2.Композициялық бөлімді талдау. Гобелен тоқу үшін:
Гобеленші-суретші алдымен тоқылмақшы гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.
Гобеленші-бояушы суреттегі түрлі-түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.
Гобеленші-картоньер кіші қагаздағы суретті тоқылмақшы гобелен елшеміндей картонға бояулы етіп салады.
Гобеленші-тоқымашы салған суреті бойынша кілемді тоқиды.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани материалдық қазынасының қомақты бөлігінің бірі — ұлттық қолөнері қандай бай, ғажап зор десеңші! Оның тұңғиық түпсіз тереңіне сүңгу, өлшеусіз кеңдігі мен ерен байлығын, сан қырлы даму заңдылықтарын терең зерттей отырып, оны келешек ұрпаққа қалай үйретудің жолын іздестіру ұстаз қауымының үлкен парызы.
Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық қол өнерінің тәрбиелік мәні, оның тәжірибесі мен даму бағытын түпкілікті зерттеу қазіргі заман талабына сай кезек күттірмейтін міндет болып отыр. Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет. Қазақ «өнер алды-қызыл тіл» дейді. Дегенмен, гобелен өнері осы тілден бұрын пайда болған тәрізді. Өйткені сонау тас ғасырынан қалған таңбалы тастарда ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен жеткізуге талпынған көрінеді. Тоқыма жіптер арқылы суретші өз шығармасын гобелен арқылы көрсете білген. Гобелен өнерінің қалыптасуы қазақ халқының қолөнері ішіндегі ең басты орындардың бірін алады.
Достарыңызбен бөлісу: |