Грамматикалық талдау


Әттеген-ай, көре алмай қалдым-ау./С.Мұқанов/



бет2/3
Дата17.07.2016
өлшемі272.5 Kb.
#205769
1   2   3

Әттеген-ай, көре алмай қалдым-ау./С.Мұқанов/

Әттеген-ай-өкінішті білдіретін күрделі одағай/әйт-деген-ай болу керек/, әттегене-түбірі, -ай-демеулік шылау, көре алмай қалдым-ау-өткен шақ, сабақты, күрделі етістік:көр-түбір, -е-ауыспалы шақ көсемшенің жұрнағы, алмай-көмекші етістік: ал-түбір, -ма-болымсыз етістіктің жұрнағы, -й-ауыспалы шақ көсемшенің жұрнағы, қалдым-көмекші етістік, -ал-түбір, -ды-жедел өткен шақ жұрнағы, -мжіктік жалғауының бірінші жағы, -ау-демеулік шылау.

Сөйтіп, зат есімнен бермен қарайәрбір сөз табының тұсында морфологиялық талдауды күрделендіре отырып, уақытша алынған «морфема», «сөз» деген сөздерден біртіндеп ажыраймыз.Біздіңше, осылай талдау, жеңілден ауырға қарай біртіндеп көшу, тиімді әдіс тәрізді.

Морфологиялық талдауда сөйлемдегі сөздер қалайда белгілі бір сөз табына жатады, дегенмен қазақ тілінде керек, жоқ,бар секілді біраз сөздердің тобы бар, бұлар сөз таптарымен салыстырғанда мағынасы бар сөздерге ұқсайды, түрленуі екінші бір сөз табына ұқсайды. Мұндай сөздерді қазақ тілінде бейтарап, әртарап, модаль сөздер деп атайды.

Морфологиялық талдаудың толық үлгісіне тағы бір мысал келтірейік:



Қолындағы елу сиырды жүз елуге жеткізді.

Қолындағы-қатыстық сын есім: қол-түбір, -ы-тәуелдік жалғауының 3-жағы, -нда жатыс септік ,-ғы-зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ, елу-есептік, дара, сан есім, сиырды-деректі, жалпы, дара зат есім: сиыр-түбір, -ды-табыс септік жалғауы, жүз елуге-күрделі, есептік сан есім, жүз елу-түбір,-ге-барыс септік жалғауы, жеткізді-негізгі етістік, жет-түбір, -кіз-өзгелік етіс жұрнағы, -ді- жедел өткен шақ жұрнағы.

Морфологиялық талдаудың екінші түрі:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы.../Абай/

Қақтаған-есімше тұлғалы етістік басқа сөзбен/ақ күмістей/ анықтауыштық қатынаста жұмсалған, сұрауы-қандай? Қақ-түбір, -та-зат есімнен етістік тудырып тұрған жұрнақ, -ған-есімшенің жұрнағы, ақ-сапалық сын есім, түбір тұлға, күмістей-туынды қатыстық сын есім, сұрауы-қандай? Түбірі –күміс, -тей-зат есімнен сын есім тудырып тұрған жұрнақ,кең маңдайлы-күрделі сын есім: кең-негізгі сапалық сын есім, түбір тұлға, сұрауы-қандай? Маңдайлы-туынды қатыстық сын есім, сұрауы-қандай? Маңдай –түбірі, -лы-зат есімнен сын есім тудырып тұрған жұрнақ.

Морфологиялық талдауды түгел қамтып жүргізуге де, іріктеп жүргізуге де болады.Ол сабақтың алдына қойылған мақсатына байланысты және оқушылардың теориялық материалдарды білу дәрежесіне қарай айқындалуы керек. Оқушылардың бірсыпырасы көмектес септік пен жалғаулық шылауды/мен, пен, бен/ бір-бірінен ажырата алмайды. Мұндай жағдайда берілген мысалдардың ішінен оларды іріктеп, бөліп алып талдау керек. Мысалы, Рақым әйелі мен баласын ертіп, машинамен елге кетті.- деген сөйлемнің бәрін талдап жатпай, «әйелі мен баласын» және «машинамен» деген сөзерді ғана алып талдаймыз да бірінші мен-жалғаулық шылау, екінші мен-көмектес септік жалғауы екенін түсіндіреміз.

Сонымен морфологиялық талдауды екі ыңғайда жүргіземіз:

1). Сөз құрамына қарай талдау

2). Сөз таптарына қарай талдау.



Фонетикалық талдаулардағыдай кестелерді толтыру арқылы да оқушы білімін тексеруге болады.
1.Зат есімге

1/ Мысалмен толтырыңдар


Негізгі түбір зат есім

Туынды зат есім

Біріккен түбірлі зат есім

Қос сөзді зат есім

Сөз тіркесінен жас зат есім


Қысқарған сөзден жасалған зат есім

түбір

жұрнақ







2/Мысалмен толтырыңдар

Деректі

Дерексіз

Жалпы

Жалқы

Дара

Күрделі



















Қалғанын өздерің толтырыңдар

Зат есімнің мағынасы

МЫСАЛДАР

1.Құбылыс аты

Дауыл,жел,боран,қар,жаңбыр,т.б.

2.




3.




4.




5.




6.




7.




8.










  1. Жаттығу жұмысы

реті


мысалдар

жалпы

жалқы

деректі

дерексіз

негізгі

туынды

дара

күрделі

1

әке

+




+




+




+




2

Мұхтар Әуезов

























3

Құлагер

























4

қуаныш

























5

өнер


























Сын есімге

1/ Жартылай толтырылған кестені толықтыр

Негізгі/сапалық/сын есім

Туынды/қатыстық/сын есім

Туынды сын есімдердің жасалуына мысал келтір







1. жұрнақ арқылы: жел-сіз







2.







3.

2/Сын есімнің мағынасы мен құрамына қарай бөлінуін көрсет

Сын есімнің түрлері

Мағынасына қарай

Құрамына қарай

Мысалдар





































3/Сын есімнің шырайларын кестеге түсіріңдер

Шырай түрлері

Салыстырмалы шырай

Күшейтпелі шырай

Жасалулары және мысалдар







3. Сан есімге

1/


Сан есімдердің құрамына қарай

Мағынасына қарай

























  1. Есімдікке

1/ есімдіктің түрлерін мысалдар арқылы көрсет




















  1. Етістікке

Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. /Абай/ Сөйлемді талда.



  1. Етістік

    дара

    күрделі

    негізгі

    туынды

    болымды

    болымсыз

    Тұйық етістік




    таппай

    +




    тап

    +




    +







    мақтанба

    0






















    орын

























    баптанба
























    Үстеуге

1/ үстеудің түрін көрсетіп, мысалдар келтір






















6.Шылауға

1/ Септеулік шылаулардың тіркесетін сөздеріне мысал жаз

Атау

Барыс

Шығыс

Көмектес


Демеулікке жасалған кестені толтыр

Сұраулық


демеулік

шектік

лептік

күдіктік


СИНТАКСИСТІК ТАЛДАУ

Синтаксистік талдау да оқушыларға синтаксистік білім беріп, дағдысын қалыптастыруда, олардың білімін тексеруде морфологиялық талдаумен қабаттаса жүреді. Мысалы,сөз тіркесін өткенде, алдымен тіркестің құрамына енген сөздердің қай грамматикалық формада тұрғаны айтылады, одан ары олардың байланысу тәсілі де морфологиялық талдау жолымен түсіндіріледі. Сол сияқты жай сөйлемнің бастауышы, баяндауышы қандай сөз табынан жасалғаны үнемі талданып отырады. Синтаксистік талдау да ауызша және жазбаша орындатылады.Уақытты барынша үнемдеу үшін, синтаксистік талдау арнаулы жүйемен, әр сабақтың/әр тақырыптың/ мақсатына орайлас жүргізіледі. Ол үшін көбіне талдаудың толық емес түрін жүргізген пайдалы. Оңайдан күрделіге қарай өте отырып, қайталау сабақтарында синтаксистік талдаудың толық түріне біртіндеп көшіріледі.



Сөз тіркесіне қарай талдау

Синтаксистегі күрделі тақырыптардың бірі-сөз тіркесі.Талдар алдында сөз тіркесінің басыңқы және бағыныңқы сыңарлары болатыны.басыңқының қай сөз табынан болса, соған қарай есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі болып бөлінетіндігі жайында қысқаша болса да мағлұмат беріп, мұны да кестеде көрсеткен жөн.



Сөз тіркесі

Кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.

Айрықша белгілері:

  1. Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады.

  2. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағынып сабақтаса байланысады.

  3. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.






Сөз тіркесінің түрлері



Есімді сөз тіркесі-басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі-басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі

жақсы оқушы балаға келді

айтуға құмар соғыс аяқталды

оқуға ыңғайлы жел соқты

1. Талдау-үлгі

Жақсы жолдас-есімді сөз тіркесі, Біреуге күлу-етістікті сөз тіркесі, өйткені бұл тіркестердегі басыңқы сөз жолдас есім /зат есім/сөз де, күлу-етістік.



Біз кемшілікті мойындауға арланбаймыз. /М.И./

2. Талдау-үлгі

А) Біз арланбаймыз-қосымша арқылы байланысқан./-мыз-жіктік жалғауы/, бірақ сөз тіркесі емес.

Ә) мойындауға арланбаймыз-қосымша арқылы байланысқан/-ға барыс септігі/ етістікті сөз тіркесі.

Б) Кемшілікті мойындауға-қосымша арқылы байланысқан/-ты табыс септік/ етістікті сөз тіркесі.

Сөздердің байланысу тәсілдері

Жалғау арқылы

Септеулік, жалғаулық шылаулар арқылы

Орын тәртібі арқылы

Дауыс ырғағы арқылы

Сөйлемдегі сөздер жіктік,септік, тәуелдік жалғауларымен байланысады.

септеулік

жалғаулық







Септеулік шылаулармен байланысады.

Жалғаулық шылаулармен байланысады.

Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатр тұрып орын тәртібі арқылы байланысады.

Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысады.

Мен-оқушымын. Балаға берді. Қораның қақпасы.

Біз сабақ туралы сөйлестік

Ол ақылды, бірақ жалқау.

Алыс жер, атақты адам

Бұл-біздің ауылдың шамдары.


Сөздердің байланысу түрлері




Қиысу


матасу


меңгеру


қабысу


жанасу



Мен -жазушымын

Сәуле-нің гүл-і.

Жаңғақ-ты шақты.

Қызықты оқиға

Кешке келді, әдейі жасады.


І Қиысуға

Студенттер-біздің болашағымыз, біздің орнымызды басатын адамдар./ «Орталық Қазақстан»/

А) Студенттер – болашағымыз, студенттер-адамдар -қиысу. Мұнда студенттер деген сөз атау тұлғада тұрып, бастауыш болып болашағымыз, адамдар деген сөздермен жіктік жалғауының 3 жағында байланысып тұр.Бұл бастауыш пен баяндауыш арасындағы байланыс.

ІІ Меңгеруге

Бағыныңқы сөз

Басыңқы сөз

Барыс-ға, -ге, -қа, -ке,,на,-не,-а,-е.

Табыс-ды,-ді,-ты,-ті,-ны,-ні,-н.

Жатыс-да, -де,-та,-те,-нда,-нде.

Шығыс-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен.

Көмектес-мен,-менен,-бен,-бенен,-пен,-пенен


Етістіктен болған сөйлем мүшесі және кейбір осы сөз табынан болған мүшелер.


Талдау

Отбасында сыйласқан адамдар ғана өзге адамдарды сыйлай алады, өзге адамдармен сыйлас болады, өзге адамдарға өзін сыйлата алады. / «Қаз мектебі»/


  1. Адамдар сыйлай алады-атау септігіндегі сөз мағынасы жағынан 3-жақты білдіріп, баяндауыш 3-жақ жіктік жалғау-ды арқылы қиысу.

  2. Адамдар сыйлас болады-бұл да сондай

  3. Адамдар сыйлата алады-бұл да сондай

  4. Отбасында сыйласқан-етістікті сөз тіркесі, меңгеру /жатыс септігіндегі сөз есімшемен байланысқан/

  5. Адамдарды сыйлата алады- етістікті сөз тіркесі, меңгеру /табыс септігіндегі сөз етістікпен байланысқан/

  6. Адамдармен сыйлас болады- етістікті сөз тіркесі, меңгеру /көмектес септігіндегі сөз етістікпен байланысқан/

  7. Адамдарға сыйлата алады- етістікті сөз тіркесі, меңгеру /барыс септігіндегі сөз етістікпен байланысқан/

  8. Өзін сыйлата алады- етістікті сөз тіркесі, меңгеру /табыс септігіндегі сөз етістікпен байланысқан/, сонымен бірге есімдік/өзін/ пен етістіктің арасындағы байланыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет