Геологияның парадигмалары ретінде


Геологиялық формациялар жəне олардың



бет8/24
Дата05.12.2022
өлшемі257.5 Kb.
#466485
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
лек 3

3.3. Геологиялық формациялар жəне олардың
деформациялары
Кез келген тектоникалық құрылым бір топ геологиялық
формациялардың жиынтығынан тұрады жəне осы
формациялардың көпшілігі деформацияға ұшыраған түрде
ұшырасады. Геотектоника ғылымының басты мақсаты –
аталған формациялардың қашан жəне қандай геодинамикалық
жағдайда қалыптасқандығын, сол сияқты формациялардың
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
66
қашан жəне қандай жағдайда деформацияға ұшырағандығын
қадағалау, сөйтіп зерттелген тектоникалық құрылымның
жалпылама даму тарихын сатылай отырып, қалпына келтіру
болып табылады.
Геологиялық формация – түзілу жағдайының
ортақтығымен (ұқсастығымен) сипатталатын, жер қыртысының
басты тектоникалық құрылымдары (құрылымдық элементтері)
дамуының нақтылы сатыларында ғана қалыптасатын
таужыныстардың тектік түрлерінің заңды жəне тұрақты түрде
астасу бірлестіктері. Геологиялық формациялардың болмыс-
бітімі мен өзіндік ерекшеліктері олардың алғаш қалыптасу
жағдайы жайлы мағұлмат бере алады, мұның өзі əрбір
тектоникалық құрылым ауқымындағы таужыныстар кешенін
«формациялық талдау əдісі» көмегімен саралау нəтижесінде
жүзеге асады («формациялық талдау əдісінің» мəн-мағынасы 1-
дəріс ауқымында айтылды).
Геологиялық формациялардың жиынтығының алғаш
қалыптасуы – тектоникалық қозғалыстардың нəтижесі, себебі
тек қана осындай қозғалыстар нəтижесінде жер бетінің бет-
бедері (рельефі) қалыптасады. Геологиялық формациялардың
жиынтықтары негізінен осы бет-бедердің ойыс аймақтарында
(мұхит немесе теңіз түптерінде, өзге де аймақтық ойыс
құрылымдарда) алғаш рет түзіледі. Алайда осылайша
қалыптасқан формациялар көлбеу (горизонталь) бағытта жайыла
төселген қатқабаттар жиынтығы түрінде қалып қоймайды, олар
тектоникалық құрылымның одан əрі дамуы барысында міндетті
түрде деформацияға ұшырайды. Олардың деформацияға
ұшырауы да, сайып келгенде, тағы да тектоникалық
қозғалыстардың нəтижесі. Осы тұрғыдан «алғашқы
тектоника» жəне «туынды тектоника» деген түсініктер
қалыптасқан: алғашқы тектоника планета бетінің бедерін
(рельефін) қалыптастыра отырып, оның ойыс аймақтарында
геологиялық формация жиынтықтарының алғаш түзілуін
қамтамасыз етеді; туынды тектоника осылайша түзілген
формациялардың деформацияға ұшырауына, сөйтіп алуан түрлі
қатпарлы құрылымдар қалыптасуына жағдай жасайды. Осы
Геотектоника жəне геодинамика
67
тұрғыдан алғанда, геотектоника ғылымының басты мақсаты –
«алғашқы тектоника» мен «туынды тектоника» нəтижесінде
пайда болған, дамыған жəне тұрақтанған тектоникалық
құрылымдар тарихын, олардың ауқымындағы геологиялық
формациялар жиынтығының түзілу жағдайын жəне олардың
деформацияға ұшырау ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу
нəтижесінде, анықтау болып табылады.
Қазіргі кезде тектоникалық құрылымдардың жаралу, даму
жəне тұрақтану сатыларын сатылай отырып, қадағалауға
мүмкіндік беретін бір топ «төлнұсқа формациялар» («эталон-
формациялар») дараланған. Олар қазіргі кезде жер шарының
əртүрлі аймақтарында, əртүрлі геодинамикалық жағдайларда
түзіліп жатыр. Олардың құрамдық ерекшеліктері өздерін жазбай
танымалдауға, сөйтіп олардың қандай тектоникалық режимде
жəне сол режимнің қандай даму сатысында түзілгендігін
анықтауға мүмкіндік береді. Сол төлнұсқа формациялардың
басты өкілдері мыналар.
«Рифтогендік формациялар» жиынтығы байырғы
континенттердің белгілі бір аймағының алғаш жыртыла бастау
сəтін, сөйтіп көлбеу (горизонталь) бағытта бір-бірінен ажыраған
«континент сынықтарының» бірте-бірте бір-бірінен даралана
бастау жағдайын белгілейді (Африка рифтілерінің аймағы). Бұл
формациялар жиынтығы сілтілік дəрежесінің жоғары
көрсеткіштерімен сипатталатын алуан түрлі вулканогендік
таужыныстар мен алуан түрлі шөгінді таужыныстар
жиынтығынан тұрады.
«Салғырт континенттік жағалау формациялары»
континенттік рифтінің мұхиттық рифтіге ауысуы салдарынан
«ашылған» мұхит алабының бір-бірінен бірте-бірте қашықтап
бара жатқан жағалауларында түзіледі. Бұл формациялар
жиынтығы вулканогендік таужыныстардың мүлде
ұшыраспауымен, яғни негізінен шөгінді таужыныстардан
тұратындығымен ерекшеленеді (Атлант мұхитының
жағалаулары).
«Офиолитті формация» – мұхит алабының түбінде
түзілетін формация. Болашақ қатпарлы құрылым аймағында
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
68
бұрын мұхиттық қыртыс болғандығын дəлелдейтін бұл
формацияның қимасы үш түрлі таужыныс бірлестіктерін
біріктіреді, олар – ультранегізді жəне негізді құрамды
интрузиялар, толеитті базальттар жəне тереңсулық шөгінділер.
Бұл үштікті кейде «Штейнманн үштігі» деп атайды (бүкіл
мұхиттардың ішкі өңірлері).
«Аралдоғалық формациялар» жиынтығы Аралды доғалар
ауқымында түзіле отырып, мұхит алабының қайтадан «жабыла
бастау» жағдайын белгілейді. Бұл формациялардың жиынтығы
белсенді континенттік жағалаулар өңірінде ғана түзіледі,
бұлардың түзілуі бұрын түзілген формациялардың қатпарлана
бастау уақытына сəйкес келеді. Аралдоғалық формациялар
алуан түрлі шөгінді жəне вулканогендік таужыныстарды
біріктіреді, алайда вулканиттердің арасында андезиттер шешуші
рөл атқарады (Тынық мұхиттың батыс жағалаулары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет