Грамматикасы



бет76/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

«Must» модаль етістігі
«Must» модаль етістігі мынадай мағыналарды білдіреді:

    • Орындалуға тиісті, міндетті, қажетті деген мағынаны біл­ діреді. Бұл мағынасында «must» етістігінен кейін негізгі етістік белгісіздік осы шақ формасында және белгілі бір уақытқа және шаққа қатысты іс­әрекетті білдіреді.

We must get prepared everything for a trip beforehand (Саяхатқа керекті нәрселердің бәрін алдын ала дайында­ уымыз керек).
We are out of milk. We must buy some (Бізде сүт таусылып қалды. Сүт сатып алу керек).
Басыңқы сөйлемнің баяндауышы өткен шақта тұрса да, төлеу сөзде «must» етістігі осы шаққа қатысты қолданылады.
The guide said we must wait for him there (Жолбасшы бізге осы жерде оны күтуіміз керек екенін айтты).

    • «Must» етістігі болымды және сұраулы сөйлемдерде қажетті, тиісті, міндетті деген мағынаны білдіреді, ал болымсыз форма­ сында тыйым салу мағынасын білдіреді.

You mustn’t keep books from the library long (Сізге кітапхананың кітабын көп ұстауға болмайды).
Children mustn’t work more than four housr a day. (Балаларға күніне төрт сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды).
«Қажеті жоқ, керегі жоқ» деген мағынаны білдіргенде
«mustn’t» етістігінің орнына «needn’t» формасы келеді.
Must we come at 5 o’clock? (Біз сағат бесте келуіміз керек пе?) Yes, you must (Ия); No, you musn’t (Жоқ, болмайды); No, you needn’t (Жоқ, қажеті жоқ).

    • Ықтималдылықты, болжамды білдіреді. Мұндай мағынада іске асу мүмкіндігі жоғары, тіпті анық болжамды білдіреді. О сы мағынада қолданылғанда «must» етістігі «evidently, obviously, ap- parently, certainly, surely» модаль сөздері немесе «most likely, most probably» т.б. сөз тіркестерінің мағынасына жақын және синоним­ дес болады. Бұл мағынаны білдіргенде «must» етістігінен кейін келетін негізгі етістік әртүрлі шақ формасында келуі мүмкін.

Егер іс­әрекет осы шаққа қатысты болса, әдетте негізгі етістік созылмалы шақ формасында келеді.
They must be having classes now (Оларда қазір сабақ болып жатқан болу керек).
He must be giving a talk (Ол баяндама жасап жатқан болу керек).
Дегенмен созылмалы осы шақ формасында келмейтін етіс­ тіктер белгісіздік осы шақтың тұйық формасында (жаққа жіктелмеген түрінде) келеді.
His father must have retired (Оның әкесі зейнетке шыққан болу керек).
He must be about sixty (Ол алпыстар шамасында болу керек).
You must be angry with me (Сіз маған ренжіген болуыңыз керек).
«Must» етістігі мен негізгі етістік жедел өткен шақта (The Perfect Infinitive) тіркескенде өткен шаққа қатысты іс­әрекетті білдіреді.
They must have left for Astana (Олар Астанаға кетіп қалған болу керек).
She must have passed all her exams (Ол бар емтиханын тапсырып болса керек).
«Must» етістігі мен негізгі етістік жедел өткен созылмалы шақта тіркесіп келгенде өткенде басталған, сөйлеп тұрған уақытпен ұласып жатқан іс­әрекетті білдіреді.
The scientists must have been working at this problem for many years (Ғалымдар көп жылдар бойы осы мәселемен айналысып жатқан болу керек).
There is so much snow in the outside (Далада қар көп).
It must have been snowing all night (Түні бойы қар жауған болу керек).
Бірақ та «must» модаль етістігінен кейін созылмалы шақта келмейтін етістіктер тұрса, ол етістіктер жедел өткен шақ форма­ сында келеді.
Marat must have been out (Марат үйде жоқ болу керек). She must have known the truth (Ол шындықты білетін болу керек).
«Must» етістігі болжалдық мағынада келер шаққа қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда оның орнына синонимдес сөз тіркестері келеді.
It will probably rain tomorrow (Ертең жаңбыр жауатын болу керек).
He is likely to be ill (Ол ауырып қалған сияқты).


Еск ер т у. «Must» етістігімен қатар болымсыз мағынада болжам­ ды білдіру үшін басқа да лексикалық тәсілдер қолданылады.
He must have failed his exam (Ол емтиханын тапсыра алмаған болу керек).
She must have arrived in Astana (Ол Астанаға жеткен болу керек). You must have understood the idea of this story (Сіз бұл әңгіменің мәнін түсінген болуыңыз керек).
Somebody must have helped him with the task (Оған біреу тапсырманы орындауға көмектескен болу керек).

    • Көптеген тұрақты тіркестерде «must» етістігінің модальдық мағынасы көмескіленген. Мұндай тіркестер көбінесе баяндамада, ғылыми еңбектерде, ауызекі тілде (ресми емес) қонаққа шақыру т.б. қолданылады.

We must say that the problem is being discussed by scien­ tists all over the world (Біз бұл мәселені бүкіл дүниежүзі ғалымдары талқылап жатқанын айтпақпыз (айтуымыз керек).
You must visit and enjoy the beauty of our city (Сіз біздің қаламызға келіп, оның әсемдігін тамашалаңыз).
I must tell you that it is a global problem for all (Мен мұны барлық халық үшін әлемдік (деңгейдегі) мәселе демек­ шімін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет