Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Тау-кен құтқару қызметі, аварияларды жою жоспары



бет6/8
Дата12.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#129881
1   2   3   4   5   6   7   8

3-параграф. Тау-кен құтқару қызметі, аварияларды жою жоспары
449. Жер асты тау-кен барлау қазбарларына (шахта, штольня және ұзындығы 100 м артық тарақтары бар шурфтар) кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері қызмет көрсетеді.

Барлық барлау штолендері, шахталар мен жалпы ұзындығы 100 м артық тарақтары бар шурфтарда аварияларды жою жоспары жасалады.



19-тарау. Сынамалық жұмыстар

1-параграф. Жалпы талаптар
450. Тау-кен қазбаларында сынамалар алу жөніндегі жұмыстар осы Талапта көзделген қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып орындалады.

451. Пайдалану, барлау және тасталған тау-кен қазбаларында, байыту фабрикаларының үйінділерінде сынама жөніндегі жұмыстар сыналатын участокта Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өнеркәсіп қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, бақылау тұлғасының рұқсатымен жүргізіледі.



2-параграф. Сынамаларды таңдау
452. Орта және жоғары қуаттылықтағы жыныстар мен кендер сынамаларын таңдау және қолмен өңдеу кезінде қорғаныш көзілдіріктері қолданылады.

453. Қазбаларда сынамаларды тікелей таңдау орындарынан өтетін күштік және жарықтандыру кабельдері токтан алынады, ал қажет болғанда қайтадан монтаждалады.

454. Сынамаларды 2 м артық биіктікте таңдау сатылармен және қоршаулармен жабдықталған көпірлерден жүргізіледі, ал 3 м артық биіктікте бұдан басқа сақтандыру белдіктері қолданылады.

Сынамаларды таңдау сонымен қатар, қозғалмайтын немесе қоршаулары бар ілмелі сөрелерден (люлка) жүргізіледі. Ілмелі люлкалар тежеуіш құрылғысымен жабдықталған шығыр арқанына бекітіледі. Арқан, шығырдың жүк көтергіштігі және шығырдың бекіту бөліктерінің (якорьлеу) 7,5 еселік кем емес жүк көтеру және оны толық жүктеген кезде ілмелі сөре салмағына бекіту мықтылығының қоры болады.

455. Шпурлы стакандары болатын забойда сынамалар алу кезінде жұмыс жүргізуге рұқсатты бақылау тұлғасы береді.
3-параграф. Ашық тау-кен қазбаларын және табиғи жалаңаштануды сынамалау
456. Үлкен жарлардан өткен қазбаларда сынамалар алу кезінде қазбалардың беткейлері мен борттарынан жыныстар бөліктерінің түсуінен қорғану жөніндегі шаралар (қорғаныс барьерлер, қорғау щиттері) қабылданады.

457. Бір немесе бірнеші сынама алушылар бір уақытта жұмыс істеу кезінде олардың жұмыс учаскелерінің қашықтығы 1,5 м кем болмайды.

458. Сынамалы кертпештер үстінде орналасқан бермалар шеттері, жыныстардан бос болады. Алынған жыныстар қазбаның жоғары контурынан 0,5 м кем емес қашықтықта орналастырылады. Өңделген сынамаларды қазбалардың бермалары мен кертпештеріне салуға жол берілмейді.

459. Тас құлау, жар және қар кәрніздері, жар үйінділерімен, қабырғалары әлсіз тұрақты тар шатқалдар мен ілініп қалған шойтастармен зақымданған учаскелерден сынама алуға жол берілмейді.

460. Өзен және көлдердің жағалық жалаңаштануын судан сынамалауға жұмыс істеуге кедергі келтірмейтін якорланған қайық немесе сал тербелісі кезінде жүргізуге рұқсат етіледі.

Су кемерінен төмен сынама алу дистанциялық сынамалау және сынама жинауды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар, инструменттер немесе механизмдерді қолдана отырып жүргізіледі.



4-параграф. Жер асты тау-кен қазбаларын сынамалау
461. Тіке қазбалардан сынамалар алу кезінде жол берілмейді:

1) қабырғалар мен забойларды бір уақытта сынамалауға;

2) қауғаларды түсіру және көтеруге;

3) сынама алу орнынынан төмен орында адамдардың болуына.

462. Кен түсіру люктері немесе оқпан маңынан сынама алу кезінде соңғысы щиттермен немесе тақтайлармен жабылады.

463. Көлденең қазбалардан сынама алу кезінде:

1) қолмен сынама алу кезінде жұмыс істеушілер бір-бірінен 1,5 м кем емес қашықтықта болады, ал механизацияланған жағдайда-жұмыс істеушілер арасындағы қашықтық қолданылатын техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі басшылықпен анықталады;

2) тасылым қазбаларында сынамалар алу рельстік жолмен қозғалыс болмағанда немесе жұмыс қауіпсіздігі жөніндегі шаралар қабылдай отырып жүргізіледі.

464. Жол берілмейді:

1) төбеде сынама алу кезінде сынама алушыдан 2 м жақындықта болуға;

2) үңгілеу циклінің (бұрғылау және шпурларды зарядтау, жыныстарды жинау), негізгі операцияларымен бірге қазбалар забойларында сынама алуға.

5-параграф. Үйінділерді сынамалау
465. Үйінділерді сынамалау орындарында мүмкін опырылымдардан шаралар қабылданады.

466. Улы газдар бөлетін байыту фабрикалары мен үйінділердің эфельді өрістерін сынамалау жоба бойынша жүргізіледі.

Улы газ бөлу жағдайында сынама алумен айналысатын барлық қызметкерлер ЖҚҚ қамтамасыз етіледі.

467. Құлау қаупі бар үйінділер беткейлерінде сынама алу жөнінде жұмыс істеушілер үстінен ілініп қалған жыныстар бөлшектері мен шойтастары алынып тасталады.

468. Үйінділердің әлсіз немесе жылжымалы учаскелері (сынама алу орындарынан жоғары жерлерде, сонымен қатар сынама алушыларлардың үйінділер бойынша қозғалу орындары бойынша) бекітіледі немесе альпинистік сақтандыру жасалады.

Үйінділер үстінен шашылатын материалдан сынама алу кезінде тақтайлардан төселім салынады.

469. Сумен толтырылған үйінділерден сынама алу жоба бойынша жүргізіледі.

470. Керн (қоқыс) сынамасын өңдеу алаңдарда (ғимараттарда) жүргізіледі.

471. Керні бар жәшіктер штабельдерінің биіктігі оның құлаудан тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

472. Егер үздіксіз алу қолданылатын қондырғының конструкциясы бойынша көзделмеген жағдайда, станоктың жұмыс істеу кезінде колонкалы бұрғылауда сынама алушыны орнату және алуға жол берілмейді.



6-параграф. Шурфтарды (дудок) сынамалау
473. Сынама алушының сатылардан жұмыс істеу кезінде олар сақтандыру белдігімен бекітіледі.

474. Тұрақсыз немесе жеткіліксіз тұрақсыз жерлерде монолиттер алу кезінде забойлық секциялар терезелері арқылы соңғыларының тіреуіш құрылғылары бар тұстамалары болады.



7-параграф. Сынамаларды өңдеу
475. Жұмыстардың стационарлық сипаты кезінде сынамаларды өңдеу ғимараттарда жүргізіледі.

Маусымдық немесе уақытша жұмыс сипатында сынамаларды өңдеу жоспарлау және өңдеудің технологиялық процестері еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайын және жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдықталған ашық алаңдарда, маңдайшалар, палаткалар немесе ғимараттарда (соның ішінде жылжымалы) жүргізіледі.

476. Сынамаларды механикалық өңдеуге арналған ғимараттар қиылысқан тартпалы желдеткіштермен қамтамасыз етіледі.

477. Сынамаларды кептіру желдеткішпен жабдықталған жекелеген ғимараттарда жүргізіледі.

478. Тозаң пайда болу ошақтарының нақ үстінде жеке тартпа немесе тозаң жұтатын құрылғылар орнатылады.

479. Сынамаларды өңдеуге арналған орындар жергілікті бүйірлі тозаң сорғыштармен жабдықталады.

480. Токсикалық заттары бар сынамалармен жұмыс істеу және токсикалық заттар сынамаларын өңдеу кезінде тартпа желдеткішімен жабдықталған мөлдір бокстар пайдаланылады.

481. Сынамаларды өңдеуге арналған жұмыс ғимараты қоқыстардан жүйелі тазартылады. Бұл жағдайда:

1) еден жуу күн сайын жүргізіледі;

2) қабырғалар, төбелер, терезелер және жарықтандыру арматуралары аптасына бір реттен жиі емес ылғалды шүберекпен сүртіледі, ал айына бір реттен жиі емес жуылады.

Тозаңдарды құрғақ жинауға жол берілмейді.

482. Сынамаларды өңдеуге арналған ғимараттарда құрамында зиянды заттары бар сынамаларды сақтауға жол берілмейді.

483. Сынамаларды өңдеуге арналған қондырғылар арасындағы және құрылғылар мен ғимарат қабырғалары арасындағы өтетін орындарының ені 1 м кем болмайды.

484. Сынамаларды механикалық өңдеуге арналған қондырғылар мықты діріл сөндіру негіздерде пайдаланылады.

485. Сынамаларды өңдеуге арналған ғимараттардағы электр құбырлары ылғалды ғимараттағы электрқұбырларына қойылатын талаптарға жауап береді.

486. Ұсату-үгіту қондырғыларында жұмыс бөлшектерін тазарту, түсіру саңылауларының енін реттеу және алынған тозаң аулаушы құрылғылар кезінде қосылу мүмкіндігін болдырмайтын блокировкалаушы құрылғы көзделеді.

487. Тас кесуші (керн кесуші) станоктар қызмет көрсетуші құрамды өңделетін жыныстардың су пульпасынан және ұшындыларынан қорғайтын мөлдір экранмен жабдықталады.

488. Жер асты кен қазбаларында сынамаларды механикалық өңдеуге жол берілмейді.

Қолданыстағы карьерлерде сынамаларды өңдеу осы мақсатқа арналған орындарда жүргізіледі.

489. Салмағы бірнеше тонна болатын сынамаларды ірі бөлшектермен бірге өңдеу қорғаныс борттарымен қоршалған алаңдарда жүргізіледі.

490. Сынамаларды қолмен ұсату және сүрту жабық орындарда жүргізіледі.

491. Ұсатылған сынамаларды қолмен себелеу қақпақтармен тығыз жабылатын илеуіштермен жүргізіледі.

492. Жұмыскерлер сынамаларды қолмен өңдеу кезінде олар бір-бірінен 0,5 м қашықтықта орналасады.

8-параграф. Сынамаларды жуу
493. Тәуліктің жарық уақытында дала жағдайында жұмыс істеу кезінде немесе жұмыс орнында станционарлық жарықтандыруы болады.

494. Табиғи су тартқыларында және су айдындарында опырылымдар мен тас құлауы мүмкін орындарда, қауіпті шоңғалдар, құлаулар, ілді және бату жағалауларында сынамаларды жууға жол берілмейді.

Метеорологиялық жағдайдың (күн күркіреу, қатты жаңбырлар) өзгеруі кезінде сынамаларды су басу және сел қауіпті су тартқыларында жуу тоқтатылады, барлық қызметкерлер қауіпсіз орынға ауыстырылады.

495. Жыл бойғы жұмыс режимі кезінде байыту құрылғысы жабдықталған жылыту (жылжымалы немесе стационарлық) ғимаратта орнатылады. Қондырғыларды ғимараттарға орналастыру типтік сызбаға сәйкес іске асырылады.

496. Жылжымалы байыту құрылғыларын мұзда, су айдындарында орнату кезінде алдын ала барлық қолданылатын қондырғылар мен көліктердің мұзға түсетін жалпы жүктеменің салмағын, жылы сулар құйылған кезде мұздың еру мүмкіндігін ескере отырып, мұздың мықтылығы анықталады.

497. Ауаның теріс температурасындағы суды төгу, құрылғының жұмыс алаңының мұздалу мүмкіндігін болдырмайтын етіп жабдықталады.

498. Құрамында минералдар бар, қыздыру кезінде зиянды заттар және сынапты амальгамдар (арсенопирит, галенит, пирит және тағы басқа) бөлетін сынамаларды өңдеу концентраттары мен өнімдерін кептіру жеке ғимаратта кептіру жәшіктерінде, пештерде және тартпа желдеткіштермен жабдықталған басқада құрылғылармен жүргізіледі.

20-тарау. Зертханалық жұмыстар

1-параграф. Жалпы талаптар
499. Зертханалар ғимараттары мен имараттары өндіріс зияндылығы, санитарлық нормалар мен өндірістік объектілердің жобалау талаптарын ескере отырып жабдықталады.

500. Желдеткіш жүйесінің жарамсыздығы кезінде зиянды заттар, газдар мен булар шығаратын тартпа жәшіктерде жұмыстар тоқтатылады.

501. Ауамен жарылыс қауіпті қосындылар құрайтын жанатын сұйықтармен, жанатын тозаңдар және газдармен жұмыс істеу кезінде зертхана ғимараттарында электр қондырғылары жарылыс қауіпті орындауда қолданылады.

502. Зиянды заттары бар ағынды суларды қалалық кәріздерге ағызуға жол берілмейді. Егер олардың концентрациясы белгіленген нормалардан артпаса және ағындардың биологиялық тазартылуына әсер етпейді. Цианситы және басқа да улы қосындылары бар ағынды сулар алдын ала зарасыздандырылады.

503. Зиянды газдар (күкіртсутегі, цинаситі сутегі, мырышты сутегі және тағы басқа) бөле отырып, химиялық реакциялар жүретін ағындарды біріктіруге жол берілмейді.

504. Химиялық заттары бар ыдыстардың тиісті этикеткалары болады. Улы заттары бар банкілерге «У» жазуы жазылады.

505. Химиялық ыдыстарда азық-түлік өнімдері мен тағам қабылдау өнімдерін сақтауға жол берілмейді. Өндірістік ғимараттарда тағам сақтауға, қабылдауға және темекі шегуге болмайды.

506. Ауыр сұйықтар, қышқылдар, сілтілер және басқа да улы сұйықтарды ауызбен түтікше арқылы соруға болмайды.

507. Улы газдар немесе сынап булары бөлінетін ғимараттарда жұмыс істейтін адамдар газға қарсы құралдармен қамтамасыз етіледі. Қышқылдар және сілтілермен жұмыс жүргізілетін барлық зертханаларда кезекші газ қайтарушылар болады.

508. Қорытпаларды құймақалыптарға құю орындары қосымша сорғыштармен жабдықталады, ал мырышты қорытпаларды қорғасынсыздау тартпа желдеткіштері қосылған жағдайда жүргізіледі.

509. Металл құймақалыптар құюлар үшін тазартылады, құрғақ бормен майланады және қыздырылады.

510. Жоғары қысымдағы баллондармен жұмыс істеу кезінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар құрылысы және қауіпсіз пайдалану талаптары басшылыққа алынады.

511. Жұмыс орындарында қышқылдар, сілтілер және ыстық сұйықтарды ауысымдағы нормадан артық сақтауға жол берілмейді.

2-параграф. Шлифовалды жұмыстар
512. Шлифовалдау шеберханасының ғимаратына су мен электр қуаты жүргізіледі.

513. Әрбір шлифовалды станок сорғы желдеткішпен қамтамасыз етіледі.

514. Құрамында суда еритін тұздары бар тау-кен жыныстарын шлифовкалау кезінде резина қолғаптарсыз жұмыс істеуге жол берілмейді. Кері материалдар жабдықталған ванналарда жуылады.

515. Шлифтерді дайындау кезінде жыныстарды цементтеу, бальзамдарды қайнату тетіктері жабық тартпа жәшіктерде жүргізіледі.

516. Кері абразивті материалдарды жуу, ғимаратты жуу және тартпа жәшіктерін тазарту резина қолғаптарымен жүргізіледі.

3-параграф. Химиялық-аналитикалық және

гидрохимиялық жұмыстар
517. Зиянды және улы газдар мен булар шығарумен байланысты жұмыстар тартпа жәшіктерінде жүргізіледі. Тартпа жәшіктері есіктеріндегі ауа жылдамдығы жартыдан артық ашылған тұстама кезінде 1,0 м/с кем болмайды.

518. 1-4 класстағы зиянды заттар салынатын ғимараттар үздіксіз жұмыс істейтін қиылысқан-тартпа желдеткішпен қамтамасыз етіледі.

519. Оттектерді сутегімен қалпына келтірумен байланысты жұмыстар жүргізу кезінде сутегі олардан толық ауаны шығарғаннан кейін трубкамен тиглилер қыздырылады.

520. Қышқылдар, бром, аммиак, сілтілердің концентрирленген ерітінділері және басқа да улы заттар құю, балқытылған қышқылдармен, улармен (цианисті және сынап тұздары, мырыш қосындылар, бруцин, цинхонин, күкірткөміртегі, ақ фосфор және тағы басқа) жұмыс істеу, тартпа жәшіктерінде натрий пероксиді қорытындыларын сумен араластыру қышқылға төзімді арнайы киімде, резина қолқаптарында, сақтандыру көзілдіріктерінде жүргізіледі.

521. Натрий пероксидінің столға төгілген балқытылған массасы құммен себіледі. Сумен жууға жол берілмейді.

Құрамында органикалық заттары немесе көмірі бар кендерді араластыруға жол берілмейді.

522. Күкірткөміртегімен, бензинмен және басқа от қауіпті сұйықтармен жанып тұрған газ оттарынан және қыздырылған беттерден 5 м жақын жерде жұмыс істеуге жол берілмейді.

Бұл сұйықтар кездейсоқ төгілген жайдайда барлық оттарды сөндіріп электр қыздыру приборлары сөндіріледі.

523. Бензин, эфир және басқа да оңай жанатын сумен араласпайтын сұйықтар жанған кезде олар құммен, көмірқышқыл және ұнтақты өрт сөндірушілермен сөндіріледі.

524. Жарылыс немесе улы сұйықтар шашырауы мүмкін жұмыстар сақтандыру көзілдіріктерінде жүргізіледі.

525. Күкірт қышқылын суық судың жұқа ағынымен құйып, үздіксіз араластырылады.

526. Натрий пероксиді темір қақпақтары бар темір ыдыстарда сақталады. Металл калий натрийі және литийі ылғалы жоқ керосинде сақталады, бұл үшін жабылатын темір немесе шыны кең өңешті банкілер қолданылады.

527. Натрий пероксидімен жұмыс істеу кезінде (араластыру, себу, өлшеу және тағы басқа) лаулаудың алдын алу үшін қағаз және ағаштан немесе басқа оңай қышқылданатын материалдан дайындалған бұйымдарды (ыдыстар, шпательдер) қолдануға болмайды.

528. Барлық құрғақ реактивтер, әсіресе сілтілі металлдар мен олардың гидроксидтері (улы сілтілер) пинцеттер, фарфорлы қасықтар, шпательдер және резина қолқаптарымен алынады.

529. Бромы, сутек пероксиді (пергидроль), фторлы сутекті қышқылы және басқа улы сұйықтар бар ыдыстар тартпа жәшіктерінде жүргізіледі. Бұл жағдайда бромы бар ыдыстар таз немесе қорапқа салынады.

530. Пиросульфат қорытпасын дайындау кезінде қыздыру жүргізілетін чашка тартпа жәшігіне мықты штативте орналастырылады.

Қорытпа толық суығанға дейін чашканы штативтен алуға жол берілмейді.

531. Улармен жұмыс жүргізілген орындар жұмыс аяқталған соң мұқият жуылып зарарсыздандырылады.

532. Вакуумде жұмыс істеуге арналған ыдыстар вакуумды насос арқылы алдын ала сақтандырғыш ағаш қақпақтар астында сыналады және маркировкасы болады. Жұмыс кезінде ыдыстар мөлдір сынбайтын материалдан жасалған жәшіктерге салынады.

4-параграф. Металл сынабымен жұмыс істеу
533. Сынамаларды өңдеу қиылысқан тартпа желдеткішпен, 16-180 артық емес температурада тартпа жәшіктерімен қамтамасыз етілген жабдықталған ғимараттарда жүргізіледі.

534. Ғимараттардың қабырғалары, төбелері, терезелері есіктері табиғи олифтегі ашық түсті майлы сырлармен сырланған, едені жағулар арқылы желімделетін тегіс линолеуммен жабылады; тігістері мұқият бекітіліп, олардың беті табиғи олифамен жағылады, қабырға маңындағы линолеум шеттері 100 мм көтеріліп бекітіледі.

535. Ғимараттардағы едендер, қабырғалардағы есіктер, терезелердің саңылаулары, сынап тамшылары қалып қоятын тегіс емес орындары болмайды; қабырғалар өзара қиылысқан, төбемен және еденмен қиылысқан орындары жинау үшін ыңғайлы болу үшін дөңгелектенген.

536. Жұмыс үстелдері, жәшіктер және басқа да орындардың беттері тегіс, майлы сырмен боялған және еденнен 20 см төмен емес бос кеңістікті сақтай отырып, олардың астындағы едендерді жинау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін аяқтарымен орналастырылады.

537. Үстелдердің және тартпа жәшіктерінің жұмыс беттері шамалы көтерілген борттары болады, шамалы көтерілген борттарды көтере отырып, бетті төменгі жақтарына бекітілетін, линолеуммен жабады. Төгілген сынап ағыны үшін сынапқа арналған құрылғы үшін құрал жабдықтар орнатылатын патрубкалары бар саңылаулары көзделеді.

538. Электрмоторлар, іске қосатын және жабық қалыпта жұмыс істейтін, ғимаратта сумен жууды қолдануға мүмкіндік беретін жарықтандыру аппаратуралары болады.

539. Технологиялық, кәріздік және су трубақұбырлары максимальды жасырылған және мүмкіндігіне қарай ғимараттан тыс орналасқан; кабельдер трубаларда салынған, жарықтандыру сымдары жасырын немесе роликтердегі немесе оқшаулардағы винилді жабудағы сымдарды қолдана отырып орындалады.

5-параграф. Ғимараттарды ұстау
540. Сынамаларды өңдеуге арналған ғимараттарда қиылысқан тартпа желдеткіштері жұмыстар жүргізуге дейін 30 минут бұрын қосылады және олар аяқталғаннан кейін осы уақыт аралығында сөндірілмейді.

541. Тартпа желдеткіштері есіктеріндегі ауа жылдамдығы барлық ашық тұстамаларында күнделікті жұмыс кезінде-0,5 м/с кем емес және сынапты қыздырумен байланысты жұмыстар кезінде 1 м/с. Тартпа жәшіктерінің есіктері биіктігіне қарай 20-30 см артық болмайды.

542. Күн сайын ғимаратта ылғалды жұмыстар жүргізіледі. Ал айына 1 реттен жиі емес, қабырғаларды, есіктерді, терезелерді төбені, жарықтандыру аппаратураларын ыстық сабын сумен жуу енгізілетін күрделі жинау жүргізіледі. Жинауға арналған жекелеген щеткалар, шелектер, шүберектер болады, оларды басқа ғимараттарға қолдануға жол берілмейді.

543. Жинау химиялық демеркуризация құралдарын қолданып, соңынан едендерден ерітінділер қалдықтарын жуу арқылы жүргізіледі.

544. Сынап тамшылары еденге түскен жағдайда ол жақын тұрған науға бағытында 1,5-2 кгс/см2 қысыммен су ағынымен жуылады немесе амальгамирленген табақшалар (мыс немесе ақ қаңылтырдан) немесе кисточка көмегімен жиналады. Еденді сынаптан зарарсыздандыру үшін оны 1 шелек 25 м2 алаңға 10-20 % есебінен хлорлы темір ерітіндісімен өңдейді.

545. Оның еденге сіңуін бодырмау және барлық ғимаратқа таралмауы үшін ластанған учаскелердегі тамшылар жиналады және ортаға қарай бағытталады.

546. Сынаппен жұмыс істеу кезіндегі қолданылатын эмальданған ыдыс азот қышқылының әлсіз ерітіндісімен жуылады немесе 15 г бихроматтың 50 мл күкір қышқылының қоспасымен мұқият шайылады және қосымша 30 % йодты калий ерітіндісіндегі 2,5 % йод ерітіндісімен жуылады.

547. Жылына 2 реттен жиі емес ғимараттағы ауада сынаптың болуы тексеріледі.



6-параграф. Сынапты сақтау
548. Сынап қоры қоймаларда және өндірістік ғимараттарда амортизацияланған қорапта металл табандарда орнатылған аузы бұралып тығындалатын болат баллондарда немесе вакуумды жабылған герметикалық тығынды темір ыдыстарда сақталады.

549. Төменгі жағында бұранда орналасқан баллонға сынап салынады. Егер көрсетілген конструкциядағы баллондар болмаған жағдайда, сынапты басқа ыдысқа құюға ыңғайлы еңісті қамтамасыз ететін құрылғыға салынған және бекітілген ыдысқа құйылады.

550. Сынап тартпа жәшігінде сейфте, сынбайтын ыдыста немесе металл табанды амортизацияланған қорапта орнатылған жұмыс жүргізуге қажетті мөлшерде шыны ыдыста сақталады.

Шыны ыдыстың көлемі 500 см3 болады.

551. Сынапты шағын көлемде (20-30 мл) зертханалық жәшіктерде сақтауға болады.

552. Өңделген сынапты оның ауаны ластау мүмкіндігін болдырмайтын жағдайда қоймаларда уақытша сақталады.



7-параграф. Сынапты қайнату (булау)
553. Сынапты қайнату (булау) ауа қозғалысының жылдамдығы 1 м/с кем емес кезінде тартпа жәшіктерінде жүргізіледі.

554. Сынапты қайнату құмды моншада 50 % азот қышқылы ерітіндісінде шыны ыдыста аздап қыздыра отырып жүргізіледі.

555. Алынған ерітінді фильтрі бар түтікше арқылы шыны стаканға құйылады; фильтр дистиллирленген сумен жуылады, құрғатылады және анализге тапсырылады.

556. Буға ұқсас сынаптар бөлетін технологиялық қондырғылар сынап буларын олардың пайда болған жерінде аулау жөніндегі сорғыштармен және агрегаттармен қамтамасыз етіледі.

557. Трубақұбырлардың еңісі, ал фланцты қосулардың тысы болады.

558. Құрамында сынабы бар ерітінділерді немесе қоспаларды беретін центробежды сальниктер астынан сынапқа және ауыстырылатын материалдар ерітінділеріне төзімді материалдардан жасалған табандар орнатылады.

559. Сынап буы бөлінуі мүмкін ғимараттарда орнатылатын электрдвигательдер нитроэмальды құраммен өңделген тығыз жабысқан металл тыстармен жабылады. Тыстар тігістері алдын ала дәнекерленеді.

560. Сынап-майлы насостардан шығатын орындарды фильтр-жұтушыларды тазартады.

561. Сынап қосындыларымен ластанған ағынды сулар тазартылады. Ол үшін раковина тұстарында және кәріздік желі барысында ұстаушылар орнатылады.

562. Оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа бағытталған есіктер, өтетін орындар, терезе оймалары маңында, эмальданған табандарда бекітілген сынаппен толтырылған приборларды жылыту приборлары мен қыздыру беттері маңында орналастыруға жол берілмейді. Сынап аппаратурасының шыны бөліктері қоршалады.

563. Сынаппен жұмыс істеу кезінде жуан химиялық ыдыстарды немесе сынбайтын шыныдан жасалған ыдыстар қолданылады.

564. Сынапқа ашық қолмен немесе оны ауызбен соруға жол берілмейді. Ашық сынаппен манипулация жасау (оны тазарту, дистилляциялау, приборларды толтыру және тағы басқа) хлорвинил немесе жұқа резина қолқаптарымен табан үстінен тартпа жәшіктерде және жұмыс істеуші желдеткіште жүргізіледі.

565. Дем алу органдарын қорғаугаз қайтарғыштар, оқшаулаушы оттекті приборлар немесе патрондары алмасатын респираторлар арқылы іске асырылады. Дем алу органдарын қорғау құралдары мына жағдайда қолданылады:

1) сынаптың үлкен мөлшері төгілген авариялар кезінде;

2) жергілікті желдету жүйесінің істен шығуы кезінде.

566. Сынаппен жұмыс істейтін қызметкерлердің арнайы киімдері үй киімдерінен бөлек сақталады және аптасына бір реттен жиі емес жуылады.



8-параграф. Спектральды талдау
567. Спкетральды зертханада спектрлерді (доға, ұшқын, жалын) қоздыратын әрбір көздері жану өнімдерінің толық жойылуын қамтамасыз ететін сорғыш құрылғылармен жабдықталады.

568. Конденсирленген жалынмен жұмыс істеу кезінде штатив бәсеңдеткіште-дауыс шығарылмайтын жәшікте орнатылады.

569. Электродтарды қайрау үшін станоктар тозаң жұтушы құрылғылармен жабдықталады.

570. Жұмыс істеушілердің көру қабілетін ультракүлгін сәулелердің әсерінен қорғау шағылысу көздер алдынан қаракөк немесе қызыл түсті стационарлық немесе уақытша экрандар қою арқылы іске асырылады.

571. Ацетилді жалынмен жұмыс істеу кезінде:

1) ацетилді баллон қапсырмалар (хомуттар) арқылы арнайы тұраққа қыздыру приборлары және басқа жылу көздерінен 5 м жақын емес қашықтықта және ашық оттан 10 м қашықтықта орналастырылады;

2) ацетилоны бар баллонды ашқанға дейін от жағу алдында жүктемелі насостың оттыққа ауа беріп тұрғанына көз жеткізіледі;

3) отпен жұмыс жасап болғаннан кейін ацетилен берілуін тоқтатып, содан кейін жүктемелі ауа тоқтатылады.

572. Спектральды прибор штатив астындағы стол қақпағы табақшалы әкпен немесе басқа отқа төзімді материалмен тігіледі.

573. Жұмыс кезінде ұстаушыларға және электродтарға тиісуге жол берілмейді. Электродтарды ауыстыру кезінде генератор сөндіріледі және оның сыйымдылық тізбектері разрядталады. Түсіру аяқталғаннан кейін генератор сөндіріледі.

574. Жол берілмейді:

1) құрылғыларда доғамен, ұшқынмен, жалынмен және қауіптілігі жоғары басқа құралдармен бір адамның жұмыс істеуіне;

2) жарықтану газы немесе доғалы, ұшқынды, жалынды ацетилин ағуы анықталған ғимаратта немесе ашық отты пайдалануға, электр құрылғыларын қосу және сөндіруге.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет