«геоморфология және геология негіздері»



Pdf көрінісі
бет22/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

Метаморфизм – таужыныстардың жер қыртысында физикалық-химиялық
жағдайлардың өзгеруіне әкелетін эндогендік процестер ықпалынан түрленуі.
Түрленуге кез-келген таужыныс, яғни шөгінді, магмалық және бұрын жаралған
метаморфтық таужыныстар ұшырауы мүмкін. Таужыныстар өздері жаралған
жағдайлардан өзгеше физикалық-химиялық жағдайларға түскенде, олардың
минералдық құрамы, құрылымы мен бітімі өзгереді. Метаморфизм кезінде
таужыныстың минералдық құрамының өзгеруі екі жолмен жүреді: 1)
изохимиялық, яғни метаморфталатын таужыныстың химиялық құрамы
өзгермейді; 2) метасоматоздық, яғни метаморфталатын таужыныстың химиялық
құрамы заттың әкелінуі мен әкетілуі есебінен елеуі өзгереді.
Метаморфизм – күрделі химиялық құбылыс, ол температураның,
қысымның және химиялық белсенді заттың комплексті ықпалына байланысты.
Олар метаморфизм факторлары деп аталады.
Табиғи жағдайларда жер қыртысының әр түрлі бөлікшелерінде
метаморфизмнің бірнеше факторы бірге білінеді. Бірақ олардың біліну масштабы
тұтастай және метаморфизм процесіндегі фактордың салыстырмалы ролі нақты
геологиялық жағдайда білінеді. Кеңiстiктегi орналасу ерекшелiктерi мен
процестiң құлаш жаюы бойынша метаморфизмнiң екi типi бөлiнедi: локальдық
(жергілікті немесе шектеулi) және аймақтық. Олар метаморфизм факторларының
басым ықпалына байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi: термалық (басты
фактор – температура), динамометаморфизм (қысым) және метасоматоздық
(химиялық 
белсендi заттар). Термалық (немесе 
жапсарлық) және
динамометаморфизм (немесе катаклаздық) шектеулi алқапта бiлiнсе, ал
метасоматоздық метаморфизм шектеулi де, аймақтық та жағдайларда дамиды.
Шөгінді және магмалық таужыныстар жер қыртысы қозғалыстарының
салдарынан жоғары температураның, үлкен қысымның және әр түрлі газ бен су
ерітінділерінің әрекетіне ұшырауы мүмкін. Әрине, мұндай жағдайда олар өзгере
бастайды. Үлкен тереңдіктерде таужыныстарға жоғары температура, қысым мен
постмагмалық ерітінділер бірге ықпал етуі нәтижесінде туындайтын аймақтық
метаморфизм жер қыртысының әр түрлі таужыныстардан тұратын өте үлкен
бөлікшелерін 
қамтиды. Жер 
қыртысы 
метаморфтық 
құбылыстардың
қарқындылығы бойынша үш белдемге (зонаға) бөлінеді. У.Грубенманн мен


37
С.Ван-Хайз оларды (экзогендік процестер алқабын санамағанда) үшке жіктеген:
1) эпизона (жоғарғы белдем); 2) мезозона (ортаңғы белдем); 3) катазона (төменгі
белдем).
Температура – метаморфизмнiң ең маңызды факторы, ол минерал жаралуға
әсер етедi және белгiлi бiр минералдар ассоциациясының қалыптасуын
анықтайды. Температура өсуi жағдайында қайта кристалдану, iрiлеу түйiрлi
құрылымдардың балқып жаралуына әкеледi.
Қысым – метаморфизмнiң екiншi факторы. Қысым екi түрге: геостатикалық
қысымға – оны жоғарғы жағында жатқан таужыныс қатқабаттарының массасы
туындатады; және тектоникалық қозғалыс туындататын бағытталған қысымға
(стресске) бөлiнедi. Метаморфтық таужыныстардың ең көп таралған тобы –
тақтатастарға тән.
Химиялық белсендi заттар – метаморфизмнiң үшiншi, ең басты болуы да
ықтимал, факторы. Оларға су мен көмiр қышқылы кiредi. Маңызды рөлдi
сонымен қатар N, Cl, P, B, S және басқа элементтер қосылыстары да атқарады.
Бұл заттар күрделi құрамды ерiтiндiлер ретiнде таужыныстар арқылы жылыстап,
оларға метаморфтаушы ықпал жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет