Грамматикасы



бет65/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Қалау рай


Қалау рай нақты іске асатын іс­әрекетті емес, сол іс­әрекеттің іске асуына айтушының қатысын, яғни болжамын, қалауын, тіле­ гін білдіреді.
Ағылшын тілінде қалау райдың іске аспайтын іс­әрекетті білдіретін грамматикалық формасының синтетикалық және ана­ литикалық екі формасы бар. Қалау райдың синтетикалық фор­ масының екі түрі – осы шақ формасындағы қалау рай («be, do, have, write, read» т.б. етістіктері) және қалау райдың өткен шақ формасындағы түрі («were, had, did, worked» т.б. етістіктері) бар. Қалау райдың бұл түрі қазіргі ағылшын тілінде қолданылмайды. Ол көнерген форма ретінде тек поэзия, прозаларда, ресми құжаттарда, тұрақты сөз тіркестерінде кездеседі.
Қалау райдың өткен шақ формасы өзінің бастапқы мағына­ сын жоғалтқан және оның формалары осы шаққа, келер шаққа қа­ тысты іске аспайтын іс­әрекетті білдіреді. Сөйлеп тұрған уақыт­ тан бұрын болған, іске аспаған іс­әрекет қалау райдың жедел өткен осы шақ формасы арқылы беріледі яғни ашық райдың жедел өткен осы шақ формасымен омонимдес болады.
I wish it were summer now (Қазір жаз болса ғой)/Қазір жаз болмағаны қандай өкінішті).
I wish it had been summer (yesterday) (Кеше жаз болма­ ғаны қандай өкінішті (еді) (Кеше жаз болғанда ғой).
Егер қалау рай осы шаққа, өткен шаққа қатысты іс­әрекетті білдірсе, барлық жақта «to be» етістігінің «were» формасы келеді.
Қалау райдың аналитикалық түрі. Егер іс­әрекет осы шаққа не келер шаққа қатысты болса, қалау райдың формасы өткендегі келер шақ (Future in the Past) формасына сәйкес келеді. 1­ші жақ
«should (would)» етістігі мен негізгі (түбір) етістіктің 1­ші фор­ масы арқылы жасалады.
If you worked hard you would know English well (Егер ағылшын тілінен көп еңбек етсең, оны жақсы білер едің). If it were summer we would go to the mountains (Егер жаз болғанда біз тауға барар едік).
If he asked for I should help him (Ол өтінсе, мен көмектесер едім).
Екінші, үшінші жақ түрлері «would» көмекші етістігі мен негізгі түбір етістіктің «to» шылауынсыз келген формасы арқылы жасалады.
If he asked for you would help (Ол өтінсе, сіз көмектесер едіңіз).
If he asked for Asan would help (Ол өтінсе, Асан көмектесер еді).
Қазіргі ағылшын тілінде «should» етістігінің орнына «would» етістігін қолдану жағдайлары көптеп кездеседі және ол айтушы­ ның тілегін білдіреді.
You would help Asan (Сіз Асанға көмектесер едіңіз).
Жай сөйлемде қалау райдың 1­ші түрі іске аспайтын іс­әре­ кетті білдіреді, яғни айтушының ойын, тілегін, қалауын өткен, осы, келер шақта (белгілі бір жағдайға, шартқа байланысты іске асуы мүмкін болатын іс­әрекетті) білдіреді.


Еск ер т у. Қалау райдың 1­ші түрі шартты бағыныңқылы құрма­ лас сөйлемдерде іске аспайтын шартты білдіреді.
Қалау райдың 2­ші түрі. Егер іс­әрекет өткен шаққа қатысты болса, онда қалау рай жедел өткен шақ формасында келеді, яғни «should (would)» етістіктерінен кейін келетін негізгі етістік жедел өткен осы шақ формасында тұрады. Қалау райдың бұл формасы өткен шаққа қатысты болады да, іске аспайтын іс­әрекетті білдіреді.
If you had worked hard at English at school you would have
spoken English well (Егер сіз мектепте ағылшын тілінен көп жұмыс істегенде, ағылшын тілін жақсы сөйлейтін едіңіз).

Қалау райдың уақытқа қатысты шақ формасы жоқ. Қалау райда келетін шақ формалары іс­әрекеттің мезгілін тек сол сөйлеп тұрған уақытқа қатысты білдіреді.


Еск ер т у. Шақтардың қиылысуы қалау рай формасында берілген төлеу сөзге қатысты қолданылмайды.

  1. Alim said that she would help him if he asked her (Әлім егер ол өтінсе, өзінің көмектесетінін айтты).

Бұл сөйлемде қалау рай іске аспайтын іс­әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейінгі мезгілге қатысты екенін білдіріп тұр).

  1. Alim said that she would have helped him if he had asked her (Әлім егер ол өтінгенде, өзінің көмектесетіндігін айтты).

Бұл жерде қалау рай іске аспаған іс­әрекеттің сөйлеп тұрған уақыт­ тан бұрын болғанын білдіріп тұр. Демек, қалау райдың формалары төл сөзде де, төлеу сөзде де бірдей қолданыла береді.

Етістіктің төмендегідей қалау рай формасы бар:



    • Шартты бағыныңқылы (іске аспайтын шарт) құрмалас са­ лалас сөйлем құрамында, құрмалас сабақтас сөйлемнің басыңқы сөйлемі қалау райдың І түрінде, ал шартты бағыныңқылы сөйлем қалау райдың екінші түрінде болады.

If we had had more time, we should have considered all the suggestions (Егер біздің уақытымыз көбірек болғанда, біз барлық ұсыныстарды қарап көретін едік).

    • Модаль етістігі арқылы жасалған қалау рай формасы. Ағылшын тілінде қалау рай формаларында «could, might»

модаль етістіктері келеді. Егер сөйлем өткен шаққа қатысты бол­ са, модаль етістігінен кейін негізгі етістік жедел өткен осы шақ формасында келеді. «Could, might» модаль етістіктері басыңқы сөйлемде де келе береді.
I could do it today, if I had any free time (Егер уақытым болса, мен мұны бүгін істер едім).
I could have done it yesterday, if I had known that the matter was agreed (Егер мәселенің келісілгенін білгенде, мен мұны кеше орындаған болар едім).
Еск ер т у. Шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемде басыңқы, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары әртүрлі шаққа қатысты болуы мүмкін. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақта, басыңқы сөйлемнің баяндауышы осы шаққа не келер шаққа қатысты немесе керісінше, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы осы шаққа қатысты, басыңқы сөйлем өткен шаққа қатысты болуы мүмкін.
If the railway station were neerer, we should have got there long ago (Егер темір жол бекеті жақынырақ болғанда, біз онда көп уақыт бұрын барған болар едік).
Шартты бағыныңқылы сөйлем мен қалау рай формасындағы баян­ дауыш жалғаулықсыз да (түсіп қалып) байланысуы мүмкін.
Had he had free time, he would have attended the lectures (Егер оның бос уақыты болғанда ғой, ол лекцияға қатысатын еді). Were he in Astana he would take part in the discussion (Егер ол Астанада болса ғой, талқылауға қатысар еді).

Етістіктің тиянақсыз формаларының (заттанған етістіктердің) рай категориясы болмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет