Германияда Астана мен Берлин ынтымақтастығының мүмкіндіктері талқыланды



Дата05.07.2016
өлшемі27.29 Kb.
#180048


Германияда Астана мен Берлин ынтымақтастығының мүмкіндіктері талқыланды
Ү.ж. 7 мамырда неміс тарапының шақыруымен ҚР ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіповтің Берлиннің Бургомистрі Михаэль Мюллермен және Мекленбург-Алдынғы Померания федералдық жерінің Бургомистрі Эрвин Зеллерингпен кездесулері өтті. Келіссөздер барысында «Қазақстан 2050» Стратегиясы және «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясаты шегіндегі аймақтық қатынасты жетілдіру мәселелері талқыланды.

Германия астанасының жаңа басшысы М. Мюллер 2001 жылы қол қойылған екі ел астаналары арасында әріптестік ыңтымақтастық туралы Меморандумның негізінде Астана мен Берлин арасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынысты жандандыруға қызығушылығын және дайын екендігін білдірді. Берлинің Бургомистрі «Экспо-2017» халықаралық көрме шеңберінде екі астананың мүмкіндіктерін атап өтті.

Мекленбург-Алдынғы Померания федералдық жерінің басшысы Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықаралық беделінің өсуіне жоғары баға беріп, бірлескен жобалардың іске асыруда оның басқарып отырған федералдық жерінің әлеуетін белсенді пайдалануды ұсынды. Мысал ретінде Көкшетау мен Васмар қалалары арасында ынтымақтастық байланысты тереңдетуді атап өтті. Оның айтуынша, жаңартылмалы энергия көздері саласында бірлескен жобаларды іске асыру, Балтық теңізі жағасында орналасқан неміс теңізжайларын пайдалану және көлік инфрақұрылымның мүмкіндіктері ынтымақтастықтың басымды бағыттары болып табылады. Осыған байланысты, ол ү.ж. 1-4 маусым аралығына Қазақстанға жоспарланған аймақтық делегациясының іс-сапарына үлкен үміт артып отыр.

Өткізілген кездесулер барысында неміс саясаткерлері Президенттің қайта сайлануына орай Қазақстан халқына және Елбасына шын жүректен құттықтауларын жолдап, біздің елімізге және Елбасына өрлеу және өркендеу жолында үлкен табыстар тіледі.



Перспективы сотрудничества между Астаной и Берлином обсуждены в Германии
7 мая с.г. по приглашению немецкой стороны состоялись встречи Посла РК в ФРГ Болата Нусупова с Правящим Бургомистром Берлина Михаелем Мюллером и Премьер-министром земли Мекленбург-Передняя Померания Эрвином Зеллерингом, в ходе которых были обсуждены вопросы расширения регионального сотрудничества Казахстана с федеральными землями ФРГ в рамках Стратегии развития страны «Казахстан-2050» и Новой экономической политики «Нұрлы Жол».

Новый градоначальник немецкой столицы М. Мюллер высказал заинтересованность в активизации экономического и культурно-гуманитарного взаимодействия между Берлиной и Астаной на базе подписанного в 2001 г. Меморандума о партнерском сотрудничестве между столицами двух государств. Одновременно мэр Берлина отметил возможности двух столиц в реализации совместных проектов в рамках международной специализированной выставки «Экспо-2017» в Астане.



Глава региона Мекленбург-Передняя Померания Э. Зеллеринг, дав высокую оценку текущему социально-экономическому развитию Казахстана и росту его международного авторитета, предложил более активно использовать потенциал возглавляемой им земли в реализации совместных проектов. В качестве примера он привел углубление партнерских связей между городами Висмар и Кокшетау. На его взгляд, наиболее перспективными направлениями сотрудничества являются развитие транспортных возможностей, использование логистической инфраструктуры в немецких портах на Балтике, а также реализация проектов в сфере возобновляемых источников энергии. В данном контексте Э. Зеллеринг возлагает большие надежды на предстоящий 1-4 июня с.г. визит экономической делегации региона в Казахстан.

В ходе проведенных бесед немецкие политики передали народу Казахстана и Президенту Нурсултану Назарбаеву свои наилучшие поздравления по случаю его переизбрания на президентских выборах 26 апреля с.г. и высказали искренние пожелания дальнейших успехов на пути благополучия и процветания нашей стране.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет