181.Баланың дүниеге келуіне байланысты орындалатын салттың түрі
A) атқа мінгізу
B) сүндетке
отырғызу
C) байғазы беру
D) бесікке салу
E) тұсау кесу
182.Қоғамның барлық мүшесіне
ұсынылатын, мінез-құлық, жөн-жоралардың
атқарылуынан көрінетін тәжірибе
A) дін
B) дүниетаным
C) наным
D) сенім
E) дәстүр
183.Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде орындалатын
әдет-ғұрып
A)
көрімдік
B) сүйінші
C) шашу
D) шілдехана
E) бесіктой
184.Суретте көрсетілген киіз үйдің ағаш бөліктерін анықтаңыз
A) уық, кереге, шаңырақ
B) туырлық, үзік, түндік
C) түндік, уық, үзік
D) үзік, кереге, түндік
E) туырлық, шаңырақ, түндік
185.Сурет бойынша қазақ халқының өмірлік кезеңдерге қатысты салттарына
байланысты дұрыс дәйектерін анықтаңыз
І. Балалар тобынан ересектер тобына өту
ІІ. Бала туғаннан кейінгі алғашқы қырық күндегі жораларды орындау
ІІІ. Нәрестені қырқынан шығару
IV.Нәрестені зиянды рухтардан қорғау үшін бесікке пұт іліп қою
V. Шілдехана мен тұсау кесу тойын бір уақытта жасау
A) I, III, IV
B) II, III
C) III, IV
D) IV, I
E) I, II, III
«Жетiсу өңiрiндегi аттары кеңiнен мәлiм ортағасырлық екi қала әрi Жiбек
жолындағы аса iрi екi орталық болып саналатын ..... қашаннан-ақ
зерттеушiлердiң назарын аударып келедi. ..... Батыс Түркi және Түргеш
қағанаттарының
астанасы, ал Баласағұн қараханидтер мен қарақытайлардың
саяси орталығы болды. Алайда ортағасырлық авторлар еңбектерiнде едәуiр мол
мағлұматтар келтiрiледi, дегенмен осынау қалалардың тарихи тағдырларында әлi
де бұлыңғыр тұстар жоқ емес. Бұл олардың тұрған орындарын анықтауға да
қатысты нәрсе. Суяб жайында ең көне, сонау VII ғасырдың бiрiншi жартысы мен
VIII ғасырдан қалған деректер қытай мәлiметтерiнде сақталған. Будда
тәуапшысы Сюань Цзянь 629 жылы Үндiстанға
бара жатқан сапарында
Жетiсуды басып өтедi. Сүйе өзенiнiң маңында ол бiр қалаға кез болады. «Оның
аумағы 6-7 ли. Онда түрлi елдерден келген көпестер мен соғдылар тұрады екен.
Топырағы қызыл, тары мен жүзiм өсiруге қолайлы. Сүйеден тура батысқа қарай
бiр_бiрiнен бөлек ондаған жеке қалалар орналасыпты». Бұдан әрi Сюань Цзянь
Жетiсу қалаларының тұрғындарын, олардың дәстүрлерiн, киiмдерiн, әдет-
ғұрыптарын сипаттап, сөзiнiң соңында бұл қалаларда диқандар мен саудагерлер
тұратынын жазған. Баласағұн Қарахан мемлекеттерiнiң
бiр бөлiгiнiң астанасы
болады. әл-Макдисидiң деректерiне қарағанда Х ғасырдың аяқ шенiнде
Баласағұн «игiлiгi мол үлкен елдi мекен» болды. 1218 жылы Баласағұнды
монғолдар ұрыссыз басып алады да, оған Гобалық (Жақсы қала)
деген ат
бередi...»
Қ. Байпақов, А.Нұржанов. «Ұлы Жібек жолы және орта ғасырлық Қазақстан», 1992 ж
186.Жетiсу өңiрiндегi аттары кеңiнен мәлiм ортағасырлық, әрi Жiбек
жолындағы аса iрi екi орталық болып саналатын қалалар
A)
Сарайшық, Сығанақ
Достарыңызбен бөлісу: