Графикалық бейнелерді ұсыну әдісі


Түсті үлгілер (модельдер)



бет2/3
Дата28.01.2024
өлшемі29.66 Kb.
#490061
1   2   3
ДӘРІС. 3docx

2.2 Түсті үлгілер (модельдер)

Әр түрлі әдістер мен түсті компьютерлік карталарды шығарған кезде түпнұсқаның бастапқы түстерін сақтау үшін түстердің нақтылығымен қамтамасыз етілуі көптеген мәселелерді тудырады. Бұл мәселелер көптеген себептерге байланысты болады.


Біріншіден, RGB аддетивті түсті үлгіде сканерлер мен мониторлар жұмыс істейді, ал қағаз бетіне шығу CMYK субтрактивті үлгіде жүзеге асырылады.
Екіншіден, компьютер мониторы мен қағаздағы бейнелерді ұсыну әдістері әртүрлі.
Үшіншіден – калибровка процесі – бүкіл технологиялық цикл кезінде түстің қателіктерін түзетуді талап ететін бұл кезең бойынша сканер, монитор, фотожинақтау автоматы сияқты құрылғыларда жүргізіледі.
RGB үлгісі – түсті үлгі RGB (R – қызыл – Red, G – жасыл - Green, B – көк - Blue). Тікелей немесе ағымды жарықтарды көрінетін түстерді жазу үшін пайдаланылады. Ол адам көретін түстерге дәлме – дәл. Сондықтан монитордағы, сканерлердегі, сандық камералардағы және т.б. оптикалық құрылғылардағы құрылатын бейнелер RGB үлгісіне сәйкес болады. Компьютерлік RGB үлгісінде әрбір негізгі түсте 256 градация жарығы болуы мүмкін, яғни ол 8 – биттік режимге сәйкес.

2- сурет RGB түсті үлгі.


СМУ (СМУК) үлгісі. СМУ түсті үлгісі (С – ол көгілдір Cyan, М – Magenta қызғылт, Y – Yettal сары) – шағылысу түсінде көрінетін түстерді жазу үшін пайдаланылады. Мысалы, қағазға түсірілген краска түсі үшін. Теориялық қарағанда СМУ түстерінің соммасының ең үлкен интенсивтілігі қара түс беру керек. Практика жүзінде краскалардың бояу пигменттерінің жетіспеушілігінен және түс бөліну кезінде көгілдір түстің бастапқы тұрақсыздығынан көгілдір, кызғылт және сары бояулардың сомасы қою қоңыр түсті береді. Сондықтан баспада төртінші түс қара - blak – пайдаланылады. Ол қою, бір түрлі қара түс береді. Оны мәтінде басу және басқа да маңызды жағдайларды хаттау үшін қолданады. СМУК үлгісіндегі түстердің қоюлығы пайызбен өлшенеді. Өйткені, әрбір түсте 100 градациялық жарық бар. RGB және CMYK үлгілері адам көзіне көрінетін барлық түс спекторларын көрсете алмайды.





3 – сурет - CMYK түсті үлгі


HSB үлгісі – түсті басқа да визуальды компоненттерді пайдаланумен сипаттауға болады. HSB үлгісінің түсті кеңістіктік қоймасы 3 координаты бойынша құрылады: түс реңі, қоюлығы, жарықтығы. Бұл параметрлерді 3 координат түрінде көрсетуге болады, олардың көмегімен түсті кеңістікте көрінетін түстін жағдайын графикалық анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет