«Can» модаль етістігі
«Can» модаль есімдігі мынадай мағыналарды білдіреді:
«Can» модаль етістігі адамның физикалық және ақылой қабілетін білдіреді. Бұл мағынада «сan» модаль етістігі сөйлемнің барлық типтерінде белгісіздік осы шақ формасындағы негізгі етістікпен тіркесіп келеді.
Сan you speak English well? (Сіз ағылшынша жақсы сөйлей аласыз ба?)
Could anybody answer the question? (Мына сұраққа біреу жауап бере ала ма?)
Little child can walk (Кішкентай бала жүре алады).
I can’t come at 5 o’clock (Мен сағат бесте келе алмай мын).
He couldn’t come yesterday (Ол кеше келе алмады).
Can you do sums well? (Сіз есепті жақсы шығара аласыз ба?)
«Сan» модаль етістігінің эквиваленті «to be (un) able» және негізгі етістіктің тұйық түрі (инфинитив) сөз тіркесі адамның фи зикалық қабілетін, әсіресе өткен шаққа және келер шаққа қатыс ты білдіреді.
They will be able to speak English well next year (Олар келесі жылы ағылшын тілін жақсы сөйлей алатын болады). Ann was unable even to get up, as she had a high temperature (Ыстығы жоғары болғандықтан, Аня тіпті орнынан да тұра алмады).
We were able to finish our experiments (Біз тәжірибені бітіре алдық).
Белгілі бір жағдайға байланысты мүмкіндікті білдіреді. Мұн дай мағынасында «сan» етістігі тұйық етістіктің осы шақ форма сында келеді.
You can use any dictionary which are on the table (Сіз
үстелдің үстіндегі сөздіктердің кез келгенін алуыңызға болады).
Can you bring me back the book given you yesterday? (Сіз маған кеше берген кітапты әкеп бере аласыз ба?)
They could learn English at our language club (Оларға біздің тіл үйрететін клубта ағылшын тілін үйренуіне болады).
Бұл мағынаны «to be able to» тіркесі білдіреді және өткен шақ, келер шаққа қатысты қолданылады.
She was able to attend English club at her university last year (Ол былтыр университеттегі тіл үйрететін клубқа бара алды).
She will be able to attend English club at her university next year (Ол келер жылы университеттегі тіл үйрететін клубқа бара алады).
Егер ісәрекет белгілі бір шартқа байланысты болса, қалау райдың «could» модаль етістігі мен осы шақ формасындағы негізгі етістіктің тіркесі осы шаққа және келер шаққа қатысты қолданылады.
Could you stay with us till Monday? (Бізбен бірге дүйсенбіге дейін бола аласыз ба?)
You could stay with us if you want (Егер қаласаңыз, дүйсенбіге дейін бізбен болуыңызға болады).
Қалау райдың «could» етістігі мен жедел өткен шақ формасы мынадай жағдайда өткен уақытқа қатысты мүмкіндікті білдіреді: а) қалау рай өткенде іске аспаған ісәрекетті білдіргенде қол
данылады:
She could have informed us about it (Оның бізге бұл жайлы хабарлауына болатын еді ғой).
He could have stayed with you, if you had asked (Егер сіз өтінгенде, ол сізбен қалатын еді ғой).
ә) айтушы ісәрекеттің жүзеге асқанын не жүзеге аспағанын білмеген жағдайда қолданылады.
What firm could have loaned Guerrero the price of a round trip excursion to Rome? (Қалайша қандай фирма Герьераға Римге барып қайтатын сапардың ақшасын бере алды?) The Gold Argosy could have given him the money for it
(«Алтын кеме» әуе жолы бұған ақша бере алатын еді).
б) күдікті, күмәнді, мүмкіншілік жоқтығын білдіреді. Мұндай мағыналарды білдіргенде «can/could» модаль етістігі сұраулы және болымсыз сөйлемде келеді.
Could he have managed to pay fortyseven dollars cash? (Ол қырық жеті доллар нақты ақшаны қалай төлей алған?) – No, he couldn’t (Жоқ, мүмкін емес).
Who could board an overseas flight penniless? (Кім қалтасында бір тиыны жоқ мұхиттың арғы жағына сапар шеге алады?) – Nobody could (Ешкім де).
(Қалау райдың «could» формасы өте қатты күдікті білдіреді.)
Уақытқа қатысты «can/could» етістігі негізгі етістіктің тұйық түрінің әртүрлі формасымен келеді. Яғни, егер осы шаққа қатыс ты болса, онда етістіктің белгісіздік осы шақ формасы созылма лы шақ формасы жоқ етістіктермен келеді. Ал созылмалы шақ формасы бар етістіктер созылмалы инфинитив (созылмалы осы шақтың тұйық, жаққа жіктелмеген түрі) формасында келеді.
Can/could she be acting that way herself? (Ол өзін солай ұстай ма?)
She can’t/couldn’t be acting that way herself (Оның өзін олай ұстауы мүмкін емес).
«Can/could» етістігі мен негізгі етістіктің жедел өткен шақ формасы өткенде, бұрын болған ісәрекетті білдіреді.
Can she have done such a thing? (Ол мұндай істі істей ала ма?) She can’t have done such a thing (Оның мұндай істі істеуі мүмкін емес).
Қалау райда келетін «could» етістігі де осы мағынаны білдіреді.
Who translated the text? (Мәтінді кім аударды?) Perhaps Asem’s brother (Әсемнің ағасы шығар).
He can’t/couldn’t have translated the text so well by himself. (Жоқ, ол өзі мәтінді мұнша жақсы аудара алмайды).
His English isn’t perfect (Ол ағылшын тілін жетік білмейді).
«Can (can’t)» немесе «could (couldn’t)» етістіктерінің екеуі де осы шаққа қатысты айтылған тұжырымды білдіреді. Бірақ та тұжырым өткен шаққа қатысты болса немесе аталған ісәрекет
қазіргі уақытпен байланысты болмаса, тек қана «could (couldn’t)»
етістігі қолданылады.
Almas’wife stayed at home with her little child (Алмастың әйелі өзінің кішкентай ұлымен үйде болды).
Could she have left little child alone then? (Ол кішкентай баланы ол кезде жалғыз қалдырып кете алды ма?) Suddenly he realized that his attache case wasn’t in the place (Ол кенеттен қол сөмкесінің орнында жоқ екенін білді). Could anybody have taken it by mistake? (Біреу шатасты рып алып кетті ме екен?)
Askar was at home every day (Асқар күнде үйінде жүрді). Could he have retired? Ол зейнеткерлікке шықты ма екен?) No, he couldn’t have retired (Жоқ, оның зейнеткерлікке шығуы мүмкін емес).
He couldn’t have been more than fifty five (Оның жасы көп болса елу бестен асқан жоқ).
Өтінішті, рұқсатты, тыйым салуды білдіреді. Сөйлемнің бар лық түрлерінде «can/could» етістігінен кейін негізгі етістік осы шақ формасында (инфинитив) келеді.
Can I have your pen for a minute? (Сіздің қаламыңызды бір минутқа ала тұрсам бола ма?) – Yes, you can. (Please do. «No you can’t») (Ия, болады) (Әрине, болады. Жоқ, болмайды). You can take my pen (Менің қаламымды алуыңызға болады).
«Сan» етістігі рұқсат сұрағанда ауызекі тілде «mау» етістігі нің орнына қолданылады.
«Сan I?, could I?» формалаpының екеуі де өтінішті білдіреді.
«Could» етістігі өте сыпайы өтінішті білдіреді.
Can you/could you show me the way to the centre? (Сіз орталыққа баратын жолды көрсетіп жібересіз бе?)
«Could you?» формасы өте сыпайы өтінішті білдіретін «would you?» формасының баламасы ретінде де келеді.
Could you help me? (Маған көмектесіп жібересіз бе?) Could you tell me the time departure of train 12? (Сіз маған он екінші пойыздың жүретін уақытын айтып жібересіз бе?)
«Can/could» етістігі барлық жақта хабарлы сөйлемде рұқсат ты білдіреді.
You can come and see our new flat (Сіз келіп, біздің жаңа пәтерімізді көруіңізге болады).
My friend said we could come and see his new flat (Менің досым біздің келіп, өзінің жаңа пәтерін көруімізге болатындығын айтты).
«Can’t/couldn’t» етістігі тыйым салуды білдіреді.
We are having classes. You can’t go out (=I don’t allow you. You are not allowed) (Бізде сабақ болып жатыр. Сізге далаға шығуға болмайды).
They couldn’t use dictionary at the lesson. (= weren’t al lowed) (Оларға сабақ үстінде сөздікті пайдалануға болмайды).
Еск ер т у. Ісәрекетті орындауға рұқсат берілсе және жүзеге асырылса онда модаль етістіктің («сan/could») орнына «was (were) al- lowed» тіркесін қолданған дұрыс.
Children were allowed to swim an hour (Балаларға бір сағат шомылуға рұқсат етілді).
Достарыңызбен бөлісу: |