Грамматикасы



бет43/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Сөйлемнің болымсыз түрі


Marat does not learn English (Марат ағылшын тілін үйренбейді). She does not learn English (Ол ағылшын тілін үйренбейді).
It does not rain in winter (Қыста жаңбыр жаумайды).
Белгісіздік осы шақтың үшінші жақ жекеше формасына
«-s (-es)» жұрнағының жалғану ережесі

    • Егер етістік дауысты («о» әрпінен басқа) дыбысқа не ұяң, үнді дауыссыз дыбысқа бітсе, онда түбірге «-s» жұрнағы жалғанып, дауысты және ұяң, үнді дыбыстан кейін үнді [z] болып, ал қатаң дауыссыз дыбыстан кейін қатаң [s] болып оқылады.

The child plays (Бала ойнайды).
She cleans the room (Ол бөлмені тазалайды). He reads the book (Ол кітап оқиды).
Asem speaks English well (Әсем ағылшынша жақсы сөйлейді).

    • «о» әрпіне бітетін етістіктердің түбіріне 3­ші жақта жекеше түрінде «-es» жұрнағы жалғанады.

Marat goes to the cinema (Марат киноға барады).
She does her home work (Ол үй жұмысын орындайды).

    • «-s, -se, -ss, -sh, -ch, -x» әріптеріне бітетін етістіктердің түбіріне 3­ші жақтың жекеше түрінде «-es» жұрнағы жалғанып, [iz] болып оқылады.

He washes his clothes (Ол киімдерін жуады).

The children cry (Балалар жылайды). The child cries (Бала жылайды).

Белгісіздік осы шақтың қолданылуы


Белгісіздік осы шақ төмендегідей іс­әрекет, қимылды білдіру үшін қолданылады:

    • Белгісіздік осы шақ іс­әрекеттің жайын, күйін білдіретін етістіктермен келеді және бұл шақ формасында оның мезгілін

білдіретін «now, at this time (moment) today, tonight, this minute, morning, noon evening» т.б. үстеулері келеді.
She has a соld (Оған суық тиеді).
I think Мarat is well (Мен Мараттың жағдайы жақсы ғой деп ойлаймын).
This flower smells good (Мына гүлдің иісі жақсы).
Does he understand now what you ask for? (Сіздің нені сұрағаныңызды ол енді түсіне ме?)
We live in Astana now (Біз қазір Астанада тұрамыз).

    • Белгісіздік осы шақ ақиқат шындықты, табиғатта, жараты­ лыста үзілмей, дағдылы түрде болып тұратын іс­әрәкетті, про­ цесті білдіру үшін қолданылады және «always, never, invariably» үстеулері келеді.

Error is human (Адам қателеседі).
Water boils at 100 C (Су 100 градуста қайнайды). Birds fly (Құс ұшады).

    • Әдетке айналған, үнемі (күнделікті) қайталанатын іс­әрекетті білдіру үшін қолданылады. Мұндай іс­әрекеттерді білдіргенде іс­ әрекеттің мезгіліне қатысты «always (never, usually) seldom, some- times, rarely, not ever, occasionally, often (not often, every, each)» үстеулері келеді.

We have three classes everyday (Бізде күнде үш сабақ болады). They always attend English club (Олар ылғи да ағылшын тілі клубына барады).

    • Белгісіздік осы шақ әдеби­көркем, музыка, драма, өнер шы­ ғармаларын талқылағанда, оларға баға бергенде қолданылады. Сондай­ақ бұрынғы өткен заманда, өмір сүрген белгілі танымал адамдардың айтып кеткен, жазып кеткен ой­пікірі, шығармалары жайлы айтқанда қолданылады. Мұндай жағдайда «skillfully, clev- erly, (incorrectly, clumsily, brilliantly, well, poorly (in) adequately, properly, rightly, wrongly» үстеулері келеді.

John Reed exposes the war skillfully in his book (Джон Рид өзінің кітабында соғысты шебер әшкерелейді).
Darwin presents the development of life from lower to higher forms properly in his investigations (Дарвин өзінің зерттеулерінде тіршіліктің ең төменгі сатысынан жоғары сатысына дейінгі түрлерінің дамуын көрсетеді).
This story describes all the evils of life truly (Бұл әңгіме өмірдегі барлық келеңсіздіктерді шынайы суреттейді).

    • Бір нәрсеге анықтама беру не түсіндіру үшін қолданылады. Мұндай сөйлемдермен «always, never, then, next, after, that» үстеулері келеді.

He never misses classes (Ол ешуақытта сабақтан қалмайды). We always do our home assignment (Біз ылғи да үй тапсырмасын орындаймыз).

    • Белгісіз осы шақ құрмалас сабақтас сөйлемнің құрамындағы шартты, мезгіл бағыныңқылы сөйлемдерде алдағы болуы мүмкін іс­әрекетті болжай айтқанда қолданылады.

If the weather is fine, we shall go to the cinema (Егер ауа­ райы жақсы болса, біз қаланың сыртына барамыз).
When Arnold comes they’ll do their homework (Арнолд келгесін олар үй жұмысын орындайды).

    • Белгісіздік осы шақ алдағы уақытта міндетті түрде болатын не дағдылы іс­әрекетті білдіреді.

The plane leaves at 9:25 tonight (Ұшақ кешкі 9:25­те ұшады).
Our summer term begins in June (Біздің жазғы сессиямыз маусымда басталады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет