Жай сөйлемде қалау райдың аналитикалық формасына қара ғанда синтетикалық формасы жиі қолданылады.
Қалау райдың осы шақ формасы жай сөйлемдерде мынадай мағынаны білдіреді:
Біреудің қалауын, үмітін, тілегін білдіргенде қолданылады: Be peace on our country! (Елімізде бейбітшілік болсын (жасасын)!)
Luck and fortune attend him! (Бақытың жансын!) (Жолың болсын!)
Ант қабылдағанда, бір нәрсеге тыйым салғанда қолданылады: Kidnappers be punished! (Кісі ұрлаушылар жазалансын!) Off terrorism! (Терроризм жойылсын!)
Қалау райдың өткен шақ формасы іске аспайтын ісәрекетті білдіргенде лепті сөйлемде қолданылады.
If only he were alive now! (Ол қазір тірі болса ғой!)
If only he were here himself! (Оның өзі осы жерде болғанда ғой!)
«would» және осы шақ, бұрынғы жедел өткен шақ тіркес
тері сенімді, сенімсіздікті, белгілі бір жағдайды болжағанда қолданылады.
I would help you by all means (Мен сізге, ештеңеге қарамастан, сөз жоқ, көмектесер едім).
Asem wouldn’t mind it (Әсем бұған қарсы болмас еді). He would’t dare to do so (Оның бұлай істеуге жүрегі дауаламас еді).
In my childhood I would’t have realized it (Жас кезімде мен мұны түсінбеген болар едім).
Why did you insist that she be absent? What would have been use of that? (Неге ол болмасын деп тұрып алдың? Одан не пайда шықты?)
«Should» етістігі мен осы шақ жедел өткен шақ формасының тіркестері адамның бірнәрсеге наразылығын, ренішін білдіреді.
Why should we follow him? (Біз неге оны тыңдауымыз керек? )
Why should they discuss about it? It is a law for all citizens (Олар неге бұл жөнінде талқылауы керек?) (Бұл жұрттың бәріне бірдей заң емес пе?)
Достарыңызбен бөлісу: |