Глоссарий Машина



бет2/3
Дата08.04.2023
өлшемі9.58 Kb.
#471897
түріҚұрамы
1   2   3
Glossary Miko

Кеңістік механизм деп - звенолар нүктелерінің траекториялары өзара параллель жазықтықта орналаспайтын механизмді атаймыз.


Жазық механизм - звенолар нүктелерінің траекториялары бір немесе бірнеше параллель жазықтықта орналасқан механизм.


Еркіндік дәреже саны - звеноның жалпыланған координаталарының саны.


Масштаб коэффициенті - физикалық шаманың сан мәнінің сұлбадағы сол шаманы бейнелейтін сызық ұзындығына қатынасы.


Ассур тобы (құрылымдық топ) - жұптың сыртқы элементтеріне байланысты еркіндік дәрежесі нольге тең және осы шарттарды қанағаттандыратын қарапайым кинематикалық тізбектерге бөлінбейтін кинематикалық тізбектер.


Бастапқы (жетекші) звено - механизмдегі басқа звенолардың қозғалысын талапқа сай етіп өзгерту үшін қозғалыс берілетін звено, қалған қозғалмалы звенолар қосатын немесе аралық деп аталады.


Жұдырықшалы механизм - қозғалмалы звенолары жоғарғы кинематикалық жұппен қосылатын үш звенолы механизм.


Жұдырықша - элементінің айнымалы қисықтығы бар звено.


Кинематикалық жұп деп - өзара салыстырмалы қозғалыста болатын, жанасқан екі звеноның қосылысын атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет