Глоссарий



бет3/3
Дата04.07.2016
өлшемі275.5 Kb.
#176228
1   2   3

Тақырып 1.10. Мұғалімінің пратикалық дайындығы

Дәріс мақсаты: Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктерге сипаттама беру

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Мұғалімнің практикалық дайындығы

  2. Ұйымдастырушылық іскерліктің түрлері

  3. Педагогикалық техника 

Мұғалімнің практикалық дайындығы оның сыртқы іскерліктері арқылы, яғни байқауға болатын әрекеттері арқылы анықталады. Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктерден құралады. Ұйымдастырушылық іскерліктің құрамы өз кезегінде мобилизациялық, ақпараттық, дамытушылық және бағыттаушы іскерліктерден құралатынын 6-сызбадан көріп отырмыз.

Сызба 6. Ұйымдастырушылық іскерліктің түрлері

 

 



 

 

 



 

 
 


 Мұғалімнің мобилизациялық іскерлігі бағытталады:

- Оқушылардың оқуға деген зейінін аудару және тұрақты қызығушылығын дамыту;

- Оқу дағдыларын қалыптастыру, оқу іс-әрекетін ғылыми ұйымдастыру тәсілдерін үйрету;

- Оқушылардың белсенділігін, шығармашылықтарын қалыптастыру;

- Ынталандыру және жазалау әдістерін тиімді қолдану.

Ақпараттық іскерлік – оқу материалын түсіндіру, оны алу және өңдеу әдістерімен байланысты қолданылады.

- Ақпараттық іскерлікті қолдану барысныда ақпарат көздері білім беру процесінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес өңделеді.

- Ақпараттық іскерлік төмендегі қабілеттерде көрінеді:

- Пәннің ерекшелігіне, оқушылардың дайындығы, өмірлік тәжірибесі, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу материалын түсіндіруде;

- Әр түрлі әдістерді қолдана отырып, оқу ақпаратын беру процесін дұрыс ұйымдастыруда;

- Сұрақтарды қысқа әрі ұғынықты құрастыруда;

- Көрнекі құралдарды тиімді қолдануда;

- Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі мен сипатын оперативті болжауда қолданылады.

Дамытушы іскерлік құралады:

- Оқушының жақын даму аймақтарын анықтау;

- Оқушылардың таным процесін, сезімдерін, еріктерін дамыту үшін проблемалық ситуациялар құрастыру;

- Танымдық дербестікті, шығармашылықты ынталандыру;

- Жекелеген қабілеттерді дамытуға жағдай жасау.

Бағыттаушы іскерлігі –  тәрбиеленушілердің адамгершілік құндылықты ұстанымдарын және дүниетанымын қалыптастыруға бағытталып, оқу іс-әрекетіне және ғылымға деген тұрақты қызығушылығын, тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту мақсатында бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырудан құралады.

Ал практикалық дайындықтың келесі іскерлігі коммуникативті іскерлік. Келесі 7-сызбада мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің құрамы көрсетілген.

Сызба 7. Мұғалімнің коммуникативті іскерліктерінің түрлері.
 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 Перцептивті іскерлік – қарым-қатынастың басқаларды қабылдау, түсіну түрінде көрініс табады. Ол үшін басқа адамдардың құндылық бағдарын білу керек. Перцептивті іскерлік арқылы алынған ақпарат педагогикалық қарым-қатынастың тиімді өтуіне ықпал жасайды.

В.А.Сластенин перцептивті іскерлік төмендегілерден тұрады дейді:

•  Бірлескен іс-әрекетте серіктестің белгілері туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, қабылдау;

•  Басқа адамдардың тұлғалық мәніне терең ену;

•  Адамның жеке ерекшеліктерін анықтау;

•  Адамның қандай типке, темпераментке жататынын анықтау;

•  Адамның сыртқы сипаты мен өзін-өзі ұстауы бойынша адамның ішкі әлемі, болашақ іс-әрекетін және бағытын анықтау;

•  Адамның көңіл-күйін, жағдайын, белгілі бір оқиғаға деген қатынасын анықтау;

•  Адамның құндылық бағдарын көре білу.



Педагогикалық қарым-қатынас іскерлігі: Коммуникативті шабуыл, яғни сөйлесуді жүзеге асыру түрінде көрініс табады.

Педагогикалық техника мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара әрекеттесу іскерліктерінен құралады. Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді жарасымдықта болуына ықпал етеді.

Ол төмендегі іскерлік пен дағдылардан құралады:

•  Дұрыс жұмыс стилін таңдау;

•  Оқушылардың зейінін басқару;

•  Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін дамыту;

•  Мұғалімнің өз денесін басқаруы;

•  Психологиялық жағдайды реттеу;

•  Әр түрлі сезімдерді білдіру техникасын білдіру;

•  Ақпаратты бейнелі жеткізе алу


 Бақылау сұрақтары: 

  1. Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктердің айырмашылықтарын көрсет

  2. Педагогикалық қарым-қатынас іскерлігіне сипаттама бер

  3. Педагогикалық техниканың мағынасын түсіндір


Негізгі әдебиеттер:

1.     Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

2.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.

3. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.

4. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с
Қосымша әдебиеттер:

5.  Ершов П.М., Ершова А.П., Букатов В.М. Общение на уроке, или режисура поведения учителя.- М.: Московско психолого-социальный институт, Флинта, 1998.- 336с.

6.  Жармекова Г.С. Культура профессионально-педагогического общения будущего учителя (учебное пособие).- Алматы; Издательский дом КазГЮУ, 2002.- 120с.

7.  Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя – М., 1989

8.  Львова Ю.А. Творческая лаборатория учителя. М., 1985

Тақырып 1.11. Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты

Дәріс мақсаты: Мұғалім, мұғалімнің шығармашылығына сипаттама беру

Тақырыпқа арналған сұрақтар:


  1. Педагогикалық іс-әрекет

  2. Мұғалімінің шығармашылық мүмкінідігі

  3. Шығармашыл тұлғаның креативтілігі

Педагогикалық іс-әрекет сапалық мәнге ие мамандықтың бір түрі болып табылады. Мұғалім еңбегінің ұйымдастырылуы мен мазмұны оның өз іс-әрекетіне деген шығармашылық қатынас деңгейі арқылы анықталады. Педагогтың іс-әрекетіндегі шығармашылық деңгей алдына қойған мақсаттарды шешудегі мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі арқылы анықталады. Сондықтан мұғалім мамандығының басты ерекшеліктерінің бірі шығармашылық сипат болып табылады. Мысалы, басқа да мамандық иелері (ғылым, техника, өнер т.б.) шығармашылық сипатқа ие болғанымен, олар жаңалық ашуға бағытталса, мұғалім мамандығы адамды дамытуға бағытталады.

Мұғалімінің шығармашылық мүмкінідігі жинақталған әлеуметтік тәжірибе, психологиялық-педагогикалық және пәндік білімдері, жаңа идеялар, дағды, іскерліктер арқылы анықталады.

Мұғалім шығармашылығы деп өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шеше алу процесін атауға болады.

Шығармашыл тұлғаның ерекше жеке іскерлік қасиеттерін ерекшелендіріп тұратын қасиеттерін креативтілік деп атаймыз.

Зерттеушілер Е.С.Громов және В.А.Мояко креативті іскерліктің мынадай белгілерін көрсетеді: ерекшелілік, эвристикалық, фантазия, белсенділік, анықтылық-нақтылық, сезімталдық және т.б.

Шығармашылық педагогқа бастамашылдық, дербестік, ойлау, сезіну, танымға деген құштарлық сияқты қасиеттерді меңгеруді қажет етеді.

 

  Бақылау сұрақтары: 



  1. Педагогикалық іс-әрекетті қалай түсінесің?

  2. Креативтілік ұғымы

  3. Мұғалімнің педагогикалық креативтілігі


Негізгі әдебиеттер:

1.     Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

2.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.

3. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.


Қосымша әдебиеттер:

 4.  Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя – М., 1989

5.  Львова Ю.А. Творческая лаборатория учителя. М., 1985

6.  Мудрик А.В. Учитель: мастерство и вдохновение.-М., 1986

7.  Вайнцвен Н. Десять заповедей творческой личности. – М., 1990

8.  Кузьмина Н.В. Очерки психологии труда учителя. – М., 1967



Тақырып 1.12. Педагогикалық кәсіби құзіреттілік ұғымы 

Дәріс мақсаты: Құзіреттілік ұғымын студенттердің ойларында қалыптастыру

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Құзіреттілік

  2. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі

  3. Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі 

Педагогикалық мамандық бір уақытта өзгертуші әрі басқарушы мамандық болып табылады. Ал тұлғаның дамуын басқару үшін құзыретті болуы керек.

Құзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, тұжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы арқылы  құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді және сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде құзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде қолданылады.

Ш.Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады.

«Құзыреттілік – білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін  сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері».   

Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі деп педагогикалық іс-әрекетті атқару үшін оның теориялық және практикалық дайындығын және профессионализімін атайды. (В.А.Сластенин)

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы мүмкіндіктері. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық теорияларды және оны практикада қолдануды білуі керек.

Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі (В.А.Мижериков).

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі үшін психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді меңгеруі керек, сонымен бірге ол білімдерін нақты бір ситуацияларды қолдан алуы қажет. кәсіби құзыреттілік мұғалімнің өз ісінде шебер болуын анықтайды деп айтуға болады.
 Бақылау сұрақтары: 


  1. «Құзіреттілік» сөзіне бірнеше анықтама бер

  2. Құзіреттілікке байланысты ғалымдардың айтқан сөздері

  3. Мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігі

 Негізгі әдебиеттер:

1.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.

2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.

3. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с
Қосымша әдебиеттер:

4.  Боршова С.Г. Молодой учитель. Труд.Быт.Творчество.М.:1999

5.  Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учебное пособие.- Ростов на Дону.: Издательство «Феникс», 1997.- 480с.

6.  Рыданова И.И. Основы педагогики общения.- Мн.: Беларуская наука, 1998.- 319с.

7.  Ершов П.М., Ершова А.П., Букатов В.М. Общение на уроке, или режисура поведения учителя.- М.: Московско психолого-социальный институт, Флинта, 1998.- 336с.

8.  Жармекова Г.С. Культура профессионально-педагогического общения будущего учителя (учебное пособие).- Алматы; Издательский дом КазГЮУ, 2002.- 120с.



Тақырып 1.13. Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы

Дәріс мақсаты: Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымын сипаттап көрсету

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы

  2. Педагогикалық іскерлік  

Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөлігін педагогикалық іскерліктер құрайды. Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығынан құралады. Ал мұғалімнің теориялық және практикалық дайындықтары педагогикалық іскерліктерден құралады.

 

Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы

  

Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бірізді жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А.Сластенин).



Педагогикалық іскерлік – мұғалімнің әр түрлі әрекетттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды (В.А. Мижериков).

Жоғарыда келтірілген сызбадан көріп отырғанымыздай мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі теориялық және практикалық дайындықтардан құралады. Теориялық дайындық өз кезегінде аналитикалық (талдау), болжау, жобалау, рефлексиялық іскерліктерден құралса, практикалық дайындық коммуникативтік және ұйымдастырушылық әскерліктерден тұрады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі үшін тек теориялық және практикалық дайындықтың болуы жеткіліксіз. Кәсіби құзіреттіліктің құрамын қолданбалы іскерліктер де толықтыра түседі. Оған шығармашылық іскерліктер – сурет салу, ән айту, музкалық аспаптарда ойнау, би билеу, спорт түрлерімен шұғылдану және т.с.с. іскеерліктер жатады. Әрине, педагогтың кәсіби құзыреттілігі тек аталған іскерліктер құрамымен анықталады деп айтуға болмайды.


Бақылау сұрақтары: 

  1. Педагогикалық іскерлікке сипаттама бер

  2. Аналитикалық іскерлік дегенді қалай түсінесің?

  3. Педагогтің кәсіби құзіреттілігі

 Негізгі әдебиеттер:

1.    Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.

2.     Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

3.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
Қосымша әдебиеттер:

 

4.       Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с.



5.       Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с.

6. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.

7.     Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с.

Тақырып 1.14. Білім беру құндылық ретінде

Дәріс мақсаты: Құндылық мәселелерін ажырату

Тақырыпқа арналған сұрақтар:


  1. Құндылықтар – адам мен қоғам өмірінде үлкен роль атқарады

  2. Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде

  3. Білім берудің тұлға үшін маңыздылығы 

Білім беру ұғымын құныдылық ретінде де түсіндіруге болады. Себебі адамзаттың кез-келген даму формациясында әрбір мемлекеттің дамуының қозғаушы күші білім беру мен ғылымның дамуы болды, сондықтан да білім беруді құндылық ретінде қарастырады. 

Құндылық мәселесін аксиология ғылым қарастырады. Грек тілініде “аксио“- құндылық, “логос”- ілім, ғылым дегенді білдіреді. Құндылықтар – адам мен қоғам өмірінде үлкен роль атқаратын фактор. Бұл ұғымды алғаш рет философия саласына ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Г. Лотц енгізді. Аксиология ғылымының негізін қалаушы Г.Лотц бұл ұғымды мән деп түсіндіреді. Ал бұл ұғым ғылыми термин ретінде тек 20 ғасырдың басында П.Лапи мен Э.Гартманның еңбектерінің арқасында ғылыми айналымға енді.

Аксиология ғылымының басты міндеті – құндылықтың болмыс құрылымында қандай орын алатынын және олардың шынайы фактілерге қатынасын анықтау болып табылады. Аксиология – құндылықтар ілімі туралы және құндылықтар әлемінің құрылымы, олардың ақиқаттағы орны туралы философиялық ілім.

Білім беру, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық құндылықтарға ие.

Білім беру ұғымының құндылық ретіндегі сипаттамасын өзара байланысқан үш бағыт бойынша түсіндіруге болады:

1. Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде

2. Білім беру қоғамдық құндылық ретінде

3. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде



Білім беру мемлекеттік құндылық ретінде деген пікір дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома болып табылады. Кез келген мемлекеттің адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық және мәдени потенциалы білім берудің жағдайына және оның прогрессивті даму мүмкіндігіне тікелей байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деп айтқан сөздері бұл ойымызды дәлелдей түседі. Білім беруді мемлекеттік құндылық ретінде тану арқылы дамыған мемлекеттердің үлкен табыстырға жетуі ойымызды дәледейді.

Білім берудің мемлекеттік маңыздылығын түсіну оның қоғамдық маңыздылығына талдау жасауды талап етеді. Мемлекет пен қоғам ұғымдары бірдей ұғым емес, олар өзара байланыстылықта болады. Әрқашанда мемлекет пен қоғамның білім беруге қатысты ұмтылыстары үйлесіп жата бермейді. Қоғам мемлекет анықтаған басымдылықтарды, бағдарламаларды, жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Қоғамдағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері кезек күттірмейтін мәселелерін шешуін қадағалап, білім беру ісіне құзыретті мамандардың келуін, әр түрлі жоспарлар мен жобалардың орындалуын қадағалап отыруы, қамтамасыз етуі тиіс.

Ұжымдық бастамалардың маңыздылығына қарамастан білім берудің тұлға үшін маңыздылығы да жоғары. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде тұлға үшін жеке мотивация мен ынталық қатынасын, сапасы мен деңгейін анықтайды.  Тұлғалық құндылық ретінде білім беру тұлғаға өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді. Тұлғаның қалыптасуында білім беру маңызды роль атқарады. Тұлғаның мәдениеті, дүниетанымы, көзқарастары, өзіндік пікірі, тәжірибесі білім беру арқылы қалыптасады.

Білім беруді құндылық ретінде түсіндіруде оның мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық маңызын тұтастықта, жүйелілікте қарастырған жөн. Өйткені, тек осы тұрғыда түсіндіргенде білім беру ісін дамытуда тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкін болады.


 Бақылау сұрақтары: 

  1. Аксиология – құндылықтар ілімі туралы мағлұматтар бер

  2. Тұлға, тұлғаның мәдениеті,дүниетанымы, көзқарасы

 Негізгі әдебиеттер:

1. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.

2. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с

 

Қосымша әдебиеттер:

3.       Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с.

4.       Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с.

5. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.



Тақырып 1.14.   Қазіргі заманғы білім берудің даму жағдайлары

Дәріс мақсаты: Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің маңызын көрсету

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің күйі

  2. Білім беру жүйесінің алға қарай дамуы

  3. Білім беру ісінде қазіргі кезеңдегі өзгерістер

Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау  оның әлемдік деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігін дәлелдеп отыр. Біздегі бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс идеологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу, жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты.

Еліміздегі білім берудің жағдайын талдай келе, оның ілгері дамуына кедергі жасайтын төмендегідей проблемаларды көруге болады:

- қоғамымызды демократияландыру процесіне байланысты туындайтын проблемалар;

- авторитарлы педагогикадан ізгілікті педагогикаға ауысу жағдайында кездесетін проблемалар;

- білім берудің ұлттық моделін құрастыруға байланысты проблемалар;

- білім берудің жаңа парадигмасын анықтауға байланысты туындайтын проблемалар;

- білім берудің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға байланысты проблемалар;

- орта балаға бағдарланған оқытудан жекелей, тұлғалық-бағдарланған оқытуға ауысудағы проблемалар;

- білім беру сапасына қатысты проблемелар;

- білім беру мазмұнын анықтаудағы проблемалар (оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар);

- білім берудің қоғамның құндылығы ретінде маңызының төмендеуі;

- жастардың тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтауына мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі және т.б.

Сондықтан, қоғамымызда білім берудің мемлекеттік, қоғамдық, тұлғалық құндылығы ретінде маңыздылығы төмендеді. Бірақ та  мемлекет тарапынан жасалып жатқан реформалар қазіргі күні елімізде білім берудің маңыздылығының артып келе жатқанын байқатады. Мемлекет тарапынан білім беру ісіне қолдау көрсетіліп, оны әлемдік кеңістікке интеграциялау, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру сияқты игі іс шаралар жүргізілуде.

Білім беру ісінде қазіргі кезеңде үлкен өзгерістер жүруде:

• Білім беру жүйесінің жаңа ұлттық моделін құрастыру;

• Білім беру ісін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;

• Халықаралық білім беру жүйесіне интеграциялану;

•Білім беруді ақпараттандыру, компьютерлендіру, технологияландырыу және т.б. іс-шаралар мемлекет тарапынан көтеріліп жасалуда.
  Бақылау сұрақтары: 


  1. Білім беру жүйесінің маңызын көрсет

  2. Жаңа ақпараттық технологияларды ата

 Негізгі әдебиеттер:

1.    Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.

2.     Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

3.     Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.

4. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.


Қосымша әдебиеттер:

5.  Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. – М.: Педагогика, 1990.- 144с.

6.  Боршова С.Г. Молодой учитель. Труд.Быт.Творчество.М.:1999

7.  Зимняя И.А. Педагогическая психология: Учебное пособие.- Ростов на Дону.: Издательство «Феникс», 1997.- 480с.

8.  Рыданова И.И. Основы педагогики общения.- Мн.: Беларуская наука, 1998.- 319с.

9.  Ершов П.М., Ершова А.П., Букатов В.М. Общение на уроке, или режисура поведения учителя.- М.: Московско психолого-социальный институт, Флинта, 1998.- 336с.



10.  Жармекова Г.С. Культура профессионально-педагогического общения будущего учителя (учебное пособие).- Алматы; Издательский дом КазГЮУ, 2002.- 120с 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет