Гистология ” пәні бойынша 050113 “Биология” мамандығының 2-курс студенттерінің білімін бақылауға арналған тапсырмалар мәтіні (2008-2009)


ОБСӨЖ № 9 Тақырыбы. Дәнекер ұлпасына жалпы сипаттама және классификациясы



бет3/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#134353
1   2   3   4

ОБСӨЖ № 9




Тақырыбы. Дәнекер ұлпасына жалпы сипаттама және классификациясы

Жоспар


  1. Дәнекер ұлпасының жалпы сипаттама.

  2. Борпылдақ дәнекер ұлпа.

  3. Тығыз дәнекер ұлпа.

Жоғарғы сатыдағы жануарлардың организмінде дәнекер ұлпасы көп тараған. Қан тамырларының жанында орналасады, эпителиалдық ұлпаға төсекше қызметін атқарады, органдардың арасын толтырады. Дәнекер ұлпа заттар алмасуын қамтамасыз ететін орта болып есептеледі. Органдардың қабында механикалық қызмет те атқарады.

Ұлпаның гистологиялық құрылымы атқаратын қызметіне байланысты. Трофикалық маңызы бар ұлпаларда клеткалар өте көп болады, ал аралық заттың механикалық элементтері нашар жетіледі. Тіректік маңызы бар ұлпаларда, керісінше, механикалық құрылымдар көп болады да, клеткалардың саны аз болады. Осыған сәйкес дәнекер ұлпасының бірнеше түрі ажыратылады: Ретикулалық ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпа және тығыз дәнекер ұлпасы.

Дәнекер ұлпасы күрделі құрылым оның құрамында ұрықтың мезенхимасынан дамитын түрлі клеткалар, клеткалардың өлі өнімдері болып саналатын талшықтардың бірнеше типтері және гиалурон қышқылынан, хондротиннен, хондроитинсульфаттан және кератинсульфаттан тұратын сұйық немесе қоймалжың, аморфтық матрикс болады. Дәнекер ұлпасын құрайтын клеткалар, әдетте бір – бірінен қашық орналасады.



Борпылдақ дәнекер ұлпа.

Дәнекер ұлпасының бұл түрі адаммен сүтқоректілердің организмінде кең тараған. Борпылдақ дәнекер ұлпа терінің астында жатады. Органдардың, ұлпалардың және клеткалардың арасын толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан, коллагендік және эластиндік талшықтар болады. Олардың арасында клеткалар орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткалары : фибробластлар, гистиоциттер, адвентициялық клеткалар, толық клеткалар, май және пигменттік клеткалар. Сонымен бірге қанның клеткаларыда кезедеседі – лимфоциттер, плазмоциттер, және макрофагтар. Борпылдақ дәнекер

ұлпасының клеткааралық заты талшықтар мен аморфты заттан тұрады.

Талшықтар ұлпаға мықтылық пен серпімділікті қамтамасыз ететін қасиет береді. Талшықтарын үш түрін ажыратады: коллагендік, эластиндік және ретикулалық. Коллагендік талшық берік келеді және тармақталмайды. Пісірген кезде алдымен ісінеді, сонан кейін еріп, желімге айналады. Осы қасиетіне қарай коллагендік деп атаған. Эластинді талшықтар эластин белогінен түзілген, физикалық қасиетіне қарай бұларды эластикалық немесе серпінді талшықтар деп атайды. Серпінді талшықтардың қасиеттері коллагендік талшықтарға қарама – қарсы. Олар өте созылмалы және оңай үзіледі.

Ретикулалық талшықтар жай әдістермен өңдегенде наша байқалады. Дәнекер ұлпаны күмістің тұздарымен өңдеген кезде жақсы көрінеді, сондықтан аргирофильдік талшықтар деп аталған. Бұл талшықтар өте жіңішке, қысқа жиналған кезде тор түзеді, ретикулалақ (ретикула – тор) деп аталуы осы қасиетіне байланысты. Борпылдақ дәнекер ұлпасының талшықтарының арасында борпылдақ дәнекер ұлпасының негізгі заты деп аталатын құрылымы жоқ зат болады. Кейін оны клеткааралық заттың аморфты компоненті деген. Аморфты зат ұлпалардың тіршілігінде маңызды рөл атқарады және жоғары молекулалық қышқыл мукополисохаридтерден, гепариннен, гиалурон және хондроидтин күкірт қышқылдарынан тұрады.

Фибробластлар борпылдақ, қалыптаспаған дәнекер ұлпасының негізгі жасушалары. Фибробластлар мезенхимадан немесе перициттерден пайда болады. Бұлар – ірі жалпайған көп өсінділі жасушалар. Фибробластлар жасушааралық заттың түрлі компоненттерін синтездейді, бірақ бұлар коллагендік, эластиндік талшықтар мен аморфтық жасушааралық затты түзуші бір ғана жасушалар емес. Жіктеле келе фибробластлар бірте – бірте қартайып, көбею қабілетінен айрылып, фиброцитке айналады. Бұлар даму кезеңі аяқталған фибробластлар. Фиброциттер бөлінбеген мен, жасушааралық заттың белгілі мөлшерін бөлу қабілетін сақтайды. Гистиоциттердің борпылдақ дәнекер ұлпасындағы саны шамамен фибробластлардай болады. Функциясы жағынан фибробластлардан өзге, дәнекер ұлпасының жасушааралық затын құрамайды, трофикалық және қорғаныш рөлін атқарады.

Борпылдақ дәнекер ұлпада гистиоциттер ұсақ қан тамырлары мен май клеткаларының жиылған жерінде байқалады. Қабыну процестері кезінде гистиоциттер қабыну ошағына жиналып, бөгде денелер мен белоктарды фагоцитоздап, лизосомалардың гидролиздеуші ферменттерінің көмегімен оларды қорытады. Қабыну ошағында гистиоциттер үлкейіп, өсіп макрофагтарға айналады. Лимфалық жүйенің ретикулалық клеткалармен қосылып, организмнің ретикула – эндотелийлік жүйесін құрайды. Гистиоциттер қажет болған жағдайда псевдоподиялардың көмегімен амебаша қозғала алады, пішіні айнымалы. Цитоплазмасы фибробластікіне қарағанда қанық боялады, клеткаларға тән органоидтардың бәріде болады. Пішіні тұрақсыз болуына және физиологиялық қасиеттері түрліше болуына байланысты гистиоциттер полибластлар, кезеген клеткалар т.б. деп аталады.

Май жасушалары немесе липоциттер ретикулалық жасушалармен гистиоциттерден пайда болады. Цитоплазмасында май жиналады. Сүтқоректілер мен адамның май ұлпасы ақ және қоңыр май ұлпалары болып бөлінеді.

Ақ май ұлпасы адамды құрсақтың төменгі бөлігінде, санда, бөкседе, шарбыда, бүйрек майында болады. Қоңыр май жаңа туған нәрестелерде және қысқы ұйқыға кететін сүтқоректілерде байқалады. Қоңыр май ұлпасы адам мен сүтқоректіледің жауырын аймағында, мойнында, омыртқа жотасының бойында, төсте, қол белдеуінің бұлшық еттерінің арасында орналасады. Май ұлпасы тіршілікке қажетті энергия көзі болып табылатын организмдегі май депосы рөлін атқарады. Ішкі органдарды соққыдан сақтайды, организмде жылудың сақталуына себепші болады.



Толық жасушалар адам мен сүтқоректілердің борпылдақ дәнекер ұлпаларында, көмекей безінде, бауырында, алқым безінде, жатыр қабырғасында, сүт бездерінде, ас қорыту жолының кілегей асты қабатында, тілде байқалады. Осы органдарда толық жасушалар ұсақ қан мен лимфа тамырларын бойлай орналасады.

Плазмалық жасушалар көмекей бездерінде, көк бауырда, лимфа түйіндерінде, бауырда, ішектің кілегейлі қабатында т.б. органдарда болатын пішіні жұмыр немесе сопақша ұсақ жасушалар, ядросы жасушаның бір жағына ауыса орналасқан. Плазмалық жасушалар организмнің иммундық жүйесінің маңызды компоненті антиденелерді бөледі.

Тығыз дәнекер ұлпа.

Тығыз дәнекер ұлпаның механикалық маңызы бар. Оның құрамында клеткалар мен аморфтық зат аз болады да, талшықтар басым келеді. Талшықтары тәртіппен орналасқан. Тығыз дәнекер ұлпа терінің негізін, сіңірді, шандырды, желкені құрайды.

Дәнекер ұлпалаық талшықтардың орналасуына байланысты тығыз дәнекер ұлпасының екі түрін ажыратады: тығыз қалыптаспаған және тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпаларын. Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасында клеткааралық заттың талшықтар шоғыры түрлі бағыттарда жатады және олардың орналасу бағытында қатаң заңдылық болмайды. Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпаларының талшықтар шоғырларына ұлпаға әсер ететін механикалық күштердің бағытына сәйкес орналасу заңдылықтары тән. Ұлпаның негізгі массасын құрайтын талшықтардың түріне байланысты қалыптасқан дәнекер ұлпасын коллагендік және серпілмелі (эластикалық) деп бөледі. Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы адам мен сүтқоректілер терісінің негізін құрайды. Коллаген талшықтарының шоғырлары түрлі бағытта орналасып, айқұш – ұйқыш шырмалып жатады.

Дәнекер ұлпасының бұл түрінде коллагендік талшықтармен бірге эластиндік талшықтардың кейбір саны кездеседі. Бұл ұлпада клеткалар аз болады, олар негізінде фибробластлар, фиброциттер және борпылдақ дәнекер ұлпасында байқалатын кейбір клеткаларда кездеседі. Тығыз дәнекер ұлпасы сіңірді құрайды.

Тығыз қалыптасқан серпілмелі дәнекер ұлпасы адам мен сүтқоректілерде желке мен дыбыс тарамыстарын құрайды. Бұл ұлпаның құрылысы тығыз қалыптасқан коллагендік дәнекер ұлпасына ұқсас, айырмашылығы негізгі құрылымдық компоненті эластиндік талшықтар. Коллагендік талшықтар аз болады. Тығыз қалыптасқан серпілмелі дәнекер ұлпасы шоғырларға бөлінбейді. Оның клеткалық элементтері, көбінесе, фиброциттерден тұрады, бірақ борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпасына тән басқа клеткаларда кезедеседі. Соңғылар қан тамырларын бойлай эластинді талшықтардың арасында орналасады. Тығыз дәнекер ұлпасы түрлі эмбриондық бастамалардан дамиды: тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы дерматомның мезенхимасынан, ал тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасы склеротомнан пайда болады. Эмбриондық гистогенез процесі кезінде мезенхиманың клеткалары фибробластларға жіктеледі.

Реферат

Борпылдақ дәнекер ұлпа.

Май жасушалары

Толық жасушалар

Плазмалық жасушалар

Тығыз дәнекер ұлпа.



ОБСӨЖ № 10
Тақырыбы. Шеміршек ұлпасы.
Бақылау сұрақтары



  1. Гиалинді шеміршек ұлпасы

  2. Серпілмелі шеміршек ұлпасы

  3. Талшықты шеміршек ұлпасы


ОБСӨЖ №11

Тақырыбы. Сүйек ұлпасына жалпы сипаттама.
Жоспар

  1. Сүйектің құрамы мен қызметі

  2. Сүйек ұлпасының жасушалары

  3. Ірі талшықты және пластинкалық сүйек ұлпасы.

  4. Остеогенез


Сүйек ұлпасы - тірек функциясын атқарады, минералдық алмасуға қатысады, ал сүйектің қызыл майы қанның пішіндік элементтерінің түзілетін орны. Сүйектердің тамыры мен майында макрофагтарға айнала алатын клеткалар болады. Осыған байланысты олар қорғаныш қызметін де атқарады. Сүйек – клеткалар мен қатты негізгі заттан тұратын известелген дәнекер ұлпасы. Негізгі затының 30% жуығы коллаген талшықтар түріндегі органикалық қосылыстардан, ал қалған 70% бейорганикалық заттардан түзілген. Сүйектің негізгі бейорганикалық компоненті гидроксиаппатит, сонымен бірге түрлі мөлшерде натрий, магний, калий, хлор, фтор, карбонаттар, мен ниттраттар. Сүйекте минералдық тұздардың көп болуы оның оның мықтылығын ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге қан мен басқа органдардағы кальциймен фосфордың қалыпты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жануарлардың сүйек ұлпасында организмде болатын барлық кальцийдің 97%дерлігі жинақталған. Кальций инертті материал емес. Сүйекте үнемі күрделі өзгерістер жүріп жатады. Кальций жетіспеген жағдайда қаңқаның дамуында елеулі бұзылыстар байқалады. Сүйектің құрамында көп мөлшерде су мен липидтер болады.

Сүйек ұлпасының клеткалары остеобластлар, остиоциттер және остеокластлар. Остеоциттер жұлдыз пішінді көп өсінділі клеткалар. Қалыптасқан ұлпада остеоциттер бөліну қабілетінен айрылған, жоғары дәрежеде мамандалған клеткалар. Негізгі затының тығыз болуына байланысты клеткалары ерекше қуыстарда орналасады. Қуыстардан каналшықтар тарайды. Көршілес клеткалардың каналшықтары бір – біріне ұласып, жалғасып жатады. Сүйек каналшықтары мен сүйек қуыстары арқылы ұлпаның метаболизмын қамтамасыз ететін ұлпалық сұйық ағып тұрады.

Клеткалар мен сүйек каналшықтары жұқа капсуламен қоршалған. Капсула белокпен қосылған полисахаридтен және жіңішке коллагендік фибрилдерден тұрады. Сүйектің клеткааралық затындағы коллаген талшықтарының орналасуына байланысты сүйек ұлпасының екі түрін ажыратады: ірі талшықты және пластинкалық сүйек ұлпасы.



Ұрықтар мен жаңа туған жануарларда сүйек ұлпасының клеткааралық заттарының коллагендік талшықтары ірі болады және түрлі бағытта орналасады, мұндай сүйекті ірі талшықты сүйек деп атайды. Жануардың өсіп, даму кезінде ірі талшықты сүйек құрамында жіңішке параллель орналасқан коллагендік фибрилдер бар пластинкалардан тұратын пластинкалық сүйекке айналады.

Пластинкалық сүйек ұлпасының құрылысы күрделі. Оның негізін коллагендік фибрилдердің тығыз шоғырларынан тұратын сүйек пластинкалары құрайды. Шоғырлар қалыңдығы бірдей болады және белгілі бағытта орналасады. Шоғырлар арасында остеоциттер жатады. Пластинкалық сүйек ұлпасына тән ерекшелік көршілес екі пластинканың фибриллалары түрлі бағытта орналасады, кейбіреулері бір пластинкадан екіншісіне өтеді, сөйтіп олардың тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Сүйек заты кемік және тығыз болуы мүмкін. Екі жағдайдың екеуінде де қан тамырларымен және нервтермен тығыз байланысқан тұтас жүйе құрайтын пластинкалардан тұрады.

Кемік немесе трабекулалық сүйек трабекула (көлденең шабақ) деп аталатын, бір – бірімен байланысып жататын жіңішке сүйек элементтерден тұратын тор. Көлдненең шабақтардың арасы майға толы болады. Трабекулалардың орналасуы сүйекке әсер ететін салмақтың бағытына сәйкес келеді. Кемік сүйек ұрықтар мен өсуші организмдерге тән, ал ересек организмдерде жіліктердің эпифиздерінде сақталады. Тығыз сүйек қоршай орналасқан сүйек пластинкаларынан құралған көптеген цилиндрлерден тұрады. Әрбір цилиндрдің ортасында Гаверс каналы деп аталатын канал болады. Осы каналдар арқылы қан тамырлары өтеді.

Ортасында Гаверс каналы бар пластинкалардың барлық жүйесін Гавер жүйесі немесе остеон деп атайды. Остеон – сүйектің тығыз затының құрылымдық бірлігі. Жілік сүйек бір – біріне жанаса орналасқан остеондардың көптеген санынан тұрады. Қан тамырлары көп болады. Сүйек пластинкаларының арасында сүйектің тірі клеткалары остеобластар болатын қуыстар болады. Остеобластлар сүйектің бейорганикалық зататрын бөледі. Гаверс каналында борпылдақ дәнекер ұлпасына оралған нервтер мен лимфалық тамырлар орналасады. Остендар арасында қалған аралықты аралық пластинкалар деп аталатын пластинкалар алып жатады.

Жілік сүйекті сыртынан сыртқы негізгі пластинкалар жүйесі қаптап тұрады. Сүйек қуысының ішкі беті ішкі негізгі пластинкалармен астарланған. Оны жұқа дәнекер қабықша – эндост қаптап тұрады. Негізгі және аралық пластинкалардың орналасуы қан тамырларына байланысты емес.

Сүйек затында сүйек пластинкаларымен қапталмаған тамырларда болады. Олардың біреуі сүйекке негізгі пластинкалар арқылы өтеді, басқалары Гаверс каналдарын өзара жалғастырады.

Сүйекті сүйек қабықшасы немесе периост деп аталатын дәнекер ұлпалық қабықша қаптап тұрады. Ол сүйек тіршілігінде үлкен рөл атқарады және екі қабаттан құралады. Ішкі және сыртқы.

Сүйек қабықшасының ішкі қабаты коллагендік және эластиндік талшықтардан тұрады. Осы талшықтардың арасында остеобластлар жатады. Бұлар, әсіресе, жас өсуші сүйектерде көп болады. Периостның сыртқы қабаты тығыз келеді және коллагендік талшықтардың жуан шоғырларынан тұрады. Осы қабат арқылы нервтер мен қан тамырлары өтеді, олар Гаверс каналдарынан өтіп, сүйекті қоректендіреді.

Сүйектің дамуы немесе остеогенез.

Сүйек екі жолмен дамиды: 1) ұрықтық дәнекер ұлпасынан немесе мезенхимадаан тікелей дамуы (бастың төбе сүйектерімен бет сүйектері); 2) шеміршектің орнына дамуы.



Сүйектің мезенхимадан дамуы

Сүйектің ұрықтыық дәнекер ұлпасынан дамуы шеміршек орнында дамудан бұрын басталады. Келешек сүйектің орнына коллагендік талшықтары көп және жедел көбейетін ұсақ клеткалары бар дәнекер ұлпасы пайда болады.

Дәнекер ұлпасының клеткалары остеобластларға айналады. Синтездеу қабілетінің артуы мен остеобластлар аморфтық клеткааралық зат пен коллагендік талшықтарды түзеді. Негізгі (клеткааралық) зат қалыптасқаннан кейін остеобластлар сүйек клеткаларына – остеоциттерге айналады. Жаңадан пайда болған клеткааралық зат мукопротейдпен коллагеннен тұрады. Коллаген талшықтарында кальцийдің жиналуына кедергі болатын мукополисохаридтер болғандықтан, бұнда әлі минералдық тұздар болмайды. Бұндай сүйек тәрізді ұлпа жұмсақ келеді, пышақпен жеңіл кесіледі. Дамудың кезектегі кезеңінде ұлпада органикалық фосфаттарды ыдыратып минералдық тұздардың шөгуін қамтамасыз ететін фосфатазалар көп мөлшерде пайда болады. Осымен бір мезгілде сүйек тәрізді ұлпаның клеткааралық затында мукополисахарид молекулаларының ыдырауымен олардың қалдықтарының еруі жүреді. Осы кезден бастап, клеткааралық заттың органикалық бөлігі толықтай дерлік (95-99%) коллагеннен тұрады.

Мукополисахаридтік қабатынан айырылған коллагендік талшықтарда аппатиттің субмикроскопиялық кристалдары жинала бастайды. Коллагендік талшықтардың түзілуімен бірге ұсақ қан тамырларының маңында, ірі талшықты сүйек ұлпасының ішінде алғашқы остеондар пайда болады.



Сүйектің шеміршек орнына дамуы. Сүйектің шеміршек орнына дамуы адам мен омыртқалыларда эмбриондық және постэмбриондық кезеңде жүреді. Остеогенездің бұл типінде шеміршек бұзылады. Эмбриондық гистогенез процесінде шеміршек ұлпасы сүйектен бұрын пайда болады. ¦рықтарда алдымен шеміршек қаңқасы түзіледі. Шеміршекте қан тамырлары болмайды, сондықтан оның өсуі белгілі шекте ғана жүреді, кейін өсуі тоқталып ыдырап сүйекке айналады. Сүйек ұлпасының дамуы шеміршек қабықшасына қан тамырларының енуімен басталады, осыған байланысты оның камбиялық клеткаларының қоректенуі жақсарып, сүйек түзетін остеоблатларға жіктеледі. Осының нәтижесінде жілік диафизінің аймағындағы сүйектің шеміршекті моделі, сүйек манжеткасы деп аталатын сүйек заты ның сақинасымен қоршалады. Сүйек манжеткасы жабайы ірі талшықты сүйектен тұратын шын мағынасындағы дәнекер ұлпалық сүйек. Перихондрда жүретін сүйек затының жиналу процесін перихондрлық сүйектену дейді. Жас перихондрлық сүйекті қаптайтын дәнекер ұлпалық қабықша периостқадәнекер ұлпалық қабықша периостқа айналады. Манжетка өсіп шеміршектің үстіңгі жағымен

эпифиздерге тарайды. Осы кезеде шеміршек ұлпасы клеткаларының көбеюі тоқтамайды, бірақта сүйек манжеткасымен қоршалған шеміршек жуандай өсе алмайды. Сүйектің жуандап өсуі периостың шеткі участоктерінен бөлінген сүйек заты қабатының манжетканың бетіне қабатталуы арқыыл жүреді.



Тест

1. Сүйек ұлпасының негізгі функционалдық қызметі



  1. Тіректік, трофикалық

  2. Жабын ретінде, қорғаныштық

  3. Қан тамырларның ішкі бетін қаптайды

  4. Қозғыштық және өткізгіштік

  5. Жиырылғыштық

2. Қандай витамин жетіспесе сүйектегі каллоген талшығы түзілмейді

  1. С витамині жетіспесе

  2. А витамині жетіспесе

  3. Дұрыс жауап жоқ

  4. Тағамда калий және фосфор аз болса

  5. Д витамині жетіспесе

3. Сүйектердің қайта құрылуы неше жаста тоқтайды?

  1. 30

  2. 20-25

  3. 20-24

  4. 18-21

  5. 50-55

4. Түтікті сүйектің ұзыннан өсуі неше жаста тоқтайды?

  1. 20-25

  2. 30

  3. 20-24

  4. 18-21

  5. 50-55

5. Ер балаларда сүйектің өсуі неше жаста тоқтайды?

  1. 20-24

  2. 18-21

  3. 50-55

  4. 20-25

  5. 30

6. Қыздарда сүйектің өсуі неше жаста тоқтайды?

  1. 18-21

  2. 50-55

  3. 20-25

  4. 30

  5. 50-55

7. Сүйектің құрамы неше жаста тоқтайды?

  1. 50-55

  2. 18-21

  3. 50-55

  4. 20-25

  5. 30

8. Ұзын сүйектің ортанғы бөлімі қалай аталады?

  1. Диафиз

  2. Эпифиз

  3. 1-ші реттегі сүйектер

  4. 2-ші реттегі сүйектер

  5. Проксимальды бөлігі

9. Ұзын сүйектің екі ұшы қалай аталады?

  1. Эпифиз

  2. 1-ші реттегі сүйектер

  3. 2-ші реттегі сүйектер

  4. Проксимальды бөлігі

  5. Диафиз

10. Сүйектердің басы қалай аталады?

  1. Проксимальды бөлігі

  2. Диафиз

  3. 1-ші реттегі сүйектер

  4. Эпифиз

  5. 2-ші реттегі сүйектер

11. Тіс жасушалары қалай атайды?

  1. Одонтобластар

  2. Эпендимальды типтегі эпителий

  3. Эндотелий

  4. Мезотелий

  5. Эпителий

12. Сүйек ұлпасын түзуші жасушалар қалай аталады?

  1. Остеобластар

  2. Остеоциттер

  3. Остеокластар

  4. Оссеин талшықтары

  5. Остеондар

13. Сүйек жасушалары қалай аталады?

  1. Остеоциттер

  2. Остеобластар

  3. Остеокластар

  4. Оссеин талшықтары

  5. Остеондар

14. Сүйектердің және қатайған шеміршектердің бұзылуына қатысатын жасушалар қалай

аталады?


  1. Остеокластар

  2. Остеоциттер

  3. Остеокластар

  4. Оссеин

  5. Остеондар

15. Сүйектің эластикалық және иілгіштік қасиетін қамтамасыз ететін талшықтар қалай аталады?

  1. Оссеин

  2. Остеокластар

  3. Остеоциттер

  4. Остеокластар

  5. Остеондар

16. Сүйекке мықтылық қасиет беретін жасушалар қалай аталады?

  1. Остеондар

  2. Оссеин

  3. Остеокластар

  4. Остеоциттер

  5. Остеокластар

17. Бас сүйектерінің тігістерінде сіңірлердің сүйекке бекитін жерлерінде

  1. Дөректі талшықты сүйек ұлпалары кездеседі

  2. Жіңішке талшықты сүйек ұлпаларында кездеседі

  3. Одонтобластар кездеседі

  4. Нейробластар

  5. Гемоцитобластар

18 Адам қаңқасының барлық сүйектерінде

  1. Жіңішке талшықты сүйек ұлпаларында кездеседі

  2. Дөректі талшықты сүйек ұлпалары кездеседі

  3. Одонтобластар кездеседі

  4. Нейробластар

  5. Гемоцитобластар

19 Тіс жасушаларында

  1. Одонтобластар кездеседі

  2. Жіңішке талшықты сүйек ұлпаларында кездеседі

  3. Дөректі талшықты сүйек ұлпалары кездеседі

  4. Нейробластар

  5. Гемоцитобластар

20 Сүйек заттарының түрлері

  1. Ретикулярлы талшықтардан

  2. Жасушалық

  3. Шырышты

  4. Гиалинді

  5. Тығыздалған

21.Клеткаарлық заттардан сүйектің жасалуы

  1. Остеобластардан

  2. Фибробластардан

  3. Фибрилдерден

  4. Остеоциттер

  5. Хондроцитер


ОБСӨЖ №12
Тақырыбы. Бұлшық ет ұлпасының жалпы сипаттамасы.
Глоссарий

Бұлшық ет ұлпасы

Бұлшық ет ұлпасының маңызы мен жіктелуі.

Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы

Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасының жасушалық құрылымы мен миофиламенттері

Актин


Миозин

Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасы;

Саркоплазма

Жүрек бұлшық ет ұлпасы.



ОБСӨЖ №13
Тақырыбы. Нейрондардың өзара байланысы.
Жоспар

1. Нейрондардың өзара байланысы.

2. Нерв ұштары.

Қабықшалармен қапталған нерв клеткаларының өсінділері нерв талшықтарын құрайды. Нерв талшықтары ми мен жұлынның өткізуші жолдарын, ал шет жағында нервтерді құрайды. Орталық нерв жүйесінде нерв талшықтары мидың ақ затының құрамына кіреді.

Оны қабықшалар қаптап тұрады. Қабықшаларының құрылысына қарап нерв талшықтарының екі түрін ажыратады: миелинсіз (жұмсақ затсыз) және миелинді (жұмсақ затты) нерв талшықтарын.

Жұмсақ затсыз нерв талшығы Шванн клеткаларымен қоршалған бірнеше (7-12) орталық цилиндрлерден тұрады. Жұмсақ затсыз қабықшаның құрамында миелин болмайды. Жұмсақ затсыз нерв талшығы жұқа дәнекер ұлпалық базальдық мембрана мен қапталған.

Миелинді (жұмсақ затты ) нерв талшықтары орталық және шеткі нерв жүйесінде байқалады. Бұл талшықтар нерв импульстарын өте тез және дәл өткізеді. Орталық цилиндрге тікелей жанасып, оны қаптап тұрады. Изолятор рольін атқарады деп есептейді. Миелин нерв талшығын толықтай қаптамайды, белгілі аралықта үзіледі, үзілген жерін Ранвьенің үзіілсі деп атайды.

Бұл жерлер Шванн қабықшасымен қапталмайды. Миелин қабықшасы үзілуінің орталық цилиндрге қажетті заттардың енуіне, иондар алмасуына тигізетін әсері үлкен және нервтік қозудың жылдамдығын да арттырады.

Миелиндік қабықшада үзілістер арасында кішкене саңылаулар болады, оны Шмидт – Лантермен кесіндісі дейді.

Нейрондардың өзара байланысы. Нейрондар әрқайсысы өз алдына жеке қызмет атқармайды. Олар өзара байланысып, біртұтас жүйе құрайды. Нерондардың өзара және сол сияқты нерв жүйесіне жатпайтын клеткаларымен жанасып, байланысқан жерлері синапстар деп аталады. Синапстардың құрылысы мен орналасуына қарай үш топқа бөлінеді: нейрондараралаық, рецепторлық – нейрондық және нейроэффекторлық деп. Нейрондарааралық синапстар аксодендриттік, аксосомалық және аксоаксондық болып бөлінеді.

Синапстық саңылаулармен шектескен бір мембрананы, яғни аксонның нейрилеммасын пресинапстық мембрана, ал екіншісін, дендриттің нейролеммасымен жанасатын - пост синапстық мембрана дейді.

Синапстардағы қозудың берілуі ерекше химиялық заттың, медиатордың, ацетилхолиннің бөлінуіне байланысты. Ол пресинапстық көпіршіктерде ғана жиналады және пресинапстық аксонды қоздырған кезде жеткілікте мөлшерде бөлінеді. Медиаторлар көпіршіктерден синапстық саңылауға шығады да постсинапстық мембрананың компоненттерімен байланысқа түсіп, оған тез сіңеді.

Нейрондараралық синапстар нерв клеткаларының арасындағы синапстар. Егер бір нейронның аксоны басқа постсинапстық нейронның дендритімен контактіге түссе, бұндай синапстарды аксодендриттік деп атайды. Бұлар синапстардың кең тараған түрі және құрылысы да түрліше болады. Егер бір нейронның аксоны басқа постсинапстық нейронның перикарионымен контактіге түссе, ондай синапсты аксосомалық дейді. Бір нейронның аксоны екінші бір постсинапстық нейронның аксонымен байланысса, ондай синапсты аксоаксондық деп атайды. Нейронаралық синапстар өте көп болуы мүмкін. Морфофункциялық белгілері бойынша синапстарды химиялық және электрлік деп бөледі. Химиялық синапстар қоздырушы және бөгеуші болып ажырайды.



Нерв ұштары. Нерв талшықтарының бәрі нерв ұштары деп аталатын ұштық аппаратпен аяқталады. Функциялық ерекшелігіне қарай нерв ұштарын эффекторлық (эффекторлар), сезімдік (немесе рецепторлар) және нейрондараралық синапстарды құраушы ұштық аппараттар деп бөледі. Эффекторлық нерв ұштары қозғаушы немесе секреторлық болып бөлінеді. Қозғаушы немесе моторлық, нерв ұштары дегеніміз сомалық немесе вегетатаивтік нерв жүйесінің моторлық клеткаларының нейреттерінің ұштық аппараттары. Олардың қатысуымен нерв импульстары жұмыс органдарының ұлпаларына беріледі.

Бірыңғай салалы бұлшықетте қимылдық нервтенуді миелинсіз нерв талшықтары қамтамасыз етеді. Рецепторлық нерв ұштары – рецепторлар. Рецепторлардың екі тобын ажыратады: экстерорецепторлар және интерорецепторлар деп. Рецепторлардың белгілі түрінің қабылдайтын тітіркенішінің ерекшелігіне байланысты барлық сезімдік ұштарды механорецепторлар, барорецепторлар, хеморецепторлар, терморецепторлар т.б. деп ажыратады.

Дәнекер ұлпасындағы рецепторлар алуан түрлі. Бұған жататындар пластинкалық дәнешіктер немесе Фатер – Пачини денешіктері. Гольджи – Мацциони денешіктері, Мейснер денешіктері, Краузенің ұштық колбалары, Руффинидің денешіктері, генитальдық денешіктер немесе Догельдің денешігі т.б.

Адам денесінде ең көп тараған Фатер – Пачини денешіктер. Бұлар механорецепторлар. Сүт безінде, сіңірлер мен буындар маңында, терінің борпылдақ дәнекер ұлпасында, ішектің шарабы майында, ¦йқы безінде, ішкі органдардың дәнекер ұлпасында және қан тамырларының маңында болады. Бұл рецепторлар дәнекер ұлпалық капсуладан, сезімдік нейронның дендритінен және олардың арасында орналсқан нейроглиялық клеткалардан тұрады. Дендрит нейроглиялық клеткалармен бірге Фатер – Пачинидің ішкі колбасын құрайды.

Ішкі колба сыртқы колба деп аталатын дәнекер ұлпалық қабықшамен қапталған. Фатер – Пачини денешіктері терінің терең қабаттарында және барлық ішкі органдарда көп болады.
Тест

1.Нейрондардың жанасқан жерінде, жанасуы жасушалардың плазмалық мембраналарының арасында ..... болады



  1. Синапстық саңылау

  2. Пресинапстық мембрана

  3. Постсинапстық мембрана

  4. Дендрит

  5. Аксон

2. Аксонның нейролеммасы мен жанасқан жерінде .... болады

  1. Пресинапстық мембрана

  2. Постсинапстық мембрана

  3. Дендрит

  4. Аксон

  5. Синапстық саңылау

3. Дендриттің нейролеммасы мен жанасқан жерінде .... болады.

  1. Постсинапстық мембрана

  2. Дендрит

  3. Аксон

  4. Синапстық саңылау

  5. Пресинапстық мембрана

4. Аксонның ұзын өсіндісі –

  1. Аксон

  2. Постсинапстық мембрана

  3. Дендрит

  4. Синапстық саңылау

  5. Пресинапстық мембрана

5. Аксонның қысқа өсіндісі –

  1. Дендрит

  2. Аксон

  3. Постсинапстық мембрана

  4. Синапстық саңылау

  5. Пресинапстық мембрана

6. Жүйке жасушалары, жүйке жүйесінің құрылымдық бірлігі не деп аталады?

  1. Нейрон

  2. Жүйке талшықтары

  3. Лемоциттер

  4. Нейроглия

  5. Синапс

7. Қабықшамен қапталған жүйке өсінділері не деп аталады?

  1. Жүйке талшықтары

  2. Нейрон

  3. Лемоциттер

  4. Нейроглия

  5. Синапс

8. Жүйке талшықтарының қабықшасын түзетін жасушалар не деп аталады?

  1. Лемоциттер

  2. Жүйке талшықтары

  3. Нейрон

  4. Нейроглия

  5. Синапс

9. Жүйке ұлпасының көмекші және маңызды бөлігі не деп аталады?

  1. Нейроглия

  2. Лемоциттер

  3. Жүйке талшықтары

  4. Нейрон

  5. Синапс

10. Жүйке жасушаларының өзара байланысқан жері не деп аталады?

  1. Синапс

  2. Нейроглия

  3. Лемоциттер

  4. Жүйке талшықтары

  5. Нейрон

11. Жүйке жасушалары арасындағы синапстар

  1. Нейрондараралық синапстар

  2. Аксондендриттік синапстар

  3. Аксосомалық синапстар

  4. Аксоаксондық синапстар

  5. Синапстық саңылау

12. Бір нейронның аксоны басқа нейронның дендритімен пайда болатын синапс

  1. Аксондендриттік синапстар

  2. Нейрондараралық синапстар

  3. Аксондендриттік синапстар

  4. Аксосомалық синапстар

  5. Аксоаксондық синапстар

  6. Синапстық саңылау

13. Бір нейронның аксоны басқа постсинапстық нейронның денесімен жанасқанда пайда

болатын синапс



  1. Аксосомалық синапстар

  2. Аксондендриттік синапстар

  3. Нейрондараралық синапстар

  4. Аксоаксондық синапстар

  5. Синапстық саңылау

14. Бір нейронның аксоны екінші бір постсинапстық нейронның аксонымен байланысқанда пайда болатын синапс

  1. Аксоаксондық синапстар

  2. Аксосомалық синапстар

  3. Аксондендриттік синапстар

  4. Нейрондараралық синапстар

  5. Аксондендриттік синапстар

  6. Синапстық саңылау

15.Нейрондардың жанасқан жерінде, жанасушы жасушалардың плазмалық мембраналары арасында пайда болатын синапс

  1. Синапстық саңылау

  2. Аксоаксондық синапстар

  3. Аксосомалық синапстар

  4. Аксондендриттік синапстар

  5. Нейрондараралық синапстар

16. Жүйке түтігінен дамитын глиоциттер

  1. Макроглия

  2. Микроглия

  3. Астроциттер

  4. Олигодендроциттер

  5. Шванн жасушалары

17. Мезенхимадан пайда болатын глиялық макрофактар

  1. Микроглия

  2. Макроглия

  3. Астроциттер

  4. Олигодендроциттер

  5. Шванн жасушалары

18. Орталық жүйке жүйесі зақымдалған жағдайда тыртық құратын ұлпа

  1. Астроциттер

  2. Микроглия

  3. Макроглия

  4. Олигодендроциттер

  5. Шванн жасушалары

19. Нейрондарды қоректендіруге және мидағы су алмасуына қатысатын ұлпа

  1. Олигодендроциттер

  2. Астроциттер

  3. Микроглия

  4. Макроглия

  5. Шванн жасушалары

20. Миелинді талшықьарының қабықшларын синтездейтін ұлпа

  1. Шванн жасушалары

  2. Олигодендроциттер

  3. Астроциттер

  4. Микроглия

  5. Макроглия

21 Нейрондардың көлемі

  1. 4-6 дан 120 ға дейін

  2. 14 мкм

  3. 200 мкм

  4. 150 мкм

  5. Көлемдері шексіз

22 Жұлын тұрмайды ....

  1. Қатты және ми қабаттан

  2. Ақ және сұр заттан

  3. Қатты және жұмсақ қабаттан

  4. Алдынғы және артқы қабықтан

  5. Бәрі дұрыс

23 Жұлының сұр затының құрамында болмайды

  1. Нейрофибриллдер

  2. Нейрондар

  3. Миелинды талшықтар

  4. Макроглиалар

  5. Микроглиалар


ОБСӨЖ №14
Тақырыбы. Нейроглия,оның жасушалары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет