Геотехнологии. Безопасность жизнедеятельности



бет7/9
Дата17.07.2016
өлшемі1.7 Mb.
#206001
1   2   3   4   5   6   7   8   9




ӘОЖ 622.271:(622.682+622.684)




С.С. ҚҰЛНИЯЗ,
И.Д. АРЫСТАН,
С.Ю. АСАН,
А.А. СКОРЯКИН

Қияқұламалы конвейерлерден құрастырылған үзілмелі-толассыз технологиялық кешеннің бейімделу жағдайлары





Үзілмелі-толассыз технологиялық кешендердің тиім­ділігін анықтайтын негізгі факторлар:

– тасымалдау жүктің көлемі;

– конвейерлі көтергілерді орнату бұрышы;

– тасымал жүктің түрі;

– кешеннің құрамындағы жабдықтардың техника­лық және тұтынымдық көрсеткіштері;

– күрделі тау-кен жұмыстардың көлемі.

Ғылыми-техникалық мақалаларды және патент­терді талдау арқылы анықталғаны: кен массаны қияқұ­ламалы конвейерлі таспалармен тасымалдаудағы қол­данатын конвейерлердің құрылмалық түбегейлі айыр­машылығы 18°-тан жоғары бұрышта тасымалданатын жүкті төменге қарай жылжып кетпеуден сақтау. Бүгінгі таңда, әлемдік тау-кен саланың тәжірибесінде келесі қияқұламалы конвейерлер қолданады:

– жүкті көтеру бұрышы 25-27° кедір-бұдыр таспалы;

– көтеру бұрышы 90°-қа дейін, таспасы ұзындығы бойынша белгілі аралықта көлденең бөлінген;

– көтеру бұрышы 30-50° құбыр тәрізді;

– орнатылу бұрышы 50-90° тасымалданатын жүкті таспамен үстінен қысып ұстайтын.

АҚШ Тау-кен бюросының зерттеулері бойынша, айтылған конвейерлі таспалардың арасында тау-кен өндіру кәсіпорындарында қолдануға тиімді екі нобай­лық «сэндвич» тәрізді тасымал жүкті үстінен ұстап тұратын конвейерлі таспа анықталған.

Ресейдің белгілі ғылыми-зерттеу институттары: Екатеринбург қаласындағы Тау-кен істер институты, Мәскеудің Мемлекеттік Тау-кен университеті және т.б. ізденіс жұмыстарының нәтижелерінде аталған қия құламалы конвейерлі таспа қолайлы деп саналады. Бұл ұстаным, Ресей Ғылыми Академиясының Орал бөлімшесінің Тау-кен істер институтының ғалымдары және Қашар аршығының мамандарымен бірлесіп орындалған ғылыми-ізденіс жұмыстарында қия құла­малы конвейерлі таспаны қолданудың экономикалық тиімділігі анықталынған.

Есептеулерде қия құламалы конвейерлі таспалар­дың келесі түрлері үлгі ретінде алынған:

– екінобайлық конвейерлі таспамен жабдықталын­ған арнайы үстінгі таспаны ұстайтын роликтер;

– беті кедір-бұдырланған екінобайлы конвейерлі таспа;

– көлденең қоршалған тақтайша конвейерлер.

Кестедегі мәліметтер бойынша, ұзындығы бойын­ша белгілі аралықта көлденең қоршалған конвейердің техника-экономикалық көрсеткіштері басқаларға қара­ғанда едәуір төмендігі анықталуда.

Техника-экономикалық көрсеткіштері бойынша беті кедір-бұдырланған екінобайлы конвейер ең тиім­ді. Бұл конвейерлі таспаның артықшылықтары:

– конвейерлі таспаның бойында тасымалданатын жүктің сенімді орналасуы;

– әлбетте қысып тұрған элементтердің жүктеме мөлшерін бәсеңдету қабілеттілігіне байланысты кон­вейерлі таспаның ұзындығы бойынша динамикалық жүктемелердің төмендеуі;

– конвейерлі таспаның өнімділігі басқалармен салыстырғанда жоғары.

Зерттеу жұмыстардың жалғасында екінобайлық қия құламалы конвейерлі таспа қаралды. Зерттеу барысында конвейерлі таспаның жылжу жылдамдығы 3,15 м/с тең қабылданды және конвейердің орнату бұрышы 60°, жүкті көтеру биіктігі 100 м-ден 600 м-ге дейін, аршықтың жылдық өнімділігі 5 млн-нан 30 млн т аралығында зерттелді.

Қияқұламалы конвейерлі таспалардың тиімді қол­дану жағдайлары олардың үлесті күрделі және тұты­нымдық шығындары, өнімділігі, үлесті металл және электрлі энергия қажеттілігі ескеріліп анықталды.

Есептеулер бойынша, конвейерлі көтергінің орнату бұрышы жоғарылауына байланысты негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерінің өзгермегені не бә­сеңдеп азайғаны байқалды. Бұндай жағдайда күрделі тау-кен жұмыстардың шығындары қарқынды азайға­ны анықталды. Әлбетте конвейерлі көтергінің орнату бұрышы 18°-тан 60°-қа дейін өсуіне қарай күрделі тау-кен жұмыстардың шығындары 16-49% аралығында азаюда. Осыған байланысты жалпы ұсатқыш-кон­вейерлі кешеннің қосынды күрделі және тұтынымдық шығындарының төмендеуі анықталды.

Үзілмелі-толассыз технологияда конвейер қон­дырғысының басты конвейері қия бұрыш бойынша не диагональ бойынша, бойлық профилі 15°-18°тен ар­шықтың жұмыстық емес жағдайында үңгіленген орда орналасады.

Көбінесе, үзілмелі-толассыз технологияны қолда­натын белгілі кен-байыту комбинаттарда басты конвейерлер диагональ бойынша аршықтың жұмыстық емес жағдайында орналасады.

Мысалы Украинадағы Ингулецкий КБК үзілмелі-толассыз технология арқылы 18 млн т/жыл өндірім кө­лемі орындалады, Южный КБК үзілмелі-толассыз тех­нология арқылы 20 млн т/жыл өндірім көлемі орында­лады; Ресейдегі Стойленский КБК үзілмелі-толассыз технология арқылы 27 млн т/жыл кен өндірім көлемі орындалады, біздің еліміздегі құрылысы орындалып жатқан Ақтоғай КБК өндіру жұмыстары толық үзіл­мелі-толассыз технология арқылы бір жылда 50 млн т. көлемде орындалады. Ақтоғай ашық кеніші кен өндірі­лім бойынша әлемдегі ең ірі аршықтар қатарына кіреді.

Құрылыс және тау-кен дайындау жұмыстар көле­мін және қаражат шығынының шамасын азайту үшін басты конвейер орналасатын орды, қия бұрыш бойын­ша, яғни енісі 40°-қа тен үңгіленуін ұсынамыз. Ордың бойлық профилі жоғарылануына байланысты тау-кен жұмыстар көлемі елеулі шамаға азаяды, осы ұсыныс­ты дәлелдеу үшін келесі есептер жасаймыз және есеп­тің нәтижесінде құрастырылған график арқылы ордың тиімді түрін анықтауға болады.

Ордың тиімді түрін анықтау үшін қолданатын келесі бастапқы мәліметтер:

– ұсату-қайта тиеу қондырғының карьерде орналасатын шоғырлану деңгейжиектің жер бетінен терең­дігі – 200 м;

– қия құлама ордың еніс бұрышы – 40°;

– аршықтың жұмыстық емес жағдайының еңкею бұрышы – 45°;

– ор табанастының ені – 7 м;

– ор жағдайы қиябетінің бұрышы – 60°.

Қияқұлама ордың көлемін анықтау үшін В.В. Ржевскийдің теңдігін пайдаланамыз [3]:



қ = H2(ctg I – ctg γж ) [+(ctg I – ctg γж) ] (1)

мұнда Н – ордың ұзындығы, м-312м.


I – ордың еніс бұрышы;
γж – аршықтың жұмыстық емес жағдайының еңкею бұрышы;
b – ор табанастының ені;
α – ор жағдайы қиябетінің бұрышы.

Кесте – Қашар аршығының тау-кен жағдайларына сәйкес орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстардың техника-экономикалық көрсеткіштері



Көрсеткіш

Конвейерлі көтергінің түрі

Әдеттегі таспалы

Екінобайлы қысу
роликтермен
жабдықталынған

Екінобайлы қысу
гофралармен
жабдықталынған

Екінобайлық тақтайша көлденең қоршалған

Конвейердің орнату бұрышы

16

35

35

35

Конвейерлі құрылманың ұзындығы, м

435

210

210

2×210

Таспаның ені, м:

жүктасымал нобайдың

қысу нобайдың

1,6


-

2,0


2,0

1,6


1,6

2×1,4


-

Конвейерлі таспаның түрі:

жүктасымал нобайдың

қысу нобайдың

РТЛ-6000


-

РТЛ-2500


РТЛ-1500

РТЛ-4000


РТЛ-3150

көлденең қоршалған

тақтайша


Жетектің қуаты, кВт

3000

2890

2880

2×1520

Конвейердің массасы

435

450

393

2×354

Күрделі шығындар %

100

104

83

160

Тұтынымдық шығындар, %

100

107

93

166



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет