«гнпф» жзқ» АҚ 2010 жыл үшін қаржылық есептілігіне түсінік хат Жалпы мәліметтер «гнпф» жзқ» АҚ (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 қыркүйектегі №1372 «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры»



жүктеу 118.17 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі118.17 Kb.
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ 2010 жыл үшін қаржылық есептілігіне түсінік хат

1. Жалпы мәліметтер
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 қыркүйектегі № 1372 «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылды. «ГНПФ» ЖАҚ Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігіне (2004 жылғы 11 мамырдағы 15242-1910-АО тіркеу номері) сәйкес «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамына қайта тіркелді. «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігіне (2005 жылғы 1 ақпандағы 15242-1910-АО тіркеу номері) сәйкес «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы деп қайта аталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 шілдедегі № 837 «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы», Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тапсырылды.

01.11.2004 жылғы № 04/1101-210 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен Қордың акциялар пакетін сатып алу-сату шартына сәйкес Қор акцияларының 64% иелік ете отырып ҚРҰБ Қордың негізгі акционері болып табылады, қалған 36% Қазақстан Республикасының Үкіметі иелік етеді.

2006 жылғы 3 наурызда Қор 5 555 000 жай акциялар шығарылымына бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алды. 2006 жылғы 30 наурыздағы № 5 Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысының хаттамасымен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары К.К. Масимовтың төрағалығымен Қор акцияларының жалпы санынан 10% мөлшерінде Қор акцияларын Еуропалық қайта құру және даму банкіне сатуды мақұлдау шешімі қабылданды.

2007 жылғы 15 мамырдағы № 15/175/25-05-07 Қордың жай акцияларын сатып алу-сату шартына сәйкес (2005 жылғы 30 желтоқсандағы жазылу туралы келісімге Қосымша келісім) Еуропалық Қайта құру және даму банкі 555 000 (бес жүз елу бес мың) жай акциялары үшін 2007 жылғы 30 мамырда 512 770 862 (бес жүз он екі миллион жеті жүз жетпіс мың сегіз жүз алпыс екі) теңге төледі.

Акционерлердің үлесі пайыздық арақатынаста:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – 57,61%;

Қазақстан Республикасының Үкіметі – 32,4%;

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі – 9,99% құрады.

2008 жылғы 15 желтоқсанда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешім негізінде Қор 2008 жылғы 18 желтоқсанда жарияланған жай акциялардың саны 3 125 000 данаға ұлғаюмен байланысты бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ауыстырды. 2009 жылғы 1 қаңтарға акциялардың жалпы шығарылымы жай акциялардың 8 680 000 құрайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қор акцияларының қосымша эмиссиясының ақцияларын артықшылықпен сатып алу құқығынан Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің пайдасына бас тартты.

2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 670 НБ 15/786/29-12-08 Қордың жай акцияларын сатып алу-сату шартына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2008 жылғы 29 желтоқсанда жай акциялардың 2 812 812 (екі миллион сегіз жүз он екі мың сегіз жүз он екі) данасы үшін 3 600 399 360 (үш миллиард алты жүз миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың үш жүз алпыс) теңге төледі.

2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 35060 жай акцияларын сатып алу-сату шартына сәйкес Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 2009 жылғы 27 қаңтарда 312188 (үш жүз он екі мың жүз сексен сегіз) данасы үшін 399 600 640 (үш жүз тоқсан тоғыз миллион алты жүз мың алты жүз қырық) тенге сомасын төледі.

Акционерлердің үлесі 2009 жылғы 1 ақпанға пайыздық арақатынаста:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – 69,27%

Қазақстан Республикасының Үкіметі – 20,74%

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі – 9,99% құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің иелігіндегі 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) дана көлеміндегі жай акциялары, Қордың орналастырылған акцияларының жалпы көлемінен 20,7373 пайызды құрайды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 668 «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулысына және 2009 жылғы 12 маусымдағы № 65 қабылдау-өткізу актіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің меншігіне тапсырылды.

Осыйлаша, 2009 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша акционерлердің үлестері пайыздық арақатынаста:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – 90,01%

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі – 9,99% құрады.

Қордың мынадай лицензиялары бар:



  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен 10.03.05 жылы берілген № 0000006 зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметімен айналысуға лицензия;

  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен 10.03.05 жылы берілген № 0402200257 клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметпен айналысуға лицензия;

  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен 10.03.05 жылы берілген № 0412200206 зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметпен айналысуға лицензия.

Қор «Қазақстандық қор биржасы» жабық акционерлік қоғамының Биржалық кеңесінің 1999 жылғы 13 тамыздағы шешімімен мемлекеттік бағалы қағаздар сауда-саттығына (К категориясы) қатысу құқығымен № М061 куәлігі, сондай-ақ қор биржасының ресми тізіміне енгізілген («Р» категориясы) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар сауда-саттығына қатысу құқығымен «Қазақстандық қор биржасы» ЖАҚ мүшелігіне қабылданды, 2003 жылғы 10 қазандағы № 24 хаттамасы.

Қор қызметінің негізгі түрлері:



  1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте салымшылардың зейнетақы жарналарын тарту;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте зейнетақы активтерін инвестициялық басқару;

Қор басқа тұлғаларға немесе тұлғалар тобына тиесілі емес, шаруашылық еншілес серіктестері және тәуелді акционерлік қоғамдары жоқ, басқа заңды тұлғаларға қатыспайды.

Қор есепті кезеңнің қаржылық ақпаратының мазмұнын өзгертуге әсер етуі мүмкін (немесе әсер еткен) іс-шараларды жүргізген жоқ.




2. Есепті кезеңде болған есептік саясаттағы өзгерістер және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметте операциялардың көрінуіне олардың әсері
Қордың Директорлар кеңесінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 1 хаттамасының шешімімен бекітілген Есептік саясатқа есепті кезең ішінде, «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2010 жылғы «17» қыркүйектегі № 8 хаттамасына сәйкес өзгерістер енгізілді.
3. Ұйымның есептік саясатына сәйкес негізгі құрал-жабдықтарға амортизацияны есептеудің тәсілдері

Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді есептеу бір қалыпты (тікелей) әдіспен жасалады.



  1. Негізгі құрал-жабдықтардың қозғалысы, негізгі құрал-жабдықтардың түрлері және құны туралы ақпарат (ішкі ауыстыруды санамағанда)

2011 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құны 192 687 мың теңгені құрады, оның ішінде:






Негізгі құрал-жабдықтардың атауы

Есепті кезеңнің аяғындағы НҚ бастапқы құны

Амортизация сомасы

НҚ (+) ұлғаюы

НҚ (-) кемуі

Негізгі құрал-жабдықтардың қалдық құны







1

Машиналар мен

жабдықтар



350 567

195 235

7 518

155 333


2

Көлік құралдары

19 465

11 623

-

7 842

3

Басқалар

93 021

63 509

- 4 634

29 512





Барлығы:

463 053

270 367

2 884

192 687

2011 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша материалдық емес активтердің баланстық құны 120 497 мың теңгені құрады, оның ішінде:



№ р/с

Материалдық емес активтердің атауы

Есепті кезеңнің аяғындағы МЕА бастапқы құны

Амортизация сомасы

МЕА (+) ұлғаюы

МЕА (-) кемуі

Материалдық емес активтердің қалдық құны




1

Лицензиялық келісімдер

28 155

18 839

880

9 316

2

Бағдарламалық қамсыздандыру

240 521

129 340

3 353

111 181

 

Барлығы:

268 676

148 179

4 233

120 497




  1. Қаржылық инвестициялар бойынша сыйақы төлемдері, өтеу мерзімдері, қаржылық инвестициялар тізбесін келтірумен қаржылық инвестициялардың қозғалысы туралы ақпарат

Қордың меншікті қаражаты бойынша қаржылық инвестициялар портфелі 2011 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 16 139 621 мың теңгені құрады, оның ішінде:

- жалпы сомасы 4 673 293 мың теңге екінші деңгейлі банктердегі депозиттер;

- жалпы сомасы 11 466 328 мың теңге сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар.




6. Мерзімі шегерілген салық талабы

Желтоқсанда 2010 жылдың мерзімі шегерілген салығының есеп айрысыуы жүзеге асырылды және 80 160  мың теңге мөлшерінде салық талабы көрсетілді, сондай-ақ 2009 жыл үшін мерзімі шегерілген салықтар қайтарылды (68 604 мың теңге – мерзімі шегерілген талап және 6 914 мың теңге – мерзімі шегерілген міндеттеме).


7. Өзге активтер

Өзге активтер 01.01.11ж. жағдай бойынша берілген аванстар, болашақ кезеңдердің шығыстарынан, аяқталмаған құрылыс (бағдарламалық қымсыздандыру), тауар материалдық қорлар мен қызметкерлердің берешектерінен тұратын 54 050 мың теңгені құрайды.


8. Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша бюджетке талаптар

01.01.11ж. жағдай бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша бюджетке талаптар 88 мың теңгені құрайды.


9. Комиссиялық сыйақылар

Қордың комиссиялық сыйақысы 01.01.11ж. жағдай бойынша 481 815 мың теңгені құрайды:

- 322 188 мың теңге сомасындағы инвестициялық кірістен есептелген комиссиялық кірістер;

- 159 627 мың теңге сомасындағы зейнетақы активтерінен есептелген комиссиялық кірістер.



10. Ақша және ақшалай баламалар

01.01.11ж. жағдай бойынша 1 300 060 мың теңге мөлшеріндегі ақша, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «RBS(Kazakhstan)» ЕБ АҚ есеп айрысу шоттарында орнластырылған.


11. Қордың активтері

Қордың жалпы активтері 01.01.11 ж. жағдай бойынша 18 368 978 мың теңгені құрайды.


12. Кредиторлық берешек

01.01.11 ж. жағдай бойынша Қордың балансында жеткізушілер мен мердігерлерге 11 135 мың теңге сомасында қысқа мерзімді кредиторлық берешек есептеулі.


13. Бағалаушы міндеттемелер

Қысқа мерзімді бағалаушы міндеттемелер 409 300 мың теңгені құрайды, оның ішінде қысқа мерзімді кепілді міндеттемелер және қызметкерлерге сыйақылар бойынша бағалаушы міндеттемелер.


14. Қызметкерлер құрамымен есеп айрысулар бойынша есептелген шығыстар

Қызметкерлер құрамымен есеп айрысулар бойынша есептелген шығыстар 237 мың теңгені құрайды (еңбекақы төлемі бойынша қысқа мерзімді берешек)



15. Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша бюджет алдындағы міндеттемелер

Қордың балансында 01.01.11 ж. жағдай бойынша 58 345 мың теңге сомасында корпоративтік табыс салығы бойынша берешек есепте, оның ішінде 2011 жылғы қаңтарда төленген КТС, ЖТС, әлеуметтік салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер.


16. Өзге міндеттемелер

Өзге міндеттемелер 01.01.11ж. жағдай бойынша 1 635 мың теңгені құрайды.


17. Қордың міндеттемелері

01.01.11 ж. жағдай бойынша Қор міндеттемелерінің жалпы сомасы 480 652 мың теңгені құрайды.


18. Меншікті капитал қозғалысын ашу

Меншікті капиталдың жалпы сомасы 17 888 326 мың теңгені құрайды, оған мыналар кіреді:

- жарғылық капитал 5 012 771 мың теңге сомасында;

- Қордың резервтік капиталы және өзге резервтері 2010 жыл үшін 4 056 517 мың теңге сомасында және 193 931 мың теңге сомасында сәйкесінше;

- 5 334 047 мың теңге сомасындағы өткен жылдардың пайдасы және 2010 жыл үшін бөлінбеген пайда - 3 291 060 мың теңге сомасынан тұратын бөлінбеген пайда 8 625 107 мың теңгені құрайды.

Ағымдағы жылы Резервтік қор 2009 жылдың бөлінбеген пайдасы есебінен толықтырылды. 2010 жылғы 14 мамырында өткізілген Қор акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2009 жылғы қызметтің нәтижелері бойынша Қордың жай акциялары бойынша дивидендтерді төлемеу туралы шешім қабылданды.


19. Пайда және шығындар туралы есеп

2010 жылдың қорытындылары бойынша таза пайда 3 291 060 мың теңгені құрады, мұндайда салық салынғанға дейін пайда 4 060 918 мың теңгені құрайды және корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар – 769 858 мың теңгені құрайды.


20. Қор кірісінің талдамасы

Есепті кезеңге 6010, 6100, 6200 шоттары бойынша Қор кірісінің жалпы сомасы 7 116 151 мың теңгені құрады, сатып алынған бағалы қағаздарды сатудан шығынды және шетелдік валютаны қайта бағалаудан шығынды есептегенде:



Кіріс түрлері

Сома

(мың теңге)

Инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы және зейнетақы активтерінен сыйақы

5 803 595

Орналастырылған салымдар бойынша сыйақылар түріндегі кірістер

558 864

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер

427 831

Бағалы қағаздарды сатып алу – сатудан түскен кірістер (шығындар)

(27 358)

Қаржы құралдарының әділ құнын өзгертуден және бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кірістер

849

РЕПО операциялары бойынша кірістер

2 355

Шетелдік валютаны қайта бағалаудан кірістер (шығындар)

(66)

Басқа кірістер

350 081

Кірістердің жалпы сомасы

7 116 151


21. Шығыстардың талдамасы

Есептік жыл үшін Қор шығыстарының жалпы сомасы 7200, 7400 шоттары бойынша 2 759 013 мың теңгені құрады, сатып алынған бағалы қағаздарды сатудан шығынды және шетелдік валютаны қайта бағалаудан шығынды есептемегенде:



Шығыстардың түрлері

Сома

(мың теңге)

Комиссиялық шығыстар (кастодиан банктерге сыйақылар)

43 444

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы (сыйлықақылар) түріндегі шығыстар

6 538

Жалпы әкімшілік шығыстар

2 684 305

Өзге шығыстар

24 726

Шығыстардың жалпы сомасы

2 759 013

Басқарма Төрайымы Медеушеева Д.Т.


Бас бухгалтер Куатова А.Ш.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет