- Тұтас организм деңгейінде қартаю кезінде шаш ағарып, түсе бастайды, көздің көруі,құлақтың естуі нашарлайды, тіс түседі. Тері жұқарып, құрғайды. Сол себептен ол қатпарланып, бетте әжім пайда болады. Сонымен бірге адамның қол жұмысын атқаруға қабілеті төмендейді.
Қартаю кезінде мидың сыртқы қыртысының кейбір қабаттарында жүйке жасушалары азайып, глия жасушалары көбейеді. Бұл кезде мидың басқа аумақтарында елеулі өзгерістер болмайды. Мидың біршама құрылымдары әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. Соның ішінде гипоталамустың өзгерістері дербес жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйенің өзгерістеріне әкеліп, адамның қартаюына бірталай ықпал етеді. Қартаю кезінде мидың сыртқы қыртысының кейбір қабаттарында жүйке жасушалары азайып, глия жасушалары көбейеді. Бұл кезде мидың басқа аумақтарында елеулі өзгерістер болмайды. Мидың біршама құрылымдары әртүрлі өзгерістерге ұшырайды. Соның ішінде гипоталамустың өзгерістері дербес жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйенің өзгерістеріне әкеліп, адамның қартаюына бірталай ықпал етеді. Қартаю кезінде қанайналым жүйесінде бірсыпыра өзгерістер дамиды. Бұл кезде жүректің жиырылу күші, қанның минуттық көлемі азаяды, шеткері қан тамырларының таралыуынан айналымдағы қанға олардың жалпы кедергілік қасиеті көтеріледі. Тіндерде қан қылтамырларының саны азаяды, олардың қабырғаларындағы тіректік мембрананың қалыңдап кетуінен қаннан тіндерге, және керісінше тіндерден қанға газдардың диффузиясы бұзылады.Қарттарда артериялық қан қысымы көтеріледі. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік сұйықтық реттелулері өзгереді. Жасушалар өсіп өніп көбеюі, тіршілік жоғалтқан жасушалардың орнын толтыруы үшін олардың тектік құралдарындағы ақпарат бойынша ДНҚ, РНҚ, нәруыздар түзіліп тұруы қажет. Ал, қартайған организмдерде олардың түзілуі, жасушалардың жаңаруы қатты азаяды. Жасушалар өсіп өніп көбеюі, тіршілік жоғалтқан жасушалардың орнын толтыруы үшін олардың тектік құралдарындағы ақпарат бойынша ДНҚ, РНҚ, нәруыздар түзіліп тұруы қажет. Ал, қартайған организмдерде олардың түзілуі, жасушалардың жаңаруы қатты азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |