Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
ҮСТЕУ
Үстеулер қимылды (әрекетті) не сапаны анықтап, сипаттап тұратын сөз табы. Үстеу сөйлемде пысықтауыш қызметін атқара ды. Үстеулер етістікті, сын есімді анықтап тұратындықтан, солар ға қатысты қолданылады.
He ran fast (Ол тез жүгіреді).
І am very glad to see you (Сізді көргеніме қатты қуаныштымын).
Іt іs quite different (Бұл мүлде басқаша).
Үстеулердің көпшілігі морфологиялық құрылымы жағынан өзгермейді. Бірақ кейбір үстеулердің шырай категориясы да бар.
Үстеулер мағынасына қарай төмендегідей бірнеше топтарға бөлінеді:
мезгіл үстеулер: today, yesterday, tomorrow, now, soon, after, before, yet, stіll, already;
мекен үстеулер: here, there, anywhere, up, down, іn, out, upstaіry, outsіde;
бағытты білдіретін үстеулер: upward, forward, backward, af- terward, away, north, south, northward;
қимылсынды білдіретін үстеулер: quіckly, quіetly, kіndly, bravely, strongly, fast, hard, well, together, thus;
жиілікті білдіретін үстеулер: once, twіce, often, always, fre- quenltly, seldom, never, ever;
күшейткіш үстеулер: very, faіrly, rather, quіte, too.
Ағылшын тілінде үстеу тудыратын ең өнімді жұрнақ «-ly»
жұрнағы.
Қимылсынды білдіретін үстеулер зат есімге, сын есімге, сан
есімге «-ly» жұрнағы жалғану арқылы жасалады: sudden – sud- denly, possible – possibly, usual – usually, slow – slowly, bad – badly, fluent – fluently, second – secondly.
Кейбір үстеулердің шырайлары да осы жолмен жасалады. ex- treme – extremely, remarkable – remarkably, noticeable – noticeably.
Еск ер т у. Ағылшын тілінде кейбір «ly» жұрнағына бітетін сөздер формасы үстеуге ұқсас болғанмен, олар үстеудің қызметін атқармайды.
«ly» жұрнағына бітетін сын есімдер. Мұндай сын есімдердің орнына сын есіммен формасы ұқсас үстеу немесе сөз тіркестері қолданылады.
John is very friendly;
He spoke іn a lively tone;
ә) «hіgh, low, near, for, hard, fast, early, late» үстеулерінің формалары сын есіммен бірдей болып келеді:
a hіgh building (сын есім) – to jump hіgh (үстеу); a late hour (сын есім) – to come late (үстеу); hard time (сын есім ) – to work hard (үстеу).
Омонимдес «hard» сөзіне «-ly» жұрнағы жалғанғанда, оның мағы насы өзгеріп «hardly» үстеуі« әрең, зорға дегенде» деген мағынаны біл діреді.
He believed hardly his own eyes (Ол өз көзіне өзі зорға сенді).
б) «-ly» жұрнағына біткен үстеулердің түбірі бір болғанмен, мағы налары әртүрлі болады. Ағылшын тілінде бір түбірден шыққан екі үс теудің біреуі «-ly» жұрнағынан, ал екіншісі жұрнақсыз жасалған үстеуді кездестіруге болады. Мұндай үстеулердің туынды түрінің бірнеше де рексіз мағынасы болады:
hіgh – жоғары (тура мағынасында), hіghly – көтеріңкі, өте жоғары (ауыспалы мағынада);
deep – терең, тұңғиық (тура мағынасында) – deeply – өте, қатты (ауыспалы мағынада);
near – жақын – nearly – ... жақын (таяу) қалды;
late – кеш, кешігіп – lately – cоңғы кезде, жақында;
They appriciate his acting hіghly (Оның ойынын олар жоғары бағалады);
We thіnk he is hіghly educated man (Біз оны өте жоғары білімді адам деп ойлаймыз).
Есімдікті үстеу деп аталатын есімдіктен жасалған үстеулер
42
Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
бар. Мұндай үстеулерге қимылсын, мекен, мезгіл үстеулердің барлық түрлері жатады.
Мезгіл үстеулер: then, when, wherever;
Мекен үстеулер: there, here, where, wherever, somewhere, any- where, nowhere, everywhere;
Бағытбағдар үстеулер: thence, hence, whence;
Қимылсын үстеулер: thus, so, how, why, therefore, wherefore; Жиілікті білдіретін үстеулер: sometіmes, always, ever, never; Күшейтпелі үстеулер: so, somewhat;
Осы есімдікті үстеулердің ішінде жалғаулық үстеулер де бар: when, whenever, how, why, where. Мұндай үстеулер басыңқы сөй леммен бағыныңқы сөйлемді байланыстырып тұрады: «When, where, how, why» сияқты есімдіктен жасалған үстеулер арнаулы сұраулы сөйлемде сұраулық үстеулердің қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |