25
Энергия бөлінуі және сілкіну күшіне қарай жерсілкіну
микросейсмикалы,
макросейсмикалы және мегасейсмикалы болып бөлінеді
.
Тектоникалық жерсілкіну негізгі және ең көп тараған типі. Олардың күші
әртүрлі, ал саны өте көп. Бұл типтің әлсіз сілкінулері үздіксіз құралдар арқылы
тіркеледі. Жерде әр минутта 2-3 макросейсмикалық соққы, ал апатты
(мегасейсмикалы) жерсілкіну жылына 1-2 рет байқалады.
Жанартаулық жерсілкіну жанартаулы атқылауларда үлкен күшпен келіп,
бірақ жанартау маңында ғана байқалады.
Опырылымдық
жерсілкіну
көшкіндер
қозғалысында, үңгірлердің
жабындарындағы опырылымда, таулы беткейлерде, жеке
жағдайларда,
ғимараттар жарылуында және жасанды құрылыстарда байқалады, бірақ кеңінен
таралмайды. Опырылымдардың жиі туындау себептері күшті тектоникалық
жерсілкіну болып табылады.
Соқпалық (метеориттік, ғарыштық) жерсілкіну қазіргі кезде тек өте ірі
метеориттер құлауынан байқалады.
Антропогендік жерсілкіну адамзаттың әрекетінен туындайды
. Оларға ескі
тау-кен үңгімелерінде, күшті атқылауларда опырылым пайда болады, көбінесе
бөгеттер, каналдар құрылыстарында қолданылады.
Жер қойнауында тербелістердің байқалуы фокусы не гипоцентрі деп аталады.
Жер бетіндегі гипоцентрдің жобасы, жерсілкіну эпицентрі деп аталады.
Эпицентрінде жерсілкіну ертерек, аз ғана күшпен байқалады. Жерсілкінуде
сейсмикалық толқындар – серпімді тоқындар пайда болады. Олар деформация
типтері бойынша бөлінеді: бойлық, көлденең және беттік. Толқындардың таралу
жылдамдығы таужыныстарының құрамы, құрылысы және физикалық жағдайына
тәуелді болады. Жерсілкіну – сейсмограф құралы көмегімен зерттеледі.
ТМД-да жерсілкіну күші 12-баллды шкаламен анықталады, әлсіз жерсілкіну –
1 балл, ең күшті -12 баллмен бағаланады.
1-2 балл жерсілкіну күші
тек аспаптармен белгіленеді, 3-5 балл – адамдар
сезеді, бірақ жарылыс болмайды, 6-9 балл – ғимараттар қирайды, 10-11 баллда
ғимараттар құлап, грунтты суларының режимі бұзылады, грунттарда
жарылымдар пайда болады, тауларда опырылымдар байқалады, 12 баллда барлық
құрылыстарда апатты қирайды, бедер, грунтты су режимі өзгереді.
Күшті жерсілкінулер жер шарының барлық сейсмикалық станцияларда
тіркеледі. Сейсмикалық толқындардың таралу жағдайлары және ошақтарды
анықтау жер қыртысының құрылысын және
барлық Жердің қыртыс асты
қабықтарын зерттеу үшін маңызды қажетті материал болып табылады.
Ең көп сейсмикалық белсенді Тынықмұхит және Жерорта теңіз белдеуі
ерекшеленеді. Жерсілкінудің эпицентрі мұхит түбінде орналасса, мұхит түбі жеке
учаскелерінде ерекше цунами деп аталатын толқындар туындап, кенеттен орын
ауысу байқалады. Цунами үлкен жылдамдықпен таралады. Ашық мұхиттарда
байқалмайды, таяз су жағалауларында толқын биіктігі толқынға үлкен қирату
күш беріп 30-40 м-ге жетуі мүмкін.
Жерсілкінудің бедер түзу маңызы бірқатар жағдайларда өте маңызды. Жердің
жоғарғы бетіне шығатын сейсмикалық деформациялар үлкен қызығушылық
танытады. Оларға
эскарп пішінді кертпештер, тектоникалық жарылымдар, жер
26
қыртысы блоктарының көтерілуі және төмен түсуі, көлденең ығысу, қатпарлар
т.б. Жарылымдар көптеген километрге жайылып ені бірнеше метрге және
тереңдігі бірнеше 30-60 м-ге жетеді. Жарылым бойынша ығысулар (көтерілу,
төмен түсуі және көлденең ығысулар) метрмен өлешенеді(5-15 м). Бедердің үлкен
өзгеріске ұшырауы, жарылымдар, опырылымдар, сырғымалар, сейсмикалық
соққы себебі жылжымалар, олар жергілікті жерлерге, қопсық шөгінділер
қалыңдығы, бірқатар аумақтарда жартасты таужыныстармен (тауларда)
сипатталады.
Негізгі әдебиеттер. 1 [27-46], 2[39-52; 63-66 ], 4 [272-288].
Бақылау
сұрақтары
1. Пликативті тектоникалық жарылымдар.
2. Дизъюнктивті тектоникалық жарылымдар.
3. Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері.
4. Жер қыртысын зерттеудің негізгі әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: