3. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы.
Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі жай және кеңейтілген түрлерге бөлінеді.
Ұдайы өндірісті күрделі кеңейтілген жай ұдайы
жылдық = іске + жөндеу = ұдайы өндірістің + өндірістің көлемі
көлемі қосу көлемі
Жай ұдайы өндірістің құралу көздері:
-
жай ұдайы ұдайы өндірістің кеңейтілген
өндірістің көлемі = жылдық көлемі - ұдайы өндірістің көлемі.
(тенге)
-
амортизациялық қор
-
жылдық амортизациялық аударымдардың сомасы
-
амортизация нормасы
-
тозу және жарамдылық коэфициенттері
-
жай ұдайы өндірістің үлесі.
Амортизациясы көрсеткіштері:
Амортицазиялық аударымдар өнімнің өзіндік құнына жатады.
-
Амортизациялық аударымдардың (А) жылдық сомасы:
а) егер жөндеу жұмыстарын жаңғыртулар болмаса, онда
А= БК - Ж
t
Мұнда t - негізгі капиталдың қызметінің нормативтік мерзімі;
ә) Егер жөндеу жұмыстарының жаңғыртулар болса, онда
А= БК + ЖКЖ +ЖШ –Ж
t
Мұндағы: ЖЖҚ – жөндеу жұмыстарының құны,
ЖЖШ – жаңғыртуларға жұмсалған шығындар.
-
Амортизацияның жылдық нормасы (Na,%):
Na = А * 100 немесе Na = А * 100
ККК БК
-
Амортизацияны4 жалпы сомасы ∑ А = бастапқы құн + капиталды жөндеу жұмыстарының құны + жаңғырту шығындары – жойылған құн, ∑ А = БҚ +ЖЖҚ + ЖШ –Ж, яғни БҚ = ∑ А ЖЖҚ – ЖШ +Ж.
ҰШЖ бойынша негізгі капиталдың тұтынылу (НКТ) – есептік кезеңге арналған өндірісте пайдаланылатын негізгі капиталдың физикалық және мормальдық тозуы немесе кездейсоқ зақымдануы авариядан зақымдану нәтижесінде құнының азаюы.
Негізгі капитал – бұл моментік көрсеткіш. Сондықтан негізгі капиталдың қолда бар болу көрсеткіштері:
-
Ай, жыл басына негізгі капиталдың құны (НК ж.б.)
-
Ай, жыл аяғына негізгі капиталдың құны (НК ж.а.)
-
Периодтағы негізгі капиталдың орташа құнының бар болу (НК) себебі, олардың түсімі мен шығынына байланысты есепті кезең ішінде негізгі капиталдың қозғалыстары жүреді.
Негізгі капиталдың кеңейтілген ұдайы өндірісі негізгі капиталдың ұдайы өндірісінің капитал салымы ретінде қамтамасыз етіледі. Капитал салымы – жаңарту үшін, сонымен қатар кеңейтуге, негізгі капиталды техникалық жабдықтармен қайта қамтамасыз етуге арналған шығындар.
Кеңейтілген ұдайы өндірістің көрсеткіштері:
-
Негізгі капиталдың жаңару және істен шығу сомалары;
-
Негізгі капиталдың жаңарту және істен шығару коэффициенттері;
-
Кеңейтілген ұдайы өндірістің клемі – негізгі капиталдың абсалютті өсімі;
-
Күрделі қаржы жұмсалымының көлемі құрылымы;
-
Жаңа негізгі капиталдың іске қосылуы;
-
Кеңейтілген кеңейтілген ұдайы өнд.көлемі * 100
ұдайы өндірістің = ұдайы өндірістің жылдық көлемі.
үлесі (%).
Негізгі капиталдың жаңару көрсеткіштері мынаны сипаттайды:
-
негізгі капиталдың өсу көлемі
-
жаңа негізгі капиталдар құру үшін күрделі қаржы жұмсауға бағытталған қаражаттың азаюын.
-
Негізгі капиталды пайдалану статистикасы.
-
Капитал қайтарымы – негізгі капиталды тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші, мұнда негізгі капиталға жұмсалған әр теңге ақшасынан алынған өнімнің мөлшері сипатталады.
F=Q/ НК
Q - өндіріске нәтиже берген келесі көрсеткіштер:
а) кәсіпорын деңгейінде – шығару пайда.
б)экономика саласының деңгейінде – шығару, пайда, қосылған құн.
в)макроэкономика деңгейінде – жалпы ішкі өнім , жалпы ұлттық табыс және т.б
2. Капитал сыйымдылығы – капитал қайтарымына кері көрсеткіш.
3. Еңбекті капиталмен жарақтандыру – орташа тізімдегі бір жұмыскерге шаққандағы негізгі капиталдың мөлшері.
4. Еңбек өнімділігі – орташа бір жұмыскерге шаққандағы өнім шығарылымы.
5. Айналымның капиталының статистикасы.
Айналым капиталы – бір өндірістік циклде немесе қысқа календарлық кезеңінің уақыт ағымында қолданылатын еңбек құралы. Ол кәдімгідей заттай жасалған өнімге кіреді және толығымен оған өз құндылығын көшіреді.
Өндіріс процесіндегі рөліне байланысты айналым капиталы өндірістегі капитал және айналыстағы капитал деп бөлінеді.
Өндірістегі айналым капиталының құрамы мен мазмұны:
-
өндірістік қорлар – бұл кәсіпорынның аралық тұтыну ретінде өндірісте қолдану үшін қорда ұстайтын барлық тауарлары.
-
Аяқталмаған өндіріс – кәсіпорын өңдей бастаған , бірақ әлі тіпті бір цех ішінде аяқталмаған, басқа институтционалды бірліктерге жеткізілуге арналған заттар.
-
Дайын өнімдер – басқа институционалды бірліктерге жеткізгенге дейін өндірушілерге сақталатын, берілген кәсіпорында ешқандай өңдеуді қажет етпейтін , қалыптасқан нормаға сәйкес келетін сертификатпен жабдықталған және оралған тауарлар.
-
Қайта сатуға арналған тауарлар – көтерме және бөлшекті саудагерлердің қайта сату мақсатымен сатып алған тауарларды, қайта сатуға арналған тауарларды көтерме және бөлшекті саудагерлер өңдемейді , олар тек өнімді тартымды және ыңғайлы түрге келтіруі мүмкін.
-
Мемлекеттік материалдық резервтер – ұйымдардың болжанбаған жағдайлары кезінде тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін мемлекет резервтеген материалдық ресурстар.
Айналыстағы капиталдың мазмұны мен құрамы:
-
Ақшалай қаражаттар – кассадағы қолма қол ақша, аккредитив, чектегі қолма қолсыз ақшалар.
-
Сауда ұйымдарының қоймаларындағы өнім қорлары
-
Дебиторлық берешек.
-
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар.
Айналым капиталы статистикасының негізгі міндеттері:
-
айналым капиталының бар болуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау.
-
Барлық айналым капиталының құрамын, құрылымын динамикасын талдау.
-
Барлық айналым капиталының , материалдың айналым қаражаттарының пайдаланылуын статистикалық зерттеу.
-
Инвестиция статистикасы.
Ұлттық байлықты қайта өндіру инвестиция есебінен жүзеге асады. Инвестициялар- бұл табыс алу, не әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында мемлекет ішінде және шетелде құрылыс пен қаржылық емес активтерге салынатын ақшалай капитал.
Инвестиция капиталының міндеттемелері:
-
мәліметтер жинау,жалпы инвестиция мөлшерін анықтау.
-
инвестицияның динамикасын, құрылымын, құрамын статистикалық зерттеу.
-
инвестицияны пайдалану мен игерудің статистикалық талдауы.
Құрылысқа салынатын инвестиция – экономиканың жаңа негізгі қорларын құруға, сондай-ақ қолданыстағы қорларды кеңйтуге , қайта құруға және техникамен қайта жарақтандыруға жұмсалған ақшалай шығындар.
Инвестицияны пайдалану мен игеру көрсеткіштері:
-
инв. игеру дәрежесі =негізгі капиталды іске қосу / нег.капиталға салынған инв.
-
негізгі капиталды іске қосу көрсеткіштері:
-
есепті кезеңдегі құрылысы аяқталған және іске қосылған кәсіпорындар, ғимараттар,үйлер құны.
-
Негізгі капитал құрал-жабдықтарының есебіне жатқызылатын аспаптардың және басқа заттардың құны.
-
Көлік құрал жабдығының бардық түрлерінің құны.
-
Көп жылдық екпе ағаштар құны.
-
Жерді суару және құрғату жұмыстарының құны.
-
Бұрғылау аяқталған және іске қосылған мұнай, газ пайдалану скважиналарының құны.
3. мердігерлік жұмыс көлемінің құрылысқа салынған инвестицияға ара қатынасы.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша Ұлттық байлық анықтамасын беріңіз.
2. Ұлттық байлық құрамындағы экономикалық активтер қалай аталады?
3. Негізгі капиталды бағалаудың қандай түрлерін білесіз.
4. Негізгі капиталдың қозғалыс, күй, пайдалану көрсеткіштері қалай есептеледі?
5. «Күрделі қаржы жұмсалымы» ұғымы нені білдіреді?
6. Айналым капиталына түсінік беріңіз және құрамын сипаттаңыз.
7. Материалдардың үлестік шығынының индекстері қалай есептеледі?
8. Материалдық шығындардың өзгерісіне әсер ететін факторлардың индекстік талдауы.
9. Инвестицияларға түсінік беріңіз және құрамын сипаттаңыздар.
Тақырып 4. Шығын және аралық тұтыну статистикасы
Дәріс сұрақтары:
1. Шығындар және аралық тұтынудың түсінігі және құрамы
2. Шығындарды факторлық индекстік талдау
1. Шығындар және аралык тұтынудың түсінігі және құрамы
Шығындарды статистикалық зерттеудің теориялық негізі рет1нде өндipic және айналыс шығындары туралы экономика-лық ілім кызмет етеді. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің практикалық ic-әрекетінде өндіріс және айналыс шығындары өзіндік құн және шығын формаларына ие болады. Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтауға арналган ақпарат көздері ұйымның, мекеменің бухгалтерлік және статистикалық есеп берулері.
Шығын және аралық тұтыну статистикасының міндеттері:
-
Кәсіпорындарда, экономика салаларында және тұтас экономикада өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сомасын анықтау;
-
Кәсіпорындарда, ұйымдарда өнімнің өзіндік құнын есептеу;
-
Шығын элементтері, кәсіпорынның меншік формасы, экономика салалары, экономика секторы бойынша шығынның кұрамы мен кұрылымын зерттеу;
-
Өнімді өндіру мен өтк1зуге кеткен шығындар динами-
касын талдау;
-
Топтастыру, индекстер, корреляция теориясының көмег1мен өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторларды статистикалық зерттеу.
Өнім өндірісінің шығындары өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сиякты ic-әрекеттердің негізгі түрлері бойынша кәсіпорындардың барлық өндіріс көлеміне қатысты шығындарының тольқ мөлшерін қамтиды. Экономиканың бұл салаларында жасалған өнім тұтынушыға тиісті көлемде және ассортиментте, өзінің тұтыну қасиеті сақталған күй1нде жеткізілуі тиіс.
Статистика өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындардың көлемін келесі элементтермен анықтайды:
-
Материалдық шығындар, барлығы.
Соның ішінде:
-
шикізаттар және нeгізгi материалдар;
-
жартылай фабрикаттар, сатып алу бұйымдары;
-
көмекші материалдар (отын, энергия, табиғи шикізаттарды пайдалану үшін төлемақы);
-
басқа ұйымдар орындаған өндірістік сипатта көрсетілген, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемақы (құрылымдық сипаттағы жүктерді тасымалдау, күрделі және ағымдағы жөндеу);
-
материалдық құндылықтардың жетіспеушілігінен және бұзылуынан болған шығындар;
-
Негізгі капиталдың тозуы;
-
Материалдық емес активтердің амортизациясы;
-
Басқада шығындар, барлығы.
Соның ішінде:
-
ic-сапарға кеткен шығындар;
-
жaлгepлiк төлемдер;
-
өкілдік шығындар;
-
банктік несиелер бойынша проценттер;
-
міндетті сақтандыру төлемдері;
-
салықтық төлемдер;
- бюджеттен тыс қорларға аудармалар (зейнетақы, жұмысбастылық, медициналық сақтандырудан басқа сақтандырулар); коммуналдық шаруашылық, банк, консультациялық, ақпараттық, аудиторлық ұйымдар, өрт сөндіру бөлімі, тұрмыстық қызмет көрсету, соттық, нотариалдық мекемелер, жолаушылар көлігі, байланыс және т.б. қызметтерге төлемдер, сондай-ақ маркетинг және жарнама бойынша төлемдер;
5. Еңбек төлеміне төленген шығындар, барлығы. Соның ішінде:
- тізімдік және тізімдік емес құрамның жалақысы;
- әлеуметтік сақтандыруға аударымдар;
- кәсіпорын қаражатының есебінен жұмысшыларға әлеуметтік жәрдемақы.
Өнімнің өзіндік құны өнімнің белгілі бір көлемін өндіру процесінде табиғи ресурстарды, шикізатты, материалдарды, отын, энергия, негізгі капитал, еңбек ресурстарын пайдаланумен байланысты ақшалай шығындардан құралады.
Агрегирлеу дәрежесіне байланысты өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштері келесі түрлерге бөлінеді:
1. Барлық өнімнің жалпы өзіндік құны - бұл өнімнің белгілі көлемі мен құрамын дайындауға және өткізуге кеткен
шығындардың жалпы сомасы.
2. Өнім бірлігінің жеке (дара) өзіндік құны- бұл тек бір
бұйым өндірісіне кеткен шығын. Мысалы, 6ip ерлер костюмін тігуге кеткен шығын.
Өнім бірлігінің өзіндік құны белгілі көлемдегі өнім өндірісіне кеткен шығындардың осы өнімнің санына қатынасы арқылы есептеледі:
, мұндағы:
z - өнім бірлігінің өзіндік құны;
q — натуралдык түрдегі өнім саны;
z - q- өнімнің белгілі көлемін өндіруге кеткен шығындар.
3. Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны - бұл өнімнің белгілі бір көлемін өндіруге кеткен шығындардың жалпы сомасының осы өндірілген өнімнің санына катынасы. Мысалы, шаруашылықтағы 1 центнер сүттің орташа өзіндік құны. Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны өлшенген орташа арифметикалық шаманың формуласымен анықталады:
Мұндағы: Z - өнім бірлігінің өзіндік құны;
- субъект өнімінің жалпы өндірісіне осы өнімнің белгілі түрінің үлесі, не үлес салмағы, не құрылымы.
Ұлттық Шоттар Жүйесі шығындарының екі түрін бөліп көрсетеді:
1) бастапқы шығындар;
2) аралык тұтыну.
Бастапқы және аралық тұтынудың айырмашылықтары
Бастапқы шығындар өндірістің бастапқы факторларының шығындарын (еңбекке төлемақы, өндіріске салықтар, негізгі i капиталды тұтыну) қамтиды.
Аралық тұтыну (AT) - жаңа басқа тауарлар мен қызметтерді өндіруге кеткен тауарлар мен қызметтердің ақшалай шығыны. Бұл тауарлар мен қызметтер ағымдағы өндірісте өндірілген және толықтай жұтылган.
Аралық тұтыну (AT) - Ұлттық Шоттар Жуйесінде макро-экономикалық көрсеткіштер тобына жатады және берілген кезенде өндірістік қызмет процесінде отандық өндірушілердің (негізгі капитал және еңбек төлемінен басқа) жұмсаған өнімдердің құны. Аралық тұтыну макродеңгейдегі өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар туралы мәліметтер негізінде есептеледі.
Аралық тұтынуға келесі тауарлар мен кызметтердің түрлері кіреді: шикізаттар, жартылай фабрикаттар, негізгi және көмекші материалдар, отын, энергияны пайдалану, кызметтерге төлемдер, өндірістік ғимараттар жалдау, телефонға төлем, өкілдік шығындар, кеңесшілер мен адвокаттардың шығындары, басқа ұйымдардың жұмыстары мен кызметеріне төлем, көлік қызметтеріне, қаржылық қызметтерге, жұмысшыларды жұмысқа алуға кеткен шығындар, ic-canap шығындары (ic-canap кезіндегі тәуліктік шығындарды қоспағанда), тауарлық- материалдық қорлардьң жетіспеушілігі мен жетілуінен болған шығындар. Осылайша, аралық тұтынуға тауарлар мен кызметтерді тұтыну (бірақ тауарларды сатып алу кірмейді) және тек кана өндірілген тауарлар мен кызметтер жатады. Сондықтан, жер учаскелеріне жалгерлік төлемдер, лицензиялық төлемдер, патенттер және де басқа авторлық құқықтарға төлемдер аралық тұтынуға кірмейді.
2. Шығындарды факторлық индекстік талдау
Индекстік талдау факторлардың әсер етуін сан жағынан бағалау үшін қолданылады. Өнімді өндіру мен өткізу шығындары мынадай факторлардан функционалдық тәуелділікте болады:
а) өнім бірлігінің өзіндік құны;
б) өнім өндірісінің көлемі, оның құрылымы;
в) өнім бірлігінің құны.
Индекстердің келесідей жүйесі қолданылады:
А. Өнім бірлігінің өзiндiк құнының (z) немесе өнім өндірісі шығындарының (z-q) жеке индекстері - 6ip бірлік кеңестігіндегі, дииамикасындағы қандай да 6ip көрсеткіштің өзгерісін сипаттайды (мысалы өнімнің нақты 6ip түрінің өзгерісін).
Жоспарлы кезеңдегі өнімнің өзіндік құнының жеке индексi (i):
Өнімнің өзіндік құны жоспарының орындалуының жеке индексі (iz):
Өнімнің өзіндік құнының динамикасының жеке индексі ():
Мұндағы: iz — өнім бірлігінің өзіндік құнының жеке индексі
Z1 - ecenтегі кезеңдегі өнім бірлігінің өзіндік құны;
Zжос — жоспар бойынша өнім бірлігінің өзіндік құны;
Zo -базистік кезеңдегі өнім бірлігінің өзіндік құны;
Өнім өндірісіне кеткен шығындардьң жеке индексі:
немесе немесе
Мұндағы: izq — өнім өндірісіне кеткен шығындардың индексі;
z 1q1 — есептегі кезеңдегң барлык өнімдер өндіруге кеткен шығындар;
z oqo — базистік кезеңдегі барлық өнімдер өндіруге кеткен шығындар;
z жосq жос — жоспар бойынша барлык өнімдер өндіруге кеткен шығындар;
Өзіндік құнның өзгеруінен болған абсолюттік экономикалық тиімділік барлық өнім өндірісінің ақшалай қаражаттарын үнемдеу немесе артық шығындау сомасы бойынша іске асады және ол мына формулалармен есептеледі:
Жоспарлы тапсырмада қарастырылған ақша қаражаттарын артық шығындау (унемдеу):
Шығындардың жалпы индекстерінің міндemmepi және ерекшеліктері
Ә. Шығындардың жалпы индексі кәсіпорынның немесе салалардағы кәсіпорын топтарының ic-әрекетін сипаттау үшін қолданылады. Берілген бұл индекс динамикада барлығы өнім өндірісі шығындарының өзгерісін, соның ішінде өзгерістерге әp6ip фактордың жеке әсер етуін зерттейді, ол келесі тәуелділікпен белгілі:
zq=z*q
Бұл тәуелдік экономикалық, көрсеткіштер арасында және жалпы индекстер арасында да сақталады:
Мұндағы: Izq - өнім өндірісі шығынының жалпы индексі ;
Iz - өнім бірлігінің өзіндік құнының жалпы индексі;
Iq - өнімнің физикалық көлемінің жалпы индексі.
Өнім өндірісі шығынының жалпы индексі мына формуламен анықталады:
немесе
Мұндағы, - есепті кезеңдегі барлық өнім өндірісінің жоспарлы шығындарының сомасы;
- барлық өнім өндірісінің жоспарлы шығындарының сомасы;
- базистік кезеңдегі барлық өнім өндірісінің шығындарының сомасы.
Б. Өнімнің өзіндік құнының орташа индекстері өзгермелі, тұрақты құрамды құрылымдық қозғалыстар өнімінің өзіндік құнының индекстері.
В. Өзгермелі, тұрақты құрамдар мен құрылымдық қозғалыстардың шығындарының қатысты деңгейінің индекстері аймақ, кәсіпорын түрі, меншік формасы, сала, экономика секторы белгілері бойынша шығарылған өнім көлемі және шығындар деңгейіндегі айырмашылықтар, ағымдағы шығындардың тиімділігін сипаттайды.
Г. Өнімді өндіру мен өткізудің шығындарын абсолютті артық жұмсау (үнемдеу), барлығы:
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1. «Өнім өндіруге, оны өткізуге жұмсалған шығын», «өнімнің өзіндік құны» және «аралық тұтыну» ұғымдарының айырмашылығы неде?
2. Өнім өндіруге, оны өткізуге жұмсалған шығынның құрамы қандай?
3. Аралық тұтыну шығындарының құрамында қандай шығындар болады?
4. Өзіндік құнның факторлық индекстік талдау әдісі қандай?
5. Ағымдағы шығынның тиімділігінің немесе қатысты шығын деңгейінің факторлық талдау әдісі қандай?
Тақырып 5. Тауар өндіру, қызмет көрсету нәтижесінің
cтатистикасы
Дәріс сұрақтары:
1. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша экономикалық өндіріс ұғымы
2. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері
3. Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері
1. Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша экономикалық өндіріс ұғымы.
Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі экономикалық өндіріс – жаңа тауар мен қызмет өндіру үшін еңбек капитал, тауар мен қызмет шығындарының жұмсалуымен орындалатын бір институтционалдық бірліктің іс-әрекеті. Сонымен қатар әрқашан да осыүрдіс үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын және сатуға арнап өндірілген тауарларға иелік ететін институционалдық бірлік болу қажет немесе оған қандай да бір көрсетілген қызмет үшін өтемақы төленуі немесе берілуі керек.
Өндіріс нәтижелері статистикасының міндеттері мыналар:
-
Қазақстан Республикасының тауар мен қызмет көрсету өндірісінің микро-мезо-макроэкономикалық көрсеткіштерін анықтау және мәліметтер жинау.
-
Ұлттық шоттар, баланстық кестелер түрінде құрылған тауар мен қызмет өндірісінің өзара байланысты статистикалық көрсеткіштерін жасау және құру.
-
Келесі белгілер бойынша тауар және қызмет өндірісінің динамикасын және құрылымын талдау:
-
натуралды-заттай құрамы бойынша;
-
құндық бейнеленуі бойынша;
-
экономиканың салалары мен секторлары бойынша;
-
республиканың облыстары бойынша;
-
меншік формалары бойынша және т.б.;
-
Статистикалық талдау тәсілдерінің көмегімен тауар және қызмет өндірісінің өсуіне әсер ететін факторларды зерттеу.
-
Ұлттық Шоттар Жүйесінің ұйғарымымен тауар және қызмет өндірісінің есептеу методологиясын жетілдіру.
2. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері.
Тауар және қызмет өндірісінің барлық көрсеткіштерін өндіріс көлемі, агрегаттау дәрежесіне байланысты келесі топтарға бөлуге болады:
-
Өнім шығарымын сипаттайтын тауар мен қызметтердің микроэкономикалық көрсеткіштері:
а) өнімнің жеке түрі;
б) жалпы кәсіпорын деңгейінде.
-
Сала, экономика секторы, аймақ деңгейіндегі өндірістің микроэкономикалық көрсеткіштері.
-
ҚР-дың барлық экономикасындағы өнім шығарылымын сипаттайтын өндіріс нәтижелерінің микроэкономикалық көрсеткіштері.
Бірліктердің қамту дәрежесіне байланысты тауар және қызмет өндірісі нәтижелерінің барлық микроэконимкалық көрсеткіштері мынадай топтарға бөлінеді:
-
Тауар мен қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін өндіру көрсеткіштері:
а) натуралды түрде – дана, килограмм, жұп және т.б. Осы әдіс есептегі кезеңде өндірілген нақты тұтыну құнының қандай екенін көрсетеді;
ә) шартты-натуралды түрде – берілген түрдің әр түрлі өнімдері шартты түрде қабылданған өлшем бірлік болып саналатын бір өнімнің бірлігімен сипатталады;
б) ақшалай түрде – кәсіпорындар, салалар, жалпы экономика бойынша өндірістің жалпылама сипаттамасы.
-
Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі әдістеме бойынша кәсіпорындар мен салалардағы өндірістің ақшалай түрде есептелу көрсеткіштері:
а) шығару (ІІІ) ;
ә) жалпы қосылған күн (ЖҚҚ);
Шығару көрсеткіші өндірістің бастапқы сатысын көрсетеді.
Өнім шығаруды есептеудің жалпылама әдістемесі:
-
жалпы қосылған күн – аралық тұтынудың қосындысы ретінде;
-
сатылған өнімнің құны – дайын сатылмаған өнім қорының өзгерісі мен аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің қосындысы ретінде;
-
сатылмаған дайын өнім құны және аяқталмаған өндіріс қорының өзгерісініңқосындысы ретінде;
-
нарықтық және нарықтық емес өндірісте шығарылған өнім құнының қосындысы ретінде;
-
тауар және қызмет өндірушілер шығарған өнім құнының сомасы ретінде;
-
өнімдердің құрамдас элементтерінің сомасы ретінде;
-
берілген календарлық жылда кәсіпорындардың барлық бөлімшелері өндірген өнім құнының сомасы ретінде еспетеуге болады.
Жалпы қосылған күн шығарылған өнім мен аралық тұтынудың айырмасына тең болады: ЖҚҚ = Ш-АТ. Жалпы қосылған күн аралық тұтынуды есептемейді, бірақ осы көрсеткіштерге негізгі капиталдың тұтынуы қосылғандықтан, ол «жалпы» деп аталады. Экономиканың барлық салаларпында жалпы қосылған құнды есептеу әдістемесі жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |