3.2. Тектоникалық қозғалыс типтері. Қазіргі замандағы
тектоникалық қозғалыстар, оларды зерттеу əдістері
«Тектоникалық қозғалыстар» – дегеніміз литосфераның,
оның ішінде жер қыртысының қимасындағы геологиялық
денелердің құрылымын өзгертетін, Жердің астеносфера жəне
литосфера деңгейлерінен бастау алатын механикалық
қозғалыстар жиынтығы. Ол Жер планетасының əртүрлі деңгей-
лерінде болып жататын физикалық-химиялық процестермен
байланысты туындайтын болса керек. Тектоникалық
қозғалыстарды туындатушы кернеулер (күштер) ретінде
негізінен жер қойнауынан бөлінетін жылу энергиясы аталады;
планетаға тəн гравитациялық энергия да өз үлесін қосуы
мүмкін; Күн мен Айдың Жерге тигізер əсерін, өзге де ғарыштық
энергия көздерін де естен шығаруға болмайды.
Тектоникалық қозғалыстар бірнеше типтерге (түрлерге)
бөлінеді, олардың негізгілерін қысқаша ғана сипаттап өтелік.
1. Эпейрогендік тектоникалық қозғалыстар – өте жай жəне
ұзақ уақыттар бойына етек ала отырып, ірі-ірі аймақтардың
жоғары көтерілуін немесе төмен жылжуын (тік бағытталған)
қамтамасыз ететін, бірақ сол аймақтардың ішкі құрылымын
өзгертпейтін қозғалыстар. Мұндай қозғалыстар нəтижесінде тұтас
континенттер, мұхиттық жəне континенттік үстірттер қалыптасады
деп есептеледі. Орогендік, яғни қатпарлы тектоникалық
қозғалыстармен салыстырғанда эпейрогендік тектоникалық
қозғалыстар өзі қамтыған аймақтың ішкі құрылысын өзгертпейді,
яғни мұндай қозғалыстар нəтижесінде аймақтың қимасын
құрайтын таужыныс қабаттары қатпарланбайды жəне
жыртылмайды. Эпейрогендік тектоникалық қозғалыстардың
синонимі – тербелмелі қозғалыстар.
2. Орогендік тектоникалық қозғалыстар – тау жүйелерін
қалыптастыратын тектоникалық қозғалыстар. Бұл
Геотектоника жəне геодинамика
57
қозғалыстардың өздеріне тəн сипаттары олардың қысқа
мерзімділігі (геологиялық уақыт тұрғысынан алғанда), бір сəттілігі,
өте жоғары қарқындылығы жəне орогендік белдеулер мен жүйелер
(таулар) ауқымында ғана көрініс беруі. Эпейоргендік, яғни
тербелмей тектоникалық қозғалыстармен салыстырғанда
орогендік тектоникалық қозғалыстар өздері қамтыған аймақ
қимасын құрылымдық өзгерістерге ұшыратады, яғни қиманы
құрайтын таужыныс қабаттары қарқынды түрде қатпарланады
жəне əртүрлі дəрежедегі жыртылыстармен бөлшектенеді.
Қатпарлар мен жыртылыстарды қалыптастыруда тік
бағытталған кернеулер де, көлбеу (горизонталь) бағытталған
кернеулер де атсалысатын болса керек орогендік тектоникалық
қозғалыстар терминінің синонимі – қатпарлы қозғалыстар.
3. Континенттер дрейфі – тұтас континенттердің
(материктердің) немесе олардың ірі-ірі бөліктерінің көлбеу
(горизонталь) бағытта алыс қашықтықтарға жылжып кетуін
қамтамасыз ететін жалпыпланеталық тектоникалық қозғалыстар.
континенттер дрейфінің қозғаушы күші астеносфера қимасындағы
конвекциялық ағымдар деп есептеледі.
4. Спрединг – Əлемдік мұхит алабының Орталық-
мұхиттық жоталар деп аталатын аймақтарында жаңадан
қалыптасқан мұхиттық литосфераның континент
жағалауларына қарай көлбеу (горизонталь) бағытта ұдайы
жылжып отыруымен сипатталатын процесс жəне тектоникалық
қозғалыс түрі. С. процесін кейде «мұхит түбінің базальттармен
жаппай көмкерілуі» деп те атайды (3.2-сурет). Бұл
қозғалыстардың да негізгі қозғаушы күші астеносфера
қимасындағы конвекциялық ағымдар деп есептелінеді.
5. Субдукция – спрединг процесі нəтижесінде континент
Достарыңызбен бөлісу: |