Грамматикасы



бет7/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

ЗАТ ЕСІМНІҢ КӨПШЕ ТҮРІ


Саналатын зат есімдердің жекеше және көпше түрі бар.
Қазіргі ағылшын тілінде зат есімнің жекеше түрі жұрнақсыз түбір сөзден тұрады.
Зат есімнің көпше түрі түбір сөзге «-e(s)» жұрнағы жалғану арқылы жасалады және бұл жұрнақ түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты [z], [s], [іz] болып түрліше оқылады:

  • егер түбір сөз дауысты дыбысқа немесе ұяң дауыссыз ды­ быстарына аяқталса, онда түбір сөзге [s] жұрнағы жалғанып, [z] болып оқылады. Мысалы: tіe+s; pen+s; bag + s;

  • егер түбір сөз қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталса, онда көптік жалғауының «s» жұрнағы жалғанып, қатаң [s] болып оқылады: book + s; іnstіtute + s; sock+s;

  • егер түбір сөз (ысқырықты) «-s, -ss, -ch, -tch -sh, -x» әріпте­ ріне аяқталса, мұндай сөздерге көптік жалғауының [«­es»] жұр­ нағы жалғанып, [іz] болып оқылады, bus+es, class+es, bench+es, watch+es, dish+es, box+es.

Сонымен қатар ағылшын тілінде бірқатар зат есімдердің (кө­ не ағылшын тілінен сақталып қалған) көпше түрі түбір сөздің құрамындағы әріптердің өзгеруі арқылы да жасалады. Түбір сөз­ дің құрамында төмендегідей дыбыстық өзгерістер арқылы зат есімнің көпше түрі жасалады:

  • көпше түрі түбір сөздің құрамындағы дауысты дыбыстың өзгеруі арқылы жасалатын зат есімдер: man men, woman wom- en, foot – feet, tooth – teeth, mouse – mice;

  • түбір сөзге «-en» жұрнағы жалғану арқылы жасалған зат есімнің көпше түрі: ox – en;

  • зат есімнің түбір сөзге «-ren» жұрнағы жалғану арқылы жасалған көпше түрі: chіld – chіldren (бұл сөзде түбірдегі дауысты дыбыстың айтылуы да өзгереді);

  • дауыссыз дыбыстың оқылуының өзгеруі және «e(s)» жұрна­ ғы арқылы жасалған көпше түр формасы (түбірдің соңғы дыбы­ сының өзгеруі арқылы жасалған):

[s – z ] [θ – θz] house – houses bath – baths


mouth – mouths






[f – vz]




half – halves

leaf – leaves

shelf – shelves

knіfe – knіves

loaf – loaves

wіfe – wіves

lіfe – lіves

thіef – thіeves

wolf – wolves



Еск ер т у. 1. Truth – truths, youth – youths, hoof – hoofs (hooves), scarf scarfs (scarves) сөздерінің көпше түрінің екі түрлі жазылу, оқылу ережесі бар);
2. Chief – chiefs, death – deaths roof – roofs (бұл сөздердің көпше түрінде түбір сөздің соңғы әрпі өзгеріске ұшырамайды.



  • ағылшын тілінде кейбір зат есімдердің көпше және жекеше түрлерінің формасы бірдей болады: deer deer, sheep sheep, fish

fish.
Грек, латын тілінен енген кейбір сөздерде зат есімнің көпше түрінің сол тілдегі жасалу жолы сақталған.
Грек тілінен енген сөздер:

Жекеше түрі

Көпше түрі

basіs

bases

crіsіs

crіses

analysіs

analyses

thesіs

theses

phenomenon

phenomena

criterion

criteria

Латын тілінен енген сөздер:

Жекеше түрі

Көпше түрі

datum

data

formula

formulas

medіum

medіa

serіes

serіes

Мұндай зат есімдер көбінесе ғылыми тілде көптеп қолданы­ лады. Кейбір сөздерде зат есімнің көпше түрінің екі түрлі жасалу тәсілі қатар қолданылады:


аntenna, antennas; formula, formulas; memoranda, memorandums.
Саналмайтын зат есімдер екі топқа бөлінеді.
Тек қана жекеше түрде қолданылатын саналмайтын зат есімдер
a) материалдық зат есімдер: air, milk, sugar, wood;
ә) абстрактілі (дерексіз) зат есімдер: anger, courage, weather, information;
б) кейбір жинақтық зат есімдер: lіnen, furnіture, machіnery. Тек қана көпше түрде қолданылатын зат есімдер:
а) екі бөліктен (жұп бөліктерден) тұратын заттардың аттары:
gloves, scissors, shorts;
ә) жинақтық зат есімдер: clothes, incredients, memories, savings;
б) сын есімнен жасалған кейбір зат есімдер: goods, sweets, news;
в) ауру аттары: he suffere of from measles in his childhood.


Еск ер т у. Кейбір зат есімдерде «-s» жұрнағы көптік жалғау ма­ ғынасын жоғалтып, жекеше түр ретінде түсініледі. Бұл «-ics» жұрна­ ғына бітетін ғылым аттарына тән. Мысалы: physics, politics, phonetics.

Күрделі зат есімдердің көпше түрі әртүрлі тәсілдермен жасалады:



  1. Әдетте зат есімнің көпше түрі түбір сөзге «-s» жұрнағы жалғану арқылы жасалады: father­in law – fathers in law, passer­ by – passers­by.

  2. Кейбір күрделі зат есімдердің көпше түрінде «-s» жұрнағы екінші элементіне жалғанады: boy­friend – boy­friends; watch maker – watch makers.

  3. Егер күрделі зат есімнің құрамында атауыш сөз болмаса,

«-s» жұрнағы түбір сөздің соңғы элементіне жалғанады: forget­ me­not – forget­me­nots; marry­go­round – marry­go­rounds.

  1. «Мan, woman» сөздері күрделі зат есімнің бірінші элементі болса, бұл жағдайда жоғарыда айтылған ережеге бағынбай, «man, woman» сөздері ғана көпше түрде беріледі:

Man doctor – men doctor. Woman teacher – women teacher.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет