Грамматикасы



бет73/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

«May» модаль етістігі
«Мау» модаль етістігі мынадай мағыналарды білдіру үшін қолданылады:

    • Белгілі бір жағдайға байланысты мүмкіндікті білдіреді. Бұл мағынада хабарлы (болымды) сөйлемдерде негізгі етістіктің осы шақ формасымен (инфинитив – етістіктің тұйық түрі) «may (mіght)» етістігі келеді.

From the university you may get to my place by any bus (Университеттен менің үйіме дейін кез келген автобуспен келуіңе болады).
But you cannot get by underground station (Бірақ метромен келе алмайсыз).
«Мау» етістігі болымсыз сөйлемдерде күмәнді (күдікті), мүмкіндікті білдіру үшін қолданылады.
It may or may not rain tomorrow (Ертең жаңбыр жаууы да, жаумауы да мүмкін).
The matter may not be so difficult as they imagine (Бұл мәселе олар ойлағандай сонша қиын болмауы мүмкін).
Қалау райдың «mіght» етістігі мен жедел өткен шақ формасын­ дағы негізгі етістіктің келуі белгілі бір жағдайларға байланысты іс­әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді.
Damir might have failed his exam if he hadn’t worked much (Көп еңбек етпегенде, Дамир емтиханнан құлап қалатын еді).

    • Күмәнді болжамды білдіреді. Бұл мағынада болымды және болымсыз сөйлемдерде негізгі етістіктің жаққа жіктелмеген тү­ рінің (инфинитив) барлық шақ формасында кездеседі. Бұл «per- haps, may be» сөздердің баламасы. «may/mіght» етістігі мен негізгі еістіктің осы шақ немесе созылмалы шақ формасы осы шақ пен келер шаққа қатысты іс­әрекеттің іске асуына айтушының күмәнін білдіреді.

It will rain tomorrow (Ертең жаңбыр жауады). It might still rain (Әлі жаңбыр жаууы мүмкін).
The little boy may/might not know how to get home (Кішкентай бала үйіне қалай баратынын білмейтін де шығар).
He may/might be loosing the way (Ол адасып жүрген шығар).
Бірақ та өткен шаққа қатысты іс­әрекетті білдіргенде, тек қана «mіght» етістігі келеді. Мына сөйлемдерді салыстырып қарастырсақ:
My father said, «I may/might get my salary today» (Менің әкем айтты: «Мен бүгін жалақымды алатын шығармын»). My father said that he might get his salary that day (Менің әкем сол күні жалақысын алатын шығармын деген).
«May (mіght)» етістігі болжау мағынасын білдіргенде сұраулы сөйлем түрінде келмейді. Оның орнына әдетте өткен «do you thіnk?» немесе «Іs he lіkely?» тіркестері келеді.
Is she likely to finish her translation by herself? (Ол аударманы өзі бітіре алатын сияқты ма?)
Do you think he will tell us the truth? (Ол бізге шындықты айтады деп ойлайсыз ба?)
«May(mіght)» етістігі мен негізгі етістік жаққа жіктелмеген жедел өткен шақ, жедел өткен созылмалы шақ формасы өткен уақытқа қатысты іс­әрекетті көз алдына елестеткенде қолданы­ лады.
They may/ might have finished their classes (Олардың сабағы аяқталған шығар).
He may/might have been visiting his friends (Ол достарына барып жүрген шығар).
I think he may/might have been ill (Мен ол ауырып қалған шығар деп ойлаймын).
«Mіght» етістігі негізгі етістік өткен шақ формасында болғанда келеді.
We thought our team might have won the game (Біз өзіміздің командамыз ойында жеңетін шығар деп ойлағанбыз).
Іс­әрекеттің жүзеге аспағанына ешбір күдік жоқ жағдайда тек
«mіght» етістігі қолданылады.
You have passed all your exams after all (Енді ғана емтихандарыңды тапсырып болдың­ау).
You shouldn’t have wasted your time (Уақытыңды босқа өткізбеуің керек еді).
You might have failed the exams (Емтиханнан құлап қалуың мүмкін еді).
Егер болған жағдайды (іс­әрекетті) өзгерте алмайтын не тексере алмайтын жағдайда да «may» етістігі емес, тек «mіght» етістігі келеді.
The boy should have taken the medicine (Балаға дәрі ішуі керек еді).
He might have been better (Сонда жағдайы жақсаратын еді).
If he had followed the doctor’s advice, he might have recov- ered earlier (Дәрігердің кеңесін тыңдағанда, әлдеқашан жазылып кететін еді).

    • Өтінішті, рұқсатты білдіреді. Бұл мағынада жұмсалғанда болымды, сұраулы сөйлемдерде «may» етістігі келеді. «Мау І» сұрағына болымсыз жауап бергенде, әдетте «can’t» формасы келеді, өйткені «may nоt» формасы ресми тілде келмейді. Ресми рұқсатты білдіргенде «may» етістігі қолданылады, ал бейресми түрінде «саn» етістігі келеді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет