Глоссарий ақпараттандыру



бет1/6
Дата16.05.2024
өлшемі20.74 Kb.
#501260
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Қосымша мат.




ГЛОССАРИЙ


Ақпараттандыруғылымның дамуына байланысты пайда болатын, ақпараттық технологиялар мен жаңа телекоммуникация құралдарын педагогиканы оқыту үдерісі кезінде қолдану, педагогикалық білім беру мазмұнын жаңа ақпараттармен толықтыру.
Әдіс (грек. «methodos» - шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс-әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді.
Бейнелік көрнекіліксабақта заттар, құбылыстар мен үдерістер бейнесін, олар туралы теориялық білімдерді көрсету. Бейнелеу көрнекілігінің өзі үш түрлі болады: көркем бейнелеу, символдық бейнелеу және мәтіндік бейнелеу.
Бекіту – екінші қайтара ұғу және оқылған материалды бірнеше рет еске түсіру үдерісінен тұрады. Білімнің беріктігі, пәрменділігі практика жүзінде тексеріледі.
Білім беру білім алушылардың білімдер жүйесін қалыптастырудағы білім, іскерлік пен дағдыларын меңгертудің үдерісі, олардың негізінде дүниетанымдық, адамгершілік және т.б. тұлға қасиеттері, адамға тән көзқарастардың қалыптасуы, шығармашылық күш пен қабілеттерінің дамуы.
Білім берудің жаһандануы білім берудің ашықтығына бағытталған, яғни білім алудың жалпыға қол жетімділігі, оны игерудің мол мүмкіндіктерінің болуы.
Вариативті компонент аймақтық және жергілікті әлеуметтік мәдениеттің ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеретін, білім алушылардың бейімділігі мен қызығушылығына байланысты жеке даму қасиеттерін қамтамасыз ететін типтік оқу жоспарының бөлігі.
Жинақтау – заттың немесе құбылыстың нақтылы ортақ белгілерін анықтау және жүйелеу, нақтылыдан абстрактіліге өту, пікірлер, ойлар қалыптастыру, өзіндік қорытындылар мен дәлелдеулерге өту үдерісі.
Заттық көрнекілікнақтылы заттарды, құбылыстар мен үдерістерді демонстрациялау. Оқытушының басты міндеті – көрнекілік арқылы педагогиканы оқыту барысында арнайы феномендерді, заңдылықтарды көрсету. Бұл жақсы түсіну мен есте сақтауға негіз болады. Осы орайда «жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деген белгілі мәтел қолданылса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет