Грамматикасы


«Can, may» модаль етістіктерінің білдіретін мағыналарын салыстыру



бет75/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

«Can, may» модаль етістіктерінің білдіретін мағыналарын салыстыру


І. Бұл модаль етістіктердің екеуі де белгілі бір жағдайға байла­ нысты іс­әрекеттің жүзеге асу мүмкіндігін білдіреді. Дегенмен бұл мағынада жұмсалғанда олардың төмендегідей ерекшелікте­ ріне байланысты бір­бірінің орнына алмасып қолданылмайды.

    • «Can» модаль етістігі анық іске асатын мүмкіндікті білдірсе,

«may» етістігі шектеулікті, аз мүмкіндікті білдіреді.
You may support him when he is in difficult situation, but you cannot support him the whole life (Сіз оған қиын жағдайда қол ұшын бере аласыз, ал бірақ сіз оған өмір бойы қолдау көрсете алмайсыз ғой).
The child may eat several pieces of candies, but he cannot eat the whole box of it (Бала бірнеше түйір тәтті жеуі мүмкін, ал бірақ бір қорап кәмпитті түгел жеуі мүмкін емес).

    • Бұл мағынада (мүмкіндікті білдіретін мағынада) «may» етіс­ тігі хабарлы сөйлемде көбірек қолданылады, ал «can» етістігі сөйлемнің барлық түрінде келеді.

You may (can) take one of the books (Сізге мына кітаптардың біреуін алуға болады).
Бірақ та болымсыз сөйлемде «may» етістігі қолданылмайды, оның орнына «can» етістігі келеді:
You can’t take all of the books (Сіз мына кітаптардың бәрін ала алмайсыз).
I may as well buy it for myself (Мен мұны өзіме сатып алғаным дұрыс шығар).
Шақтың түріне қарай да олардың бір­бірінен айырмашылығы бар. «May» етістігі осы шаққа, келер шаққа қатысты қолданылады.
«Can/could» етістігі осы шақ, келер шақпен қатар, өткен шаққа да қатысты қолданылады.
You may (can) buy tickets at any booking offices (Сіз кез келген кассадан билет сатып ала аласыз).
You may (can) book tickets at a booking office tomorrow (Сіз ертең кассадан билет ала аласыз).
I could buy tickets at a booking office near my house yesterday (Мен кеше үйдің жанындағы кассадан билет ала алдым).
ІІ. Бұл етістіктердің екеуі де рұқсат ету мағынасын білдіреді. Олардың екеуінің арасындағы айырмашылық мағынасына қара­ ғанда стиліне көбірек қатысты: «may» етістігі ресми тілде көбі­ рек келеді, ал «can» етістігі ауызекі сөйлеу тілінде көптеп кезде­ седі. Бұған қоса «may» етістігі болымсыз сөйлемде тыйым салу мағынасында көп қолданылмайды.
Can I put my luggage here? (Маған жүгімді мына жерге қоюға бола ма?)
Yes, you can. No, you can’t (Ия, болады) (Жоқ, болмайды). May I take back the books next week? (Кітаптарды келесі аптада қайта алуға бола ма?)
Yes, you can. No, you can’t (Ия, болады) (Жоқ, болмайды).
ІІІ. Болжам мағынасында да, күдіктің әртүрлі деңгейін білдір­ генде де бұл етістіктердің арасында айырмашылық бар. Мысалы мына екі сөйлемді салыстырып қарайтын болсақ, олардың ара­ сындағы айырмашылықты анық байқаймыз:
He may take the book (Оның кітапты алып кетуі мүмкін). He can’t take the book (Оның кітапты алып кетуі мүмкін емес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет