Грамматикасы


Сын есім шырайларының сөйлемдегі орын тәртібі



бет18/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Сын есім шырайларының сөйлемдегі орын тәртібі


    1. cапасы бірдей заттарды, (нәрселерді) білдіргенде, болымды сөйлемде «as ... as» конструкциясы қолданылады, ал «not as ... as» немесе «not so ... as ...» конструкциясы болымсыз сөйлемде қолданылады:

This room is as large as that one (Ана бөлме қандай үлкен болса, мына бөлме де сондай үлкен);
This text is not as dificult as that one (Мына мәтін ана мәтін сияқты қиын емес);
ә) сапасы бірдей емес заттарды (нәрсені) салыстырғанда сын есімнің салыстырмалы шырай формасынан кейін «than» сөзі келеді.
This book is thinner than that one (Мына кітап ана кітапқа қарағанда жұқалау);
This ruler is longer than that one (Мына сызғыш ана сызғышқа қарағанда ұзынырақ).


Еск ер т у. 1. «than, as» сөздерінен кейін есімдіктер мен етіс­ тіктердің қолданылуы. Егер «than, as» сөздерінен кейін бірінші немесе үшінші жақтағы жіктеу есімдігі тұрса, етістік олардан кейін тұрады.
We are older than they are (Біз оларға қарағанда ересектеуміз).
He is not as talІ as hіs brother is (Ол ағасы сияқты ұзын (бойшаң) емес).

  1. «than, as» сөздерінен кейін жіктеу есімдігі бірінші, екінші жақта болса, олардан кейін етістік жазылмай, түсіп қалады.

She is as slender as you (Ол да сіз сияқты сұңғақ).
He іs taller than I. (Оның маған қарағанда бойы ұзындау).

  1. Ағылшын тілінің ресми тілінде есімдік баяндауышқа қатысты бастауыш болып есептелетіндіктен, (сөйлемде баяндауыш болмаса да) атау септігінде тұрады.

  2. Ауызекі тілде есімдік табыс септігінде келеді.

Tom is shorter than them (Оларға қарағанда Томның бойы қысқалау).
They were faster than us (Олар бізге қарағанда жылдамдау).

Егер «than» сөзінен кейін тұйық етістік келсе, ол етістіктің алдындағы «to» шылауы түсіп қалады:


Іt іs pleasant to be in the open air than be indoors (Үйде болғаннан ашық ауада болған жайлырақ).
б) үш не одан да көп заттың сапасын салыстырғанда сын есімнің күшейтпелі шырайы «the ... of» немесе «the ...» конструк­ циясымен келеді:
Jane іs the most industrious student іn their group (Джеин топтағы ең еңбекқор студент);
Jim іs the most handsome of them all (Джим олардың ішіндегі ең әдемісі).
в) екі заттың сапасы бір­біріне байланысты қатар өсіп отырса, салыстырмалы шырай «the» артиклімен келеді:
The more we learn the more we know (Неғұрлым көбірек үйренсек, соғұрлым көбірек білеміз);
The harder he worked, the more money earned (Ол неғұрлым көбірек еңбек етсе, соғұрлым көбірек ақша табады);
г) эмфатикалық тіркестер
Сын есімнің күшейтпелі және салыстырмалы шырайларымен кейбір үстеулер («much, far, by far, stіll, even») немесе сын есімдер («possіble, іmagіnable») тіркесіп келгенде, сөйлемге эмфатикалық реңк береді. Салыстырмалы шырай формалары «much, far, stіll, even» үстеулерінен кейін келеді. «possіble, іmagіnable» сын есім­ дері күшейтпелі шырайдан кейін келеді:
much higher, far more important stіll higher, stіll more important even higher, stіll more important
by far the higher, by far the most important
the higher mountain possіble, the most important problem possіble.
іt was the most important problem іmagіnable, surely іt іs by far the most lіkely description.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет