1.3 Картаның математикалық негізін құрастыру
Картаның математикалық негізін өңдеуге картаның масштабқа негізделуі, таңдалуы, оның проекциясы, координаталық торлары, компоновкасы, егер керек болса беттерге бөлу жүйесі жатады. Масштаб кеңістіктік үлгінің өлшемін анықтайды. Картадағы өзгерістердің мүмкіндігі тікелей оның мазмұнының толықтылығына жəне нақтылығына байланысты.
Картаны белгілеуді басшылыққа ала отырып, масштабты таңдау кезінде карта өлшемінің нақтылығына деген талап нысанның жаратылысын толық жəне оның бейнесін анығырақ беруі керек, əр біреуіне қойылған талапты орындау үшін (минимальді) масштабты анықтаймыз. Егер де қойылған талаптары бірдей, бірақ масштабтары бір-біріне сəйкес келмей қалса, таңдауды ірірек масштабта тоқтатуымызға тура келеді. Онда бұл масштабтың айтарлықтай ірілігі басқа талаптарға байланысты (мысалы, геометриялық
дəлдік кезінде) бағдарламаның басқа да орындарында ескерілуі мүмкін.
Карта масштабын таңдау кезінде жиі шешімді мағына беру үшін белгілі аумақтың толық бейнесін беру шарт, ол- рамкада берілген дүние жүзінің, елдің, облыстың жəне тағы басқа карталар болуы мүмкін еді, мəселен, атластың белгілі форматында бекітілген немее бар үлкендігінше жасалған қабырға карталары. Масштабты таңдау кезінде көрсетілген факторлардан басқа сонымен қатар ескеретін жағдайлар: масштабтардың біртектілігін немесе еселігін сақтап тұру үшін немесе карталарды жинаған кезде масштабтар арасындағы айырмашылықты азайту үшін жобаланатын карталар жəне мазмұндас карталар арасындағы қатынас мысалға, географиялық атласта стандартты өлшемдегі картографиялық қағаздарды тиімді пайдалану үшін (қалдықсыз), офсетті баспа машинасын барынша толық қолдану үшін, көп бетті карта минимальді қолдану үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалану керек.
Негізгі факторларға біріншіден, картаны қолдану сипаты жəне белгісі, екіншіден, картографияланатын аумақтың кеңістіктегі ерекшелігі- оның өлшемі, жер элипсоидындағы орны жəне пішіні жатады.
Жаңа карта құрастыру кезінде жұмыс істеу процес тізбегінің негізгі құрам принципіне проекция таңдау жəне одан координаттық тор сызықтарын есептеу жатады. Бірақ тəжірибеде кейбір караталар ғана проекция таңдауды жəне тор санауды талап етеді. Көбінесе жұмыстар мен карталарда бұл тапсырма анықталған немесе шешілген болады. Əр елде қатаң анықталған барлық топографиялық жəне шолу-топографиялық карталар проекцияға дайындалады. Олардың саны ондай көп емес. БҰҰ мəліметтері бойынша, 83
мемлекет топографиялық карталар үшін Меркатордың теңбұрышты цилиндрлік проекциясын, 12 мемлекетте- Ламберттің теңбұрышты конустық проекциясы , ал 3 мемлекетте- поликонустық проекция қолданылады, басқа проекцияларды қолданушылар сирек.
Теңбұрышы жəне тең -дəрежелі проекцияларға келер болсақ, оларда ауытқу шамамен екі есе жоғары- теңбұрышты үшін аудандарда, теңдəрежелі проекциялар үшін бұрыштарда. Ені бойынша созылуы 12° болатын барлық елдер мен елді-мекендерді бейнелеу кезінде аталған проекциялардың ешқандай айырмашылығы жоқ жəне олардың қай-қайсын болса
да таңдауға болады. Негізінде, теңбұрышты проекцияны қолдану мемлекеттік топографиялық карталардың мəлімет көзі ретінде көрсетуді жеңілдетеді.
Карта координат жүйесі таңдалған нысанның оналасуын бекітетін үлгі ретінде координатасын анықтауға өте қажет координат жүйесінен тұруы керек (карта координаттар жүйесінсіз есеп шкаласы жоқ термомтр секілді). Географиялық карталарда жер элипсоидына қатысты жер қыртысындағы нүктелер мен нысандардың орналасуын көрсететін географиялық координаттар жүйесі қолданылады. Географиялық координаттарды анықтау үшін картометриялық тор (картада торлар мен меридиандар мен параллелдер бейнесі ретінде кескінделеді) қоданылады. Карта бағдарламасында картаның
сипаттамасы мен оның жұмыс істеу ерекшелігіне байланысты оның қалыңдығын орнату керек. Тордың өте жиі болуы картаны шұбарландырады, сирек тор- картографиялық өлшеуді қиындатады, сондай-ақ көзөлшемді анықтамалар оның дəлдігін төмендетеді.
Меркатор проекциясымен құрылған теңіз навигациялық карталары үшін параллелдер арасындағы интервалдар мынандай есеппен белгіленеді, меридиан бойынша масштаб тəжірибе жүзінде тұрақты болу керек.
Карта компоновкасы мынадан тұрады:
1) рамкаға қатысты картографияланылатын аумақ пен оның орналасу шекарасын анықтау;
2) Рамка ішіне жəне карта бетінде оның атауын, масштабын, шартты белгісін, мəліметтерді керек болса, қосымша карталарды, графиктерді жəне т.б. орналастыру. Компоновканы карта кеңістігінің тиімді ұжымы деп қарастыруға болады. Негізгі мақсатта компоновкалауда картаны пайдалану ыңғайлығын ескеру керек, эстетикалық талаптарды жəне техникалық шарттарды картографиялық қағаздық стандартты өлшемі, басып шығаратын машиналардың маңызды көлемін жəне т.б. ескеру керек.[4]
Достарыңызбен бөлісу: |