Германия Федеративтік Республикасы Орындаған: Нағашбек Жалғас



бет1/4
Дата04.10.2022
өлшемі0.7 Mb.
#461889
  1   2   3   4
Германия

Германия Федеративтік Республикасы

Орындаған: Нағашбек Жалғас

Қабылдаған: Темирова.Ж.Ж

Тобы: 1602-11 Тарих және Дінтану

Жоспар

Германия Федеративтік Ресрпубликасы-Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания деп те аталады. Жер аумағы 356, 96 мың км2. 82 млн-ға жуық халқы бар. Астанасы Берлин қаласы

  • Германия аса жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Елдегі ұлттық табыстың 33,6%-ын өнеркәсіп пен құрылыс өнімдері, ал 1,2 %-ын ауыл шаруашылығы өнімдері мен орман шаруашылығы береді. Экономикасының негізгі салаларына қоңыр көмір (дүние жүзінде 1 орында) мен тас көмір, қара және түсті металлургия, химия, электртехника мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері жатады. Басты пайдалы қазбаларына-қоңыр және тас көмір жатады. Қоры бойынша Рур Бассейні Батыс Еуропада бірінші орынды алады. Алайда оны өндіру айтарлықтай қиындықтар туғызады. Электр энергиясы негізінен, жылу электр станцияларынан (ЖЭС) және шамамен ¼-і АЭС-терден алынады. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару жақсы жолға қойылған.

  • Мемлекеттік құрылысы
  • Германия – федеративті парламенттік республика. Жоғарғы заң шығарушы органы-парламент.
  • Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесрат үкімет өкілдері 68 мүшеліктен тұрады. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. (әр өлкеден 3-5 өкілден). Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Президент ресми түрде мемлекет басшысы деп саналғанымен, негізінде тек өкілділік міндетті атқарады. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Қазіргі федералды канцлері-Ангела Меркель.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет