Модаль етістіктер өзіндік семантикалық және грамматика лық ерекшеліктері бар көмекші сөздердің аз ғана тобын құрайды. Негізгі модаль етістіктерге «саn (could), mау (mіght) must, need, ought, should, wіll (would)» сөздері жатады.
Сонымен қатар модаль етістіктердің баламасы (эквиваленті) болатын етістіктер «to be (to), to have to» мен «to be able to» сөз тір кестері бар. Морфологиялық құрылымы жағынан бұл етістіктер модаль етістіктерден өзгеше болғанмен, олардың мағынасы мен қызметі жағынан ұқсас жақтары көп. Модаль етістіктердің басқа етістіктерден айырмашылығы олар етістіктер сияқты ісқимыл, әрекетті білдірмей, мүмкіндікті, қажеттілікті біреудің қалауын, болжамын, тілегін білдіретін абстактілі модальдік мағынаны білдіреді.
Сондайақ модаль етістіктер адамның әртүрлі эмоциялық кө ңілкүйін, яғни күмәндану, таңдану, қарсылықты т.б. мағыналар ды білдіреді. Сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай модаль етіс тіктер көмекші сөздер болып табылады. Олардың ісәрекетті емес, модальдік мағынаны білдіруіне байланысты модаль етістіктер ешуақытта жеке тұрып, сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар бар лық уақытта негізгі етістіктің тұйық формасымен тіркесіп келіп, күрделі модальді баяндауыштың бөлігін құрайды.
She can speak English well (Ол ағылшынша жақсы сөйлей алады).
You must work hard to speak English well (Ағылшын тілінде жақсы сөйлеу үшін сіздің көп жұмыс істеуіңіз керек).
Тұйық етістік тіркесіп келген модаль етістік әртүрлі формада тұруы мүмкін. Модаль етістіктер негізгі шақ формалары мен рай грамматикалық категориясын білдіреді.
Ашық райда модаль етістіктердің екі шақ (осы шақ, өткен шақ) формасы бар: can - сould, may - mіght, wіll - would.
Қалау рай формасы could, might, would етістіктері арқылы беріледі.
Кейбір «must, should, ought» сияқты модаль етістіктердің бір ғана өзгермейтін формасы бар.
Модаль етістіктер толыққанды етістіктер болып есептелмейді, өйткені олардың етістікке тән төмендегідей грамматикалық фор малары жоқ:
модаль етістіктерге белгісіздік осы шақ формасында 3ші жақ жекешеде «-s» жұрнағы жалғанбайды, яғни модаль етістіктер жаққа жіктелмейді.
барлық модаль етістіктердің тиянақсыз (заттанған) түрі және аналитикалық формалары жоқ.
модаль етістіктерден кейін келетін негізгі етістік «to» шылауынсыз келеді. («ought, need») модаль етістіктерінен кейін келетін негізгі етістік «to» шылауымен келеді).
Модаль етістіктердің көпшілігінің бірнеше мағынасы бар. Олардың кейбір мағыналары сөйлемнің барлық түрінде кездеседі. Ал кейбір мағыналары сөйлемнің коммуникативтік типіне қарай (хабарлы (болымды), болымсыз, сұраулы сөйлемдерде) өзгеріп
отырады. Модаль етістіктердің әртүрлі мағынасы тұйық етістіктің әртүрлі формасымен сәйкес келеді. Егер модаль етістіктердің біреуден көп формасы болғанмен, («can-could, may-mіght, wіll- would, to have, to be») олардың барлық формалары бірдей әртүрлі мағынаны білдіре бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |