Геологияның парадигмалары ретінде


Фиксизм жəне мобилизм, олардың ұқсастықтары



бет17/24
Дата05.12.2022
өлшемі257.5 Kb.
#466485
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
лек 3

3.4. Фиксизм жəне мобилизм, олардың ұқсастықтары
мен айырмашылықтары
Фиксизм – ұзақ уақыттар бойына геология ғылымындағы
басты парадигма рөлін атқарған геотектоникалық зерттеулер
бағыты. Фиксизмнің негізгі қағидасы кез келген геологиялық
зерттеу нысанының қазіргі таңдағы орналасу орны оның алғаш
түзілу (қалыптасу) орнына сəйкес келеді деп есептейді, яғни,
бұл тұжырымдамалар жиынтығына сəйкес, геологиялық
нысандар көлбеу бағытта жылжымаған, өздерінің қазіргі
орнында ұдайы сақталған, олар тек қана кезінде төмен қарай
ойысу нəтижесінде түзілген, кейінірек жоғары көтерілуі
нəтижесінде қатпарлы құрылымдарға айналған. Фиксизмнің
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
86
теориялық негізі ретінде «Геосинклиндер туралы ілім» аталады
(Геосинклиндер дамуының төрт сатысы тек қана жоғары-төмен,
яғни тік бағыттағы қозғалыстармен сипатталатындығы 4 дəріс
ауқымында айтылды).
«Геосинклиндер туралы ілімнің» талай геологиялық
процестердің туындау механизмін түсіндіріп бере
алмайтындығы (жоғары-төмен қозғалыстар табиғатын,
қатпарлықтың қалыптасу табиғатын, т.с.с.), сондықтан бұл
парадигма екінші планға ысырылып, геология ғылымына жаңа
парадигма келгендігі де жоғарыда сөз болды. Бұл парадигма
«Литосфералық тақталар тектоникасы (ЛТТ)» деп аталады, ал
осы тұжырымдаманың негізгі қағидаларын дəріптейтін
геотектоникалық зерттеулер бағыты мобилизм деген атауға ие.
Мобилизмнің фиксизмен басты айырмашылығы – бұл
геотектоникалық бағыт тектоникалық құрылымдарды
қалыптастырудағы негізгі рөлді көлбеу (горизонталь)
бағытталған тектоникалық қозғалыстар атқарады деп
есептейді, ал «Геосинклиндер туралы ілім» негізінен тік
бағытталған (жоғары-төмен бағытталған) қозғалыстарды
дəріптейтіндігі белгілі.
Геотектоникадағы __________мобилистік бағыттың негізін салушы –
неміс географы (метеорологы) Альфред Вегенер. Өзінің қысқа
ғана өмірін Гренландияның ауа райын зерттеуге арнаған
А.Вегенер 1910 жылы əлемнің физикалық картасына қарап
отырып, Атлант мұхитының қарама-қарсы жағалауларындағы
континенттер жиегінің (əсіресе Африка мен Оңтүстік
Американың) бір-біріне өте ұқсас екендігіне назар аударған.
Осы жайт аталған континенттердің көне геологиялық эралар
мен кезеңдерде тұтас материк құрағандығының, кейінірек олар
«быт-шыт боп жарылып», əртүрлі бағытқа көлбеу (горизонталь)
бағытта жылжып кетуінің нəтижесі болуы мүмкін-ау деген ой
А.Вегенрге осы мəселені одан əрі тиянақты түрде зерттей түсуге
түрткі болған. Мұндай зерттеулер Вегенрдің негізгі идеясы,
яғни континенттердің көлбеу бағытта жылжу идеясы шындыққа
расынан да жақын екендігін дəлелдеуге мүмкіндік берді.
А.Вегенер өз идеясының дұрыстығын дəлелдеу үшін төрт түрлі
Геотектоника жəне геодинамика
87
фактілер жиынтығын пайдаланды, олар: 1) жоғарыда
айтылғандай, Атлант мұхиты жағалауларындағы континенттер
жиегінің бір-біріне ұқсастығы, яғни оларды «қайтадан
жылжытып əкеліп» бір-бірімен қиюластырғанда расынан да
тұтас материк шығатындығы (3.10-суретке қараңыз);
3.10-сурет. Атлант мұхитының соңғы мезозой–кайнозой эраларында
ашылуы нəтижесінде ажырап кеткен континент бірліктерінің
жымдасуы, Э.Буллард ж.б., (1965) бойынша (В.Е.Хаин мен
М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами геодинамики»
оқулығынан алынды. Москва, 2005).
2) Атлант мұхитының жағалауларында орналасқан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет