«Глуховка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


ПЖК топтары қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері



бет6/6
Дата26.04.2023
өлшемі23.75 Kb.
#472777
1   2   3   4   5   6
Полицияның жас досы

ПЖК топтары қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері



    1. Аталған топтардың құрамына қызығушылық танытқан білім беру мекемелеріндегі 10 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер ата-аналарының жазбаша өтініші арқылы кіре алады.

    2. Ата-аналарының өтініштерінің негізінде білім мекемелерінің басшыларының бұйрығымен ПЖК топтары құрылып, оның құрамына кәмелетке толмаған жасөспірмдер қабылданып, оладың өмірі мен денсаулығына жауапты ретінде арнайы педагог тағайындалады. Оған өткізілетін іс-шаралар кезінде жауапкершіліктер жүктеліп, оның атқаратын міндеттері мен жұмыс бағыттары айқындалады.

    3. Топтың құрамына қабылдау салтанатты түрде арнайы жиында жүргізіледі. Қабылданған топ мүшелерімен нұсқаушы арнайы оқыту сабақтарын жүргізіп, соңына қарай жас мүшелері сынақ тапсырып, қолдарына куәліктер мен төсбелгілер тапсырылады.

    4. Сынақты комиссия құрамында: білім мекемесінің қызметкері, топ жетекшісі, ИДН инспекторы мен топ командирі қабылдайды.

    5. Топ жетекшісі топ қызметінің жылдық жоспарын жасап, оны аудандық (қалалық) ішкі істер бөлімімен келісіліп, директормен бекітіледі.

    6. Жоспар құқықтық білім мен нормативтік құжаттардың негізін қалыптастыратын, тәртіп мәдениетін, іс-шараның міндеттері мен мақсаты, оған қатысатын тұлғалардың тізімі, аталған іс-шараны өткізуге жауапты адамның аты -жөні мен өткізілу орны көрсетіле отырып, жасалады.

    7. ПЖК топтарының мүшелерімен өткізілетін сабақтар топ қызметінің жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі.

    8. Іс-шараның өткізілгені туралы арнайы бағанда көрсетіліп, «Топ мүшелерімен жүргізілетін жұмыстарды тіркеу журналында» жазылады.

    9. Топтың командирі топтың жалпы жиналысында сайланады.

    10. ПЖК топтарының жұмысына күнделікті жетекшілік ету жалпы жиналыста сайланған штаб арқылы жүзеге асырылады.

    11. Штабтың міндеттері:

  • Топтардың мүшелеріне жалпы басшылық жасайды.

  • Топ жетекшісіне жоспар жасауда, топтың атын, ұранын және рәміздерін жасауда көмек береді.

  • Топты құру немесе тарату, бөлімшелердің жетекшілерін тағайындауда, марапаттауда және жазалауда шешімдер қабылдайды.

  • Штаб топ командиріне сенімсіздік білдіруге және оны қайта сайлау туралы жалпы жиналыс шақыруға құқылы.

  • Штаб отырысы айына кемінде 2 рет өткізіледі.

    1. Топты басқарудың жоғары органы жалпы жиналыс болып табылады. Топ мүшелерінің жалпы дауыс беруі арқылы ең өзекті мәселелер шешіледі. Оқу жылының соңында топтың жалпы жиналысында топ командирі мен оның мүшелерінің есебі тыңдалып, жаңа мерзімге сайлау жұмыстары жүргізіледі.

    2. Командирді қайта сайлаудың себептері:

  • Білім мекемелерінің жұмысының тоқтатылуы

  • Есепті жылдағы қанағаттандырғысыз жұмыс

  • Топты басқарудан бас тартуы

  • ИДН-ге есепке алынуы.

  • Құқық бұзушылық жасауы, білім мекемелерінің Жарғысын, ішкі тәртіп ережесін бұзғанда, қоғамдық жерде және көшелерде тәртіп бұзғанда

    1. «Полицияның жас көмекшілері» топтарының аты, ұраны, рәміздері – топ эмблемасы, гимні, топ стендісі болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет