Дегазация - қатты әсер ететін улы заттарды бейтараптандыру немесе жою.
Дезинфекция - сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою.
Панаханалар - жан-жақты қымталған, радиациялық сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана.
Дозиметрлік құрал - радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал.
Аштық - азық - түлік қоры болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайдағы организмнің күйі.
Стенокардия - жүрек күретамырының тарылуынан жүрек бұлшық етіне қанның баруының бұзылуынан туындайтын ауру түрі.
Дозиметрлік құрал- радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал.
Акватория - белгіленген шекарасы бар су учаскесі.
Токсикомания - кейбір техникалық сұйықтарды пайдалану, ішу не тарту.
Оба (чума) - түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа не қан арқылы адамға да берілетін ауру.
Жер сілкінісінің ошағы - сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы.
Гипоцентр - алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі.
Эпицентр - гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.
Жер сілкінісі - жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
Өндірістік авария - өнеркәсіп орнында, көлікте және басқа шаруашылық объектілерінде жұмыстың кенеттен тоқтауы немесе өндіріс процесінің бұзылуы.
Жарылыстар - қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы.
Достарыңызбен бөлісу: |