Геологияның парадигмалары ретінде



бет3/24
Дата05.12.2022
өлшемі257.5 Kb.
#466485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
лек 3

жер қыртысындағы жəне оны төсейтін жоғарғы мантия
қабатындағы заттардың өздерінің тығыздықтарына қарай
жіктелуімен байланысты деп тұжырымдайтын
геотектоникалық жорамал. Екі варианты бар, бірінші
варианты 1933 жылы голландиялық ғалым ван Беммелен
ұсынған «Ундация жорамалы», екіншісі 1942-43 жылдары
В.В.Белоусов ұсынған «Радиожылыстау жорамалы».
2.1. Ундация жорамалына сəйкес, Жерге тиесілі заттардың
геохимиялық өзгерістерге ұшырау процесіне айтарлықтай мəн
беріледі: негізінен гравитациялық жіктелу (заттардың
тығыздығы, яғни салмағы тұрғысынан жіктелу) процесін жүзеге
асыратын планета заттарының геохимиялық өзгерістері осы
планета қимасының кейбір тұстарында жеңіл материалдардың,
ал екінші өңірлерінде ауыр материалдардың шоғырлануына
жағдай жасайды-мыс. Бұл процесс планета заттары
орналасуының тепе-теңдігін бұза отырып, жеңіл заттардың
жоғары көтерілуіне, ал ауыр заттардың төмен қарай
жылыстауына əкеліп соқтырмақ; заттардың осылайша
жылыстауы тектоникалық қозғалыстар туындауының басты
себебі болып табылады, ал заттардың өз салмағына қарай
жіктелуі барысында бөлініп шығатын жылу энергиясы сол
тектоникалық қозғалыстарды тудырушы басты энергия көзі
рөлін атқарады-мыс.
Геотектоника жəне геодинамика
53
2.2. Радиожылыстау жорамалы бірнеше қағидаларға
негізделген: 1) Жер дамуының ең басты энергетикалық факторы
оны құрайтын заттардың радиоактивтілігі; 2) планетамыз
алғашында «салқын» заттардан __________құралған (Шмидт–Фесенков
жорамалына сəйкес), оның радиоактивті жылу əсерінен
қыздырылуы жəне тығыздала түсуі кейінірек жүзеге асқан;
3) қатпарлану процесі қызған заттардың жоғары көтерілуі
барысында жүзеге асатын қосалқы процесс болып табылады;
4) Жердің алғашқы заттарының радиогендік жылу əсерінен
жіктелуі жəне тығыздала түсуі өз бойына радиоактивті заттарды
молынан кіріктірген жəне біршама жеңіл гранитті
материалдардың жоғары «қалқып шығуымен», ал ауыр
материалдардың төмен қарай жылыстауымен орайласады; жер
қыртысының белгілі бір бөлікшелерінің төмен ойысуы немесе
жоғары көтерілуі осы процестермен байланысты-мыс.
3. Астенолиттік жорамал. АҚШ ғалымдары ағайынды
Б. жəне С. Виллистер 1941 жылы ұсынған бұл жорамалға
сəйкес, Жер болмысындағы радиоактивті заттардың орналасуы
біркелкі емес, яғни планета қимасының кейбір тұстарында
аталған заттар көбірек шоғырланған, ал екінші өңірлерде олар
ыдыраңқы күйде; радиоактивті заттардың молынан
шоғырланған өңірлерінде олардың өздігінен ыдырауы
нəтижесінде температура күрт көтеріледі-мыс, сөйтіп нақ осы
өңірдегі заттардың (таужыныстардың) тез балқып кетуі
астенолит-тердің қалыптасуын __________қамтамасыз етеді-мыс.
Астенолиттердің жоғары көтерілуі оның үстіңгі өңіріндегі жер
қыртысы бөлікшелерінің көмпие көтерілуін қамтамасыз етуі
тиіс.
4. Қыртысасты ағындары жорамалы. Ағылшын
зерттеушісі Холмс 1929 жылы алғаш ұсынған бұл жорамалға
сəйкес, жер қыртысындағы ойысымдар мен көтерілімдердің
қалыптасуы жер қойнауының беткі жазықтықтан бірдей
тереңдіктегі деңгейлерге тəн температура мөлшерлерінің
əртүрлі болуынан туындайтын өте баяу (жылына 1–10 см)
конвекциялық ағымдардың əсері деп есептелінеді: жер
мантиясы деңгейінің қатты қызған өңірлері жоғары бағыт-
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
54
талған ағындарды қалыптастырса, жер қыртысының табанына
«келіп тірелген» мұндай ағындар тарамдала отырып, қайтадан
төмен бағытталатын ағындарға ауысады-мыс; жоғары
бағытталған ағымдар көтерілімдерді қалыптастырса, төмен
бағытталғандары ойысымдарды қалыптастырмақ.
5. Ротациялық жорамал. Жердің тектоникалық даму
ерекшеліктерін планетаның өз өсінен айналуына тигізер сырт
күштердің əсерімен түсіндіруге тырысатын геотектоникалық
жорамал.
6. Неоконтракциялық жорамал. Жер балқымалы заттар
есебінен қалыптасты, сол заттардың бірте-бірте суынып
«тарылуы» жер қыртысына тиесілі заттарды қатпарлайды» деп
дəріптейтін, жоғарыда сөз болған «Контракциялық
жорамалдың» жаңа варианты. Бұл жорамалға сəйкес, планета
тектогенезінің себептерін сол планета көлемінің бірте-бірте
кішірейіп келе жатқандығымен, соның салдарынан жер
қыртысы заттарының сығымдала түсуімен түсіндіруге
тырысады. Планетаның ішкі өңірінің бірте-бірте кішіреюі оның
сыртқы қабатына (жер қыртысына) «кеңдік қылатын» болады,
бұл жайт сол жер қыртысына тиесілі таужыныс қабаттарының
бүйірлік сығымдалуға ұшырауына себепкер болуы тиіс. Олай
болса, бұрынғы геосинклиндердің орнында қатпарлы
құрылымдардың қалыптасу процесін осы бүйірлік қысым
əсерімен түсіндіруге əбден болады-мыс. Жер радиусының
қысқаруы, яғни оның көлемінің кішіреюі екі процеспен
байланысты деп есептеледі: 1) қайткенмен де планетаның бірте-
бірте суыну процесі əлі де болса жүріп жатқан болса керек, ал
бұл процесс заттардың тығыздала түсуімен орайлас өтетіндігі
мəлім; 2) қыртысасты заттарының гравитация əсерінен
тығыздала түсуі, сондықтан да планета заттарының
тығыздығының артуы, сөйтіп өз көлемін кішірейтуі.
Жоғарыда сөз болған геотектоникалық жорамалдардың
басым көпшілігі жер қыртысындағы тік (жоғары-төмен)
бағытталған қозғалыстар табиғатын анықтауға, кейбіреулері
жер қыртысына тиесілі таужыныс қабаттарының қатпарлану
механизмін ашып көрсетуге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, бұл
Геотектоника жəне геодинамика
55
жорамалдардың барлығы да «Геосинклиндер туралы ілімнің»
негізгі қағидаларын (басты-басты даму сатыларын) негіздеуге
бағытталған.
Алайда жоғарыда сипатталған жорамалдардың барлығы да
жай ғана жорамал күйінде қалып отыр, себебі қазіргі таңда ұзақ
уақыт бойына геологиядағы негізгі парадигма рөлін атқарған
«Геосинклиндер туралы ілімнің» өзі де екінші планға
ысырылды. Аталған тұжырымдаманың бүгінгі таңда жарамсыз
болып қалуының үш түрлі себебі бар, олар: 1) бұл тұжырымдама
геосинклиндердің туындауын, дамуын жəне тұрақтануын тек
қана тік (жоғары-төмен) бағытталған тектоникалық
қозғалыстармен түсіндіруге тырысты, яғни қазіргі таңда
кеңінен белгілі болып отырған көлбеу (горизонталь) бағыттағы
қозғалыстарға мəн бермеді; 2) жоғарыда сипатталған
геотектоникалық жорамалдардың мазмұны көрсеткеніндей,
«Геосинклиндер туралы ілім» ауқымында сол тік бағытталған
қозғалыстардың туындау себептері мен көрініс беру механизмі
де біржақты дəлелденген жоқ; 3) «Геосинклиндер туралы ілім»
сол геосинклиндер ауқымында кеңінен көрініс беретін
қатпарлық табиғатын ашып бере алмады. Жалпылама қисын
тұрғысынан алғанның өзінде-ақ бұрын «жазыла көсілген»
таужыныс қабаттары қатпарлануы (жиырыла жинақталуы) үшін
тек қана тік бағытталған кернеулер (қозғалыстар) жеткіліксіз
екендігі түсінікті, ол үшін міндетті түрде көлбеу (горизонталь)
бағытталған кернеулер (бүйірлік қысым) қажет. Ал
«геосинклиндер туралы ілім» осындай кернеулер туғызуға
қабілетті көлбеу (горизонталь бағытталған) тектоникалық
қозғалыстарды мойындамады. Бұл сөз болып отырған
тұжырымдаманың басты кемшіліктерінің бірі еді.
«Геосинклиндер туралы ілімнің» парадигмалық рөлден
айрылып, екінші планға ығыстырылуына себепші болған мəселе
ХХ ғасырдың екінші жартысында «Литосфералық тақталар
тектоникасы (ЛТТ)» деп аталатын жаңа парадигманың дүниеге
келуі болатын. Арнаулы зерттеулер нəтижесінде жер
литосферасы мен жер қыртысында көлбеу (горизонталь)
бағытталған тектоникалық қозғалыстар шешуші рөл
атқаратындығын дəріптейтін бұл жаңа парадигмаға тоқталмас
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
56
бұрын бұған дейін талай рет сөз болған тектоникалық қозғалыс
типтеріне, осы қозғалыстар нəтижесінде жер қыртысында
туындайтын таужыныстардың деформациялық өзгерістеріне
тоқталып өтеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет