Государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



Дата29.02.2016
өлшемі40.24 Kb.
#30350


ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 маусымда №11335 тіркелді


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2015 жылғы 24 сәуір


Алматы қаласы



№ 66
город Алматы





«Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы





«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7739 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Есептілік уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде мынадай кезеңділікпен:

1) банктер, ипотекалық ұйымдар, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы – ай сайын;

2) уәкілетті органның банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары – тоқсан сайын ұсынылады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, есептілігі есепті кезеңнің соңында қолданылатын не есепті кезеңде қолданылған бес жүз мыңнан аспайтын қарыз беру шарттарын және шартты міндеттемелерін қамтитын ұйымдар есептілікті мынадай мерзімдерде:

есепті кезеңнің соңында филиалдары жоқ не бестен аспайтын филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасына дейін (қоса алғанда);

есепті кезеңнің соңында алты (қоса алғанда) – он (қоса алғанда) аралығында филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда);

есепті кезеңнің соңында он бір (қоса алғанда) – жиырма (қоса алғанда) аралығында филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың отызына дейін (қоса алғанда);

есепті кезеңнің соңында жиырмадан астам филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бесіне дейін (қоса алғанда);

банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар не «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.

Ұсынылатын есептілігі есепті кезеңнің соңында қолданылатын не есепті кезеңде қолданылған бес жүз мыңнан астам қарыз беру шарттарын және шартты міндеттемелерін қамтитын ұйымдар есептілікті есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.»;

4-тармақ алынып тасталсын;

4-1-тармақ алынып тасталсын.

2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбеталиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.



5. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының 2015 жылғы 1 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын он алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы


Қ. Келімбетов










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет