастырудың схемасы жəне аймақтарға тəн бажайлаудың үлгілері. Сонымен қатар, карта бағдарламасы өзінің бөлімдерінің құрастыру мəніне қарай қатты ерекшеленеді. Мысалы, мектеп бағдарламасындағы саяси-əкімшілік карталардың мазмұнында ұсақ бөліктерге дейін ескеріледі. Ал, дəл сондай тақырыптағы анықтамалық карталардың бағдарламасының толықтығы тек жалпы белгілермен анықталады.
Картографиялық шығармаға жататын көпбетті мемлекеттік карталардың құрастырылуы, əдетте, бірнеше жылға созылады. Мұндай жұмысқа картграфтардың үлкен топтары қатысады. Құрастыру кезінде географиялық алыстатылған пункттермен жұмыс жасалады, сондықтан бұл жұмысқа басқа да мекемелер қатысады. Осындай жағдайларда картаның барлық беттерінің бірыңғайлығы мен бірлігін сақтау жəне бар күш-қуатты жалпы бір салаға бағыттау маңызды. Сондай-ақ, картографияланатын құбылыстың аудандық ерекшеліктерінің əртүрлілігін ескеретін жəне карта құрастыруға қажетті барлық көздердің анализі мен тізбегін сақтаған, əрбірбетті өолданудың көрсеткіштері мен тəсілі, тəртібі туралы нақты нұсқаулар беретін барлық беттердің жалпы бағдарламасын құрау да мүмкін емес.
Бұл қиындықтан екі сатылы жұмыс жасау арқылы шығады – алдымен жалпы бағдарлама дайындалады, яғни картта мақсаты мен оған қойылатын талаптар белгіленеді, осының негізінде математикалық элементтер, оның мазмұны, безендіруі мен дайындау технологиясы анықталады. Одан əрі бірыңғай географиялық қатынастағы аудандарға таралатын жеке беттер немесе олардың топтарының өзіндік жеке бағдарламасы құрастырылады. Жеке бағдарламалар картографиялық көздердің ерекшеліктері мен территорияның географиялық өзгешелігіне қатысты жалпы бағдарламаның белгілеулерін нақтылайды.
Берілген инструкция мен нұсқаулардың құрылысы мен мазмұнындағы
айырмашылықтарды ескере отырып, біршнеше жалпы сипаттамаларды белгілеуге болады. Алдымен карта мазмұны жəне оған қойылатын талаптар, математикалық негізі, мазмұны мен безендіру ерекшеліктері анықталған «жалпы белгілеулер» қойылады. Одан əрі нұсқаулар мен инструкциялар жеке бағдарламаның мазмұны мен құрастыруын, жұмыстың ғылыми-техникалық жетекшілігінің тəртібін, карта құрастырудың технологиясын, оның жеке элементтерін құрастырудың ерекшеліктері мен картаны баспаға дайындаудың тəртібін қадағалайды. Олар графикалық қосымшалармен – беттерді қию схемасымен, картографиялық белгілердің кестесімен, безендіру стандартымен, негізгі жер бедерінің (немесе картографиялық құбылыс түрінің) бейнелеу үлгісімен қамтамасыз етіледі.
Басынан аяғына дейін картографиялық өндірісте орындалатын жалпыгеографиялық саяси-əкімшілік, гипсометриялық жəне басқа да карталардың бағдарламасын құрастыру мен ғылыми-техникалық жетекшілігі карта редакторы деген маманға жүктеледі. Осыдан карта бағдарламасын құрастыруды (көздерді жинау мен бағалау, сонымен қатар картографияланатын құбылыстың географиялық зерттелуін қоса) редакциялық дайындау жұмыстары деп атайды, ал карта бағдарламасына кейде «редакциялық жоспар» термині қолданылады. Сондай-ақ, картографиялық өндірісте кейде нұсқау мен редакциялық жоспар аралығындағы құжат ретінде «редакциялық белгілер» құрастырылады Сондай-ақ, «редакциялық құжаттар» жалпы термині қолданылады. Оларды картаны құрастыру мен баспаға дайындауда қажетті кез келген құжаттар жатады. Мəні жағынан келесі «карта бағдарламасы» термині қолданылады.[2]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет