May I open the window? (Терезені ашуға бола ма?)
– Yes, you may (No, you can’t) (Ия, болады) (Жоқ, болмайды).
You may/ can open the window (Сізге терезені ашуға болады).
Pupils may not go out in late hours (Оқушыларға кешкі мезгілде далаға шығуға болмайды).
Біреуден өте сыпайы түрде рұқсат сұрағанда «Мау І» форма сының орнына «Mіght І» формасы қолданылады.
May/might I speak to Asyl? (Асылмен сөйлесуге бола ма?)
Айтушы хабарлы (болымды) сөйлемдерде жай өтініш сұра ғанда немесе қарсылықты білдіргенде, «mіght» етістігі қалау рай формасында келеді.
You might attend all the lectures in History (Сіздің тарихтан барлық лекцияға қатысуыңызға болар еді).
«Mіght» етістігінен кейін негізгі етістік жедел өткен шақ формасында (Perfect Infinitive) келгенде, өткенде болуға тиіс, жүзеге аспаған ісәрекетке айтушының ренішін білдіреді.
You might have waited for us a little (Бізді шамалы уақыт күте тұрғаныңызда (тұруыңызға) болатын еді ғой).
«May (mіght) as well» тіркесі.
(a) «І may as well» және тұйық етістік тіркесі біреудің ынта сын, мүддесін әсерлі және жағымды жеткізудің бір жолы болып табылады.
I may as well buy it for myself (Мен мұны өзіме сатып алғаным дұрыс шығар).
Сонымен қатар бұл форма екінші, үшінші жақта айтылғанда да ісәрекет етуге ақылкеңес беру, ұсыныс жасау үшін қолданылады.
You may as well send him a letter (Сіздің оған хат салғаныңыз дұрыс /жөн).
Cондайақ осы мағынаны білдіргенде «may» етістігінің орны на «mіght» етістігі де келе береді.
I might as well have a rest (Менің демалғаным дұрыс болар).
ә) «Might just as well as» тіркесі айтушыны бір ісәрекеттің орнына оның баламасы ретінде екінші ісәрекетті орындауға кеңес бергенде қолданылады.
I’ll buy this blue dress (Мен мына көк түсті көйлекті аламын).
You might as well choose more bright colour to match with your handbag (Сен одан да өзіңнің қол сөмкеңе сәйкес
келетін ана ашықтау түсін алғаның дұрыс).
He might just as well finish his study (Одан да оған, алдымен, оқуын бітіріп алғаны дұрыс қой).
That is too far different thing (Ал бұл мүлде басқа мәселе). You might just as well clear up with the first one (Сіздің, алдымен, біріншісін дұрыстап түсініп алғаныңыз дұрыс).
Достарыңызбен бөлісу: |