«шұңғыл науаларды», «аралды доғаларды» жəне «шеткі
теңіздерді» біріктіретін бірегей белдем қалыптасады (соңғы
құрылымдар қиманың сол жақ бөлігінде кескінделген).
Тектоникалық қозғалыстарды туындататын негізгі энергия
көзі Жер планетасының қойнауларында жинақталған жылу
энергиясы деп есептеледі. Экзогендік күштердің, яғни Ғарыш
кеңістігінен бағытталған күштердің тектоникалық
қозғалыстарды қалыптастыруда айтарлықтай рөлі жоқ десе де
болады. Ал ішкі энергия көздерінен туындаған кернеулердің
бағыт-бағдары тік болуы да, көлбеу (горизонталь) болуы да
ықтимал. Бұл кернеулердің жəне солардың əсерінен туындайтын
тектоникалық қозғалыстардың жер қыртысына (литосфераға)
тиесілі тектоникалық құрылымдарды қалыптастырудағы жəне
дамытудағы рөлі жоғары мантиядағы қозғалыс бағыттарына
тəуелді.
Тектоникалық қозғалыстардың көзбе-көз зерттеуге
болатын жалғыз-ақ түрі бар, ол адамзат өмір сүріп отырған
қазіргі заманда болып жатқан қозғлыстарды арнаулы əдістер
көмегімен зерттеу. Мұндай зерттеулермен «жалпы
Геотектоника жəне геодинамика
61
геотектоника» ауқымында жеке-дара отау тіккен
«жаңатектоника» деп аталатын ғылыми пəн айналысатындығы
1-дəрісте айтылды.
Қазіргі заманғы тектоникалық ____________қозғалыстарды зерттеудің
бірнеше əдісі бар, енді соларға қысқаша ғана тоқталып өтелік.
1. Тарихи (тарихи-археологиялық) əдіс. Қазіргі заманда да
тербелмелі тектоникалық қозғалыстар болып тұратындығы
теңіз жағалауларына салынған ғимараттардың бір аймақтарда
бірте-бірте суға батқандығын, ал екінші аймақтарда, керісінше,
жоғары көтерілгендігін анықтау нəтижесінде белгілі болған.
Мəселен, Қара теңіз, Азов теңізі жəне Каспий теңізі
жағалауларында аталған өзгерістер болып өткендігі бірнеше
аймақтарда байқалған: Сухуми мүйісінде ежелгі гректің
Диоскури колониясының ғимараттары суға батып кеткендігі
белгілі болған; Азов теңізінің солтүстік жағалауларында су
астынан ежелгі гректердің ыдыс-аяқтары, яғни амфоралары
табылған; Николаев қаласының маңында ежелгі скифтердің
қорғандары су астына батып кеткендігі белгілі. Осындай жайттар
Жерорта теңізі жағалауларында да байқалған: ежелгі
римдіктердің бұрынғы көшелері қазіргі таңда су астында
қалғандығы анықталған; Марсель қаласының жанында
орналасқан Фос шығанағында 6 м тереңдіктен ежелгі
римдіктердің Ис деп аталатын қаласы табылған. Неополь
қаласының маңындағы Серапис пен Пуццуоли ғибадатханасының
орны су астында қалғандығы белгілі. Голландия елі өз
аумағының су астында қалу қаупін Х-ХІ ғасырдан бері ұдайы
сезініп келеді, сондықтан олар сол кезден бастап бөгеттер
тұрғыза бастаған да, оларды ұдайы биіктетіп отыруға мəжбүр
болған. Қазір бұл бөгеттердің биіктігі 15 м-ден астам. Осы
көрсеткіштен есептегенде, бұл аймақтың жыл сайынғы төмен
ойысу мөлшері орта есеппен 0,5-0,7 мм-ге сəйкес келеді.
Жоғарыда келтірілген деректер адамзат тарихының өзінде-
ақ аталған аймақтардың тербелмелі қозғалыстар нəтижесінде
төмен ойысқандығын дəлелдесе, екінші аймақтарда «жоғары
көтерілу» мысалдары да ұшырасады. Мəселен, Ферғана
ойысындағы Андижансай жəне Шарикансай деп аталатын
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
62
өзендердің арнасы ежелгі суландыру арнасы болып
табылатындығы анықталған; бұл өзендер қазіргі заманда
біршама жоғары көтерілген адырлы аймақты 13-14 м тереңдікке
«тілгілеп жібергендігі» байқалады. Ферғана аңғарындағы су
Достарыңызбен бөлісу: |