Грамматикасы



бет114/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Анықтауыштың түрлері


Семантикасы жағынан анықтауыштар (мағынасы) шектеулі және шектеусіз болып екіге бөлінеді. Анықтауыштың сөйлем­ дегі орны оның түріне (жай, күрделі) және өзі қатысты сөзбен байланысына қатысты. Демек, анықтауыш құрамына қарай өзі анықтайтын сөздің алдында немесе өзі анықтайтын сөзден кейін тұрады. Көбінесе анықтауыш өзі анықтайтын зат есімнің алдында тұрады. Бірақ кейбір анықтауыштар өзі анықтайтын сөзден кейін келеді. Егер анықталатын сөз есімдік болса, анықтауыш одан кейін келеді.
He was an experienced doctor (Ол тәжірибелі дәрігер еді). She turned her smile on those waiting (Ол күтіп тұрғандарға бұрылып жымиды).
Заттың сапасын, санын білдіретін сөздер яғни сын есім, сын есімнің орнына жұмсалатын есімдік, сан есім немесе есімшеден жасалған анықтауыштар өзі анықтайтын сөздің алдында тұрады. Анықтауыш өзі анықтайтын зат есімнің алдында келгенде тығыз бірлік құрап, қабыса байланысады. Айтылғанда мұндай байланыста анықтауыш пен зат есімнің арасында кідіріс жасалмайды. Қабыса байланысқан анықтауыш пен зат есім (анықтауыш пен тұлға сөз (зат есім) бір интонациялық бірлік құрайды. Егер өзек сөз (зат есім) қандай да бір себепті түсіп қалса, оның орнына құрылымдық бірлік бұзылмас үшін «one» немесе «that» есімдігі жұмсалады.
It was an incredible and mysterious trip (Бұл адам нанғысыз әрі құпия саяхат еді).
Егер бір зат есімге екі не одан да көп анықтауыш қатысты бол­ са, онда анықтауыш сөздердің орын тәртібі олардың семантикасы мен стилистикалық ерешеліктеріне қарай орналасады.
Анықтауыш сөздердің зат есімге жақын орналасуы контексте қай сөзге аса мән берілетініне байланысты: a small, flat attaché case. Жалпылама мағыналы анықтауыш нақты мағыналы анықта­
уыштың алдында келеді: joyful, teen-age children.
Сондай­ақ ағылшын тілінде сөздің ритмикалық құрамына қа­ рай, аз буынды анықтауыш сөз көп буынды анықтауыш сөздің ал­ дында келетін қалыптасып кеткен тәртіп бар: this short, interesting story.
Дегенмен, бірыңғай анықтауыш мүшелердің мағыналарына қарай орналасу тәртібі бар. Осы ережеге байланысты анықтауыш сөздер өздері қатысты зат есіммен білдіретін мағынасына қарай мынадай ретпен орналасады:
1. Анықтауышқа қатысты жалпы мағыналы сөз. 2. Анықта­ уышқа тікелей қатысты сөз. 3. Жалпы ерекшелікті білдіретін сөз.

  1. Жасты білдіретін сөз. 5. Заттың мөлшерін білдіретін сөз. 6. Піші­ ні, кескіні. 7. Түсі. 8. Материалы (Тауар тегі). 9. Ұлты. 10. Зат есім. only excellently handmade wood souvenier, entirely uncommon incidents, a dirty, narrow dark street; a new, tall, well-designed, re-

bricked building; yellow, faded, dusted, crisp pages.
Мынадай күрделі анықтауыштар өзі анықтайтын зат есім сөзден кейін тұрады:

    1. Шылаумен тіркескен зат есім

Then he was a boy of about sixteen (Ол кезде ол он алты жастар шамасындағы бала еді).
He signed on the time-payment contract (Ол (кейін төлейтін) кепілдік келісімшартқа қол қойды).

    1. Етістікті тіркестер

There was nobody for him to borrow some money and noth­ ing for the boy to put on (Онда оған қарызға ақша беретін ешкім болмады және баланың киетін де ешнәрсесі жоқ еді).
He noticed a passenger settling down, arranging his hand baggage and clothing on the shelf (Ол орналасып, жүктерін қойып, киімдерін текшеге қойып жатқан жүргіншіні байқады).
The thought of being in serious trouble and providing mon­ ey for food kept him long (Көп уақыттан бері қиындықта қалғанын, тамаққа ақша табу жағын ойлағанда ол көп толғанды (мазаланды).

    1. Күрделі сын есімді тіркестер

Rathbone held the case out to Guerrero, who grabbed it and ran toward the aircraft’s rear (Ратбоун портфелді жұлып алып, әуежайдың арт жағына қарай жүгірген Геррераға ұстатты).
I always remember the place where I spent my childhood
(Менің өзім балалық шағымды өткізген жер ылғи есімде).

    1. Сын есімді сөз тіркестері

A jetliner is a part of aircraft structural and mechanical sys- tems duplicated each other so that no single damage would re- sult in destruction of the whole (Реактивті самолет самолет түгел сынса да, ешқандай қауіп туғызбайтындай бір­ бірінің қызметін атқара алатын самолеттің құрылымдық және механикалық жүйесінің бөлігі).
Жалаң сөздер анықтауыш қызметінде зат есімнің алдында тұрады. Мұндай анықтауыштар мынадай сөздерден жасалады:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет